Бейсенбі, 05 Қыркүйек 2024 11:26

Жарқын келешекке бастар нық қадам

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ 2024 ЖЫЛДЫҢ 2 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ ДӘСТҮРЛІ ТҮРДЕ ПАРЛАМЕНТ ПАЛАТАЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН

ОТЫРЫСЫНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: ЗАҢ МЕН ТӘРТІП, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ, ҚОҒАМДЫҚ ОПТИМИЗМ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА АРНАҒАН ЖОЛДАУЫН ЖАРИЯЛАДЫ.

 

Аталған саяси құжат осыған дейін жарияланған Жолдаулардың заңды жалғасы десек қателеспейміз. Себебі, Президентіміздің алдыңғы Жолдаулары еліміз үшін тарихи маңызы зор бастамаларға түрткі болғандығын жақсы білесіздер.

– Қазақстан халқы қазір мүлде жаңа саяси жағдайда өмір сүруде. Соңғы 5 жылда ауқымды реформалар жасалды. Еліміздің саяси жүйесі түбегейлі өзгерді. Жұрттың сана-сезімінде бетбұрыс болып жатыр. Халықтың құқықтық мәдениеті артып келеді. Азаматтардың бойында жаңа әдеттер, дағдылар қалыптасып, жаңа құндылықтар орнығуда. Саяси және қоғамдық болмысымыз, менталитетіміз және мәдени кодымыз өзгере бастады. Бір сөзбен айтсақ, Әділетті Қазақстан құрылып жатыр. Мұның бәрі, ең алдымен, халықтың қалауымен жасалуда. Сондықтан біз алған бетімізден қайтпаймыз, бағытымыздан таймаймыз, – деген Президент, халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігі тиетін басқа да көптеген шара қолға алынғанына назар аударып, арқаны кеңге салуға болмайтынын, алдымызда әлі талай ауқымды жұмыс тұрғанын айтты.

Мемлекет басшысы Қазақстан хал-қына Жолдауында елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамыту үшін қажет төмендегідей:

– ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою;

– инвестициялық ахуалды және биз-нес жүргізуге қажетті жағдайды жақ-сарту;

– еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдау;

– инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу;

– еліміздің кадрлық әлеуетін бір-тіндеп арттыру;

– ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеу-меттік қолдау жүйесін жаңғырту;

– экологиялық ахуалды жақсарту, қоғамда қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеу;

– мемлекеттік басқару ісінің тиім-ділігін барынша арттыру;

– заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтырудыкөздейтін 9 бағдардан тұ-ратын бірқатар бастаманы ортаға салды.

Сондай-ақ, алдымызда ауқымды жұмыс тұрғандығын және тұрақты әлеуметтік-экономикалық өрлеуді қам-тамасыз ету, азаматтардың жасампаз-дық әлеуетін толық ашу және халықтың әл-ауқатын арттыру – мемлекеттің маңызды міндеті екендігін атап өтті.

Байқасаңыздар, алдымызға қойы-лып отырған міндеттер жылдан-жылға артып келеді. Мың құбылған қазіргі заманда алдағы жолдың қиындығы көп. Сол себепті, Жолдаудың бағыты мен міндетін жіті түсіне білуіміз ғана емес, маңыздылығын әр азаматқа жеткізе білуіміз, әрі бәріміз бір ел болып, әді-летті және дамыған Қазақстанды бірге құру жолында табанды еңбек етуіміз маңызды.

Қорыта келгенде, еліміздің дамуы мен халқымыздың амандығы – бағытты, жүйелі әрі табанды шараларға және біздің тұрақтылығымыздың тұғыры бір-лігімізге байланысты екендігін атап айту керек.

Сондықтан, баршаңызды саяси құжаттың ұтымды идеялары аясына бірігіп, алдымызға қойған тарихи міндеттерді жұмыла жүзеге асыруға, ел мүддесі үшін ұйысуға шақырамын.

Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы, егемен еліміздің ұрпағының еңсесі биік болып, көк аспанда қасиетті көк туымыз мәңгі желбірей берсін!

Бекет АХМЕТОВ,

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың VІII шақырылым

депутаты, мәслихат төрағасы.

 

 

 

 

 

Оқылды 426 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет