Бейсенбі, 05 Қыркүйек 2024 12:21

Білім күніндегі қос қуаныш: жаңа мектептер пайдалануға берілді

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының

«Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек» деген сөзі бар. Иә, ел болашағының жарқын болуы балалардың сапалы білім алуына тікелей байланысты. Осы орайда жаңа оқу жылы қарсаңында ауданымызда заман талабына сай жасақталған екі бірдей білім ошағы ашылды. Есік қаласындағы Ә.Бөкейхан атындағы және Шелек ауылындағы Ә.Қайдар атындағы  қазақ орта мектептерінің ашылу

салтанатына Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, аудан әкімі Талғат Байеділов және демеушілер «Верный Каптиал» комапаниясының бас директоры Айдан Аханов, «Болат Өтемұратов қорының»

басшысы Марат Айтмағамбетов, «Forte Bank» басқармасының төрағасы Бекжан Пирматов

қатысты.

Оқу ордасының ашылу салтанатында жұртшылықты білім күнімен құттықтаған облыс басшысы демеушілерге ризашылығын білдірді.

– Бүгін облысымызда 468 білім ордасы жаңа оқу жылын бастады. 340 мыңнан астам оқушы мектепке барды. Оның ішінде 36 мың оқушы мектеп табалдырығын алғаш рет аттады. Олардың сапалы білім алуын қамтамасыз ету үшін бүгінде облыста «Жайлы мектеп» жобасы аясында 26 білім ордасы салынуда.

Осынша білім ошағының бой көтеруі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Білім сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуы тиіс» деген тапсырмасының өңірде орындалуын көрсетеді. Бұл мектеп «Болат Өтемұратов қоры» және «Forte Bank»-тің қолдауымен бой көтерді. Атал-ған демеушілер бір жыл бойы құрылыс алаңында жүріп, мектептің сапалы салынуын өздері бақылады. Демеушілер мен құрылысшыларға айтар алғысымыз шексіз, – деген Марат Елеусізұлы Марат Айтма-ғамбетовке Алғыс хатын табыс-тады.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек те тұр-ғындарға жылы лебізін білдіріп, ұстаздар қауымына үлкен сенім артатынын айтты.

– Менің сіздерге айтар үш тілегім бар. Алғашқы тілек өзімнің әріптестерім – ұстаз-дарға арналады. Қазіргі таңда ұстаз болу оңай емес. Неге десеңіз, бұрын әр мұғалім-де үш монополия болатын. Біріншісі, назар монополиясы. Өкінішке қарай, қазір біз осы монополияны жоғалтып жатырмыз. Әлеуметтік желілер, ғаламтордағы алпауыт компаниялар баланың назарына таласып, өзіне аударып жатыр. Олардың ресурстары мен контенттерін ұстаздардікімен салыстыруға келмейді. Екінші монполия – білім. Бұрын бала үшін ең білімді адам ұстаз болатын. Қазір ғаламтор бар, кез-келген ақпаратты сол жерден алуға болады. Қазір біздің білімімізді оқушылар тексереді, интернеттен ақпарат тауып, тіпті, қатемізді түзеп отырады. Және ең басты үшінші монополия – моральдық монополия. Біздің кезімізде ұстаздар идеал болып көрінетін. Қазір ұлағат иелері моральдық мәртебесін жоғалтуда. Сондықтан, ата-аналар ұстаздармен бірлесіп, бала тәрбиесіне көңіл бөлуі қажет. Мұғалім, оқушы, ата-ана. Осы үшеуі біріксе, ұрпақтың білімді әрі тәрбиелі боларына күмән жоқ, – деді Саясат Нұрбек.

Аталған мектептің бой көтеруіне демеушілік еткен «Болат Өтемұратов қорының» басшысы Марат Темірғалиұлы білім беру саласына көрсетілген қолдау – мемлекеттің болашағына жасалған инвестиция екенін жеткізді.

– Қазіргі кезде елімізде заман талабына сай мектеп салу мәселесі өзекті болып отыр. Осы орайда, қор құрылтайшысы Болат Өтемұратов былтыр Астана маңындағы Қосшы қаласында мектеп салды. Биыл Еңбекшіқазақ ауданында зәулім оқу ордасының бой көтеруіне мұрындық болды. Бұл мектепте балалардың сапалы білім алуына, жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған. Баршамызға мәлім, былтыр осы жерде мектептің алғашқы қазығын қақтық. Демеушілер мен облыс әкімдігі бар, барлығымыз құрылыстың сапасын қадағалап, уақытында аяқталуына күш салдық. Бұның барлығы ел болашағы – балалар үшін. Құрметті оқушылар, ендігі кезекте алаңсыз білім алып, еліміздің дамуына, гүлденуіне өз үлестеріңізді қо-суға тиіссіздер, – деді Марат Айтмағамбетов.

Жаңа ғимараттың лентасын қиған қонақтар мен тұрғындар зәулім білім ордасын аралады. Мектеп жаңа форматта 900 оқушыға арналып салынған. Мектепке Есік қаласының 4,5 саяжайында тұратын 1200 оқушы барады, елуге жуық оқытушы білім береді. Заманауи талапқа сай, оқу үдерісіне қажетті құралдармен жабдық-талған, 46 оқу кабинеті бар. Оқушылардың кітап оқуларына барлық мүмкіндік жасалған кітап оқу бұрышы бар, кітапханасы жаңа үлгіде безендірілген. Екі спорт зал қажетті спорттық жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Кең мәжіліс залы және жаңа форматтағы роботатехника кабинеті жұмыс істейді. Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға арналған «Фотостудия», «Дизайн», «Мә-дени орталық», «Графика», «Лингвистика» кабинеттері бар. 75 орындық кіші асхана, 200 орындық үлкен асхана барлық талаптарға сай жасалған. Мектеп ауласындағы спорт алаңына арнайы жұмсақ төсеніштер төселген. Жалпы оқушылардың алаңсыз білім алуына және өмір қауіпсіздігіне барлық мүмкіндіктер жасалған.

Білім ошағын аралап көрген жергілікті тұрғындар әкімдік пен демеушілерге ризашылығын білдіріп, ақсақалдар ақ батасын берді.

– «Forte Bank» ұжымы жыл сайын әрүрлі әлеуметтік маңызы жоғары спорт, өнер, денсаулық сақтау саласындағы жобаларға қолдау жасайды. Әсіресе, білім беру саласын-дағы жобалардың орны бөлек. Себебі, еліміздің дамып, эконо-микамыздың қарыштауы үшін білімді азаматтар қажет. Ал білімнің іргетасы мектепте қаланады – дейді демеуші, «Forte Bank» басқармасының төрағасы Бекжан Пирматов.

Сол күні түстен кейін Шелек ауылында дәл осындай 900 орындық Ә.Қайдар атындағы қазақ орта мектебінің лентасы қиылды. Құрметті қонақтар шелектіктерді қуанышымен құттықтады.

«Қазақ тілі» қоғамының Пре-зиденті Рауан Кенжеханұлы және А.Байтұрсынұлы атын-дағы тіл білімі институты-ның директоры Анар Фазылжанова мектептің есімі берілген қазақ тіл білімінің көрнекті маманы, ғылым қай-раткері, академик, белгілі түркітанушы ғалым Әбдуәли Қайдардың туғанына биыл 100 жыл толғанын атап өтті. Ғалымның өмірінен сыр шертіп, еңбектеріне тоқталды. «Билайн Қазақстан» компания-сының бас атқарушы директоры Евгений Настрадин жаңа мектептің табалдырығын атта-ған оқушылар мен ұстаздарға тілегін білдірді. Көпшілік жаңа мектепті аралап, мереке аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Соңғы жылдары өңірімізде жаңа білім ошақтары бой көтеріп, ескірген мектептер күрделі жөндеуден өтуде. Бұл игі шаралардың бар-лығы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен жүзеге асуда. Күні кеше ғана Қазақстан халқына арнаған Жолдауында білім беру саласындағы жұмыстар жандана түсетінін мәлімдеді. «Еліміздің кадрлық әлеуетін арттыру ісінде орта білім беру жүйесі өте маңызды рөл атқарады. Менің тапсырмаммен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылыпжатыр. 2025 жылдың соңына дейін заманауи үлгідегі 217 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Осы өте маңызды жұмысты «Самұрық-Қазына» қоры қадағалап отыр. Үкімет пен әкімдер бұл шаруаға белсене атсалысуға тиіс. Депутаттар да ортақ істен шет қалмайды деп ойлаймын. Үкімет жайлы мектептерді арнайы басқару жүйесін енгізуді ойластыруы керек. Сонымен бірге еліміздегі 1300 мектепке күрделі жөндеу жүргізу қажет. Үкімет әкімдермен бірге оны қаржыландыру көздерін анықтап, соның ішінде демеуші-лерден де қаражат тартып, 3 жыл ішінде бұл мектептерді толық жаңартуы керек» деді Президент.

 

С.НҰРАДИН.

Оқылды 171 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет