Жұма, 07 Маусым 2024 14:52

Ашынғаннан шығады ащы даусым

немесе әлеуметтік желідегі ауыл тобының  жанайқайы

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында: «...Әр азамат Отанға деген сүйіспеншілігін сөзбен ғана емес, нақты іспен көрсетуі қажет. Тәуелсіздігіміздің қадір-қасиетін терең сезініп, оны бағалай білуі керек. Біз әділетті отаншыл, адал азаматтардың күш-жігерін үйлестіріп, жұмылдыру және халқымыздың мәдени кодын үнемі заман талабына сай бейімдеп отыру арқылы ғана ең маңызды міндетімізді орындай аламыз, яғни қастерлі Тәуелсіздігімізді сақтап, нығайта түсеміз», – деп жергілікті билік пен халықтың тығыз байланыста әрекет жасап, туындаған мәселелерді бірлесіп шешкенде ғана іс алға басатынын меңзеді. 

Қазіргі технологияның дамыған заманында әлеуметтік желілерде, көбінесе, халық пен биліктің арасында ортақ шешімге келе алмаушылық, әділетсіздік, алаяқтық, жемқорлық, көзбояушылық сияқты мәселелер төңірегінде дау-дамай туындап жатады. Президентіміз: «...Біздің күшіміз – бірлікте... ынтымақта...», – деп  негізгі ел құндылықтарын айта келе, «Келесі құндылық – әділдік және жауапкершілік. Шын мәнінде, бұл мемлекеттің де, қоғамның да айнымас темірқазығы болуға тиіс. Барлық салада әділдік болса, әлеуметтік теңдік орнайды...», – деп ойын түйіндеп айтқаны тағы бар. Сонда ғана экономикамыз өрлеп, әлеуметтік жағдай да арта түсетініне көз жеткізді.

Әлеуметтік желідегі әңгіменің арқауы – Шелек ауылының «Елім дейтін ер болса, ел азбайды. Жерім дейтін ер болса, жер тозбайды» тобы. Оның әкімшісі Дәурен Бақберген деген азамат. Бұл топтың өзге топтардан өзгешелігі – өздері өмір сүріп отырған елді мекеннің кемшіліктерін ғана тізіп айтпай, оны түзетудің, шешімін табудың да мәселелерімен айналысатын бірегей топ. Бұл топтың ашылғанына үш айдан енді ғана асқан. Қысқа мерзім ішінде, ауылда орын алған мәселелерді шешу, кемшіліктерді  түзетуге біршама үлес қосты.

Ақпан айында ауылдың батыс жағындағы қоқыс мәселесін көтеріп, ондағы өрескел кемшіліктердің бетін ашып, жария еткен. «Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды» демекші, жауапты органдар құры шөппен ауыз сүркені болмаса, баяғы жартас сол жартас күйінде қалды. Қаңғыбас иттер мәселесі де ушығып кетті. Ауылдың солтүстік-шығыс жағында орналасқан Ә.Молдағұлова атындағы мектеп пен сол жақтағы балабақшаға бастайтын жолдың жарықсыз қараңғы әрі жүргінші жүретін тротуардың жоқтығы балалар өміріне қауіпті екені талай рет ескертілгенінен еш шара қолданылмай келіпті. Содан топ мүшелері өздері сайлаған халық қалаулылары – аудандық мәслихат депутаттарына арыз жазып, аманаттапты. Әлеуметтік желідегі топ әкімшісі Дәурен бұл туралы:

– Өзіміз сайлаған депутаттар өздері белгілеген кесте бойынша, әр тоқсан сайын – наурыз, маусым, қыркүйек, қараша айларының соңғы бейсенбі және жұма күндері тұрғындарды қабылдау керек еді. Олар халықпен бір рет те кездеспеді. Содан шешімін таппаған мәселелерді, Шелек ауылынан сайланған үш депутатқа өтініш жазып, бөліп бердік. Сайра Базильбековаға қоқыс мәселесін айтып едік, бұл мәселені мәслихат отырысында көтеріп, мәселені шешті. Сондай-ақ, жалақысын ала алмай жүрген жұмысшыларға да қол ұшын созып, өтініштерін қанағаттандырды. Ал екі депутат – Ринат Беков пен Камшат Карагулованың біріне қаңғыбас ит мәселесін, екіншісіне көшеге жарық орнату мен жүргінші жолын салдыру мәселесі аманатталып еді, аяқсыз қалды, – деп бар жағдайды айтты.

Шелек ауылында соңғы жылдары көптеген игі істер қолға алынуда. Мәселен, газ құбырлары тартылуда, саябақтар абаттандырылып, күтімге алынуда. Жаңа мектеп салынып, ескілері күрделі жөндеуден өткізілуде. Жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып, ел игілігіне берілді. Кәріз және ауызсу құбыр жүйелері тартылуда. Бәрі ел игілігі үшін болған соң, оның сапасы да басты назарда болуы шарт. Дегенмен, «әттеген-айлар» да кездесіп, тұрғындарды қынжылтуда. Мұндай кемшіліктер ауыл тобының назарынан тыс қалмай, ашынғаннан ащы дауыстары да шығып жатыр. Ондай «әттеген-айларды» ауыл, аудан әкімдерінің назарларына жеткізіп жүргендер де – осы топ мүшелері.

Су, кәріз жүйелерін жаңғырту бойынша барлық көшелерде жұмыс қызу жүргізілгенмен, сапа жағы ақсап жатқанын да осылар бақылап, кемшіліктерін көрсетуде. Қазылған жерлерді қайта көмгенде, тапталмай, жауын-шашын күндері ойылып, тұрғындар батпаққа батып, ашық күндері шаңы бұрқырап, тіпті, автокөліктердің доңғалақтары орға омақасып жатқан жағдайлар да кездесуде. Ал құбыр астына құм төселіп, тегістелмей, асығыс жасалып жатқан шала жұмыстар қаншама. Оған бақылау да мардымсыз, жұмысшылардың жауапкершілігі де мәз емес. Бүгін іс бітсе болды, ертеңгі күнді ойлап жатқан олар жоқ. Тұрғындар осындай кемшілікті айтып шырылдайды.

Саябақтарға, көше бойларына отырғызылған ағаш көшеттері су жетіспеушіліктен қурап тұрғаны, ауыл шетіндегі көшелерге жасырын қоқыс төгіп, «ұсталмайтындар» да, кәріз суының аяқ жағы ағынды қара суға қосылып, ауаны, жерді ластап жатқан өзекті мәселелер де назардан тыс қалып жатқан жоқ. Ондайларды айтса, телефон арқылы айбат көрсететіндер де бар екен. Тұрғындар осындай кемшілікті жою үшін өздері де атсалысуға ұмтылыс танытуда. Мысалы, қаңғыбас иттерді қамайтын арнайы тор сұрап, өздері осы істі қолға алмақ болыпты. Алайда, құрғақ уәдемен уақыт созып жүргендерін, ауылға берілген 10 автобустардың неге ауыл араларына жүрмей тұрғанын Дәурен аудан әкімімен кездесуде де айтты.

Қаражотаға баратын жол бойындағы көлшік жағасын да абаттандырып, демалыс орны жасалған. Тұрғындар балаларымен серуендеп мәз болуда. Алайда, отырғызылған ағаш көшеттері қурап қалған. Ол жерге де осы топ мүшелері гүлдер, көшеттер отырғызуды өз қолдарына алды. Енді күзде не көктемде қандай ағаш көшеттерін отырғызу керектігін ақылдасып, оны да өздері жаңартпақ ниетте.

Ауылдағы көше бойында өскен көп ағаштар қартайып, тұрғындарға қауіп төндіруде. Бұл мәселе де осы топта қозғалып, оған ауылға жаңа сайланған әкім Айдарбек Дауытқұлов биыл 50 қартайған ағаштың кесілетінін хабарлап, басқа да сұрақтарға топ желісінде  жауап берді. Дәурен Бақберген оның қабылдауында болғанда олар көтерген мәселелердің өзекті екенін айтып, шетінен шешетінін айтқан. Міне, бұл – әкім мен халықтың  арасында байланыс орнады деген сөз. Бұл – жақсылықтың нышаны. Халыққа құлақ асу – іскерілікті ілгерілету кепілі емес пе?!

«Азаматына қарап, ауылын таны» деп тегін айтылмаған ғой. Әкімшілік алдағы уақытта тұрғындармен бірлесіп, өз мәселелерін шешуге атсалысса, алынбайтын қамал жоқ. Көктем-күз айлары ауыл тұрғындарын түгел сенбілікке тартуға осы ауыл тобы арқылы жүзеге асыруға әбден болады. Өйткені топтағы адамдар ауылдың әр көшесінің тұрғындары. Әр отбасы өз аулаларын тазалап, ағаш көшеттерін, гүлдерін отырғызып, үйлерінің сыртын әрлеп, қоқыстарын шығарып, ұйымшылдық танытса, үлгілі ауыл атанатыны да анық. Әр ата-ана өздері балаларына үлгі болып, заңды, тәртіпті сақтауға тәрбиелеуге міндетті. Заң баршаға ортақ, бейберекеттікке ешқашан жол бермей, адалдыққа, еңбекқорлыққа бейімдеу – әр отбасының, қоғамның міндеті. Осылар орындалғанда ғана жауапкершілікке адал ұрпақ өсетіні айқын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық құрылтайдың соңында: «Озық құндылықтар біздің болмысымыздың ажырамас бөлігіне айналуы үшін оны қоғамда жан-жақты дәріптеудің тиімді тәсілдерін іздеу, ұсыну, тарату қажет... Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік, мақсатымыз – өрлеу. Еліміз осы құндылықтарды берік ұстана отырып, даму көкжиегін сөзсіз кеңейте түспек. Ал әрбір адал адам адал еңбегімен адал табысқа жетеді», – деп сөзін қорытындылаған болатын. Олай болса, әр адам өз ауылын көркейтуге атсалысқанда ғана мақсатқа жетеді. Баршамыз өз-өзімізді басқарып, өз мәселелерімізді бірігіп шешуге жұмылайық!

 

Әлеуметтік желідегі «Шелек ауылын көркейту» тобының тағы бір тағатсыздана күткен «Ауылға бөлінген 10 автобустар өңірдегі ауылдарға қашан қызмет көрсетеді?» деген сауалына қуанышты жауап та келді. «Шелек Тұлпар» ЖШС-нің басшысы Акимжан Турсунов қазірдің өзінде «Шелек-Малыбай», «Шелек-Жаңашаруа-Асысаға», «Шелек- Ащыбұлақ» бағыттары бойынша автобустар жолға шыққанын, ал 10 маусымнан бастап «Шелек-Нұра», «Шелек-Масақ-Нұрлы», «Шелек-Қорам» бағытында, ал айдың соңынан бастап «Шелек-Қаражота», «Шелек-Ақтоған» және «Шелек-Май» ауылдары арасында автобустар қатынайтынын хабарлады.

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 1777 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет