Дүйсенбі, 29 Шілде 2024 17:13

Адам құқығы – басты орында

2013 жылдан бері 30 шілде Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні аталып өтіледі. Бұл күннің негізгі мақсаты – барлық адам баласының құқығын құрметтеу және қорғау, бейбітшілікті үндеу. Осы орайда жуырда аудандық әкімдіктің ұйымдастыруымен, Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінің алаңында «Бала – тауар емес» тақырыбында акция өтті. Аталған шараға қала тұрғындары, патронатық отбасы және отбасылық үлгідегі балалар үйінің тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері, «Жанұя» отбасын қорғау орталығы қатысты.

Іс-шара барысында ұйымдастырушылар тарапынан қатысушыларға бала саудасы туралы маңызды мәліметтер көрсетілген кітапшалар табысталды. Сондай-ақ келелі кеңестер берілді. Аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері сахна төрінде әуезді әндері мен көркем билерін паш етті. Бүлдіршін балалар асфальтқа түрлі-түсті суреттер салды.

Аудан әкімдігі аппаратының бас маманы, комиссия хатшысы Алмагүл Дүйсебекова:

– Адам саудасы – адам құқықтарын өрескел бұзу болып табылады және халықаралық заңнамады қауіпті қылмыс болып есептеледі. Сарапшылардың дерегінше әлемде 2,5 миллионға жуық адам қазіргі қазіргі заманғы құл алып-сатушылардың қолында. Жыл сайын мыңдаған ерлер мен әйелдер және балалар өз елдерінде, шетелдерде адам саудалаушылардың қолына түседі.

Адам саудасы, ҚР қылмыстық кодексінің 128 және 133 баптарында «Адамдарды еңбекке және жыныстық қанау мақсатында саудалауға тыйым салады» деп көрсетілген. Осыған байланысты, адам саудасының құрбандары бар екендігін мойындау, осы дүниежүзілік қасірет туралы хабардар болу және құрбандардың құқықтарын қорғауға көмектесу үшін бағытталған іс-шараны ұйымдастырудамыз – деді.

Шара соңында асыр салған балалардың бәріне балмұздақ берілді.

Р.НАРХАНОВ.

Оқылды 1116 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет