Дүйсенбі, 09 Қыркүйек 2024 11:10

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты өтті

Оңғар Қабден
Қазір ғана Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты өтті. Әлемнің жүзден астам мемлекетінен мыңға жуық спортшы келіпті. Осының өзі байрақты бәсекенің деңгейін аңғартса керек.
Ашылу салтанатына қатысуға біраз елдің басшысы келіпті. Атап айтқанда, іргелі додаға қатысуға Татарстан басшысы Рустам Минниханов, Түрікменстан халық маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Саха (Якутия) Республикасының басшысы Айсен Николаев, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Астанаға ат басын бұрды. Бұл да ойынның деңгейін көтереді. Сол секілді бұл біздің Қазақстанға көрсетілген құрмет!
Көшпенділердің Олимпиадасы іспетті болған байрақты бәсекеде мемлекет басшысы сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Президент түбі бір түркілердің Еуразия құрлығында ғана емес, жаһандық өзгерістің бастауында тұрғанын тілге тиек етті. Көшпенділер бес мың жыл бұрын жылқыны қолға үйреткенін атап өтті. Дүниені дүбірлеткен салт аттылар мәдениетін қалыптастырғанын жеткізді.
«Көшпенділер қуатты қару-жарақ пен ғажайып зергерлік бұйымдар жасап шығарды. Сақ дәуірінің Алтын адамдары соның айқын дәлелі. Қазақ жерінен Әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи сынды ғұламалар шыққан. Олар ілім-ғылымның дамуына орасан зор үлес қосты. Біздің бабаларымыз алып мемлекеттер құрды, үлкен қалалар салды. Ұлы Далада Отырар, Түркістан, Тараз, Сарайшық сияқты сәулетті шаһарлар бой көтерді», деді Тоқаев.
Абыройымызды асырып, мерейімізді тасытқан бұл ашылу салтанаты ерекше есте қалатыны анық. Жеке өзім де алдағы бір аптада сынға түсетін сайыпқырандарға сәттілік тілеймін! Кіл үздіктер сайысатын доданы абыроймен атқарып шығуды жазсын.
Қазақтың ұлттық құрамасының да қанжығасы майланады деп сенемін!
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02j9mBLdo9HH3GMHDSemxxeKwDtJts5ChpBFafZLEcAVCbrY9PPRVqrVVZBnXoJZY5l&id=100008177013860

Оқылды 340 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет