Сәрсенбі, 18 Қыркүйек 2024 09:36

Алматы облыстық мәдениет басқармасы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы аясында 100-ге жуық шара ұйымдастырды

Қазақ әдебиетінің шоқтығы биік тұлғаларының бірі, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО және ТҮРКСОЙ көлемінде аталып өтуде.
Бұл туралы Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Алиев Өңірлік коммуникациялар қызметінде мәлімдеді.

Мерейтой шеңберінде ақынның туған жерінде «Болмысы бөлек Бердібек» атты салтанатты жиын өтеді. Жиынды Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов басқарып, жазушының қазақ әдебиетіне қосқан баға жетпес үлесін атап өтеді.

Данияр Алиевтің айтуынша, мерейтой аясында ақындар айтысы да өткізіледі. Алматы және Жетісу облыстарынан келген жас ақындар командалық айтысқа қатысып, өз өнерлерін паш етеді. Айтысқа Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты, белгілі айтыскер ақын Аманжол Әлтаев жетекшілік етеді, ал қазылар алқасын Жүрсін Ерман басқарады.

"Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығы – қазақ әдебиетінің ажырамас бөлігі және ұлттың рухани әлемінің бірегей көрінісі. Бұл мерейтой – қазақ мәдениетін әлемдік деңгейде дәріптеудің жарқын белгісі," – деді Данияр Алиев.

Мерекелік іс-шаралар 21 қыркүйекте Сарыжаз ауылында жалғасып, ұлттық бәйге және спорттық ойындармен қорытындыланады.

Оқылды 338 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Конкурс «Тәуелсіздік ұрпақтары» Атомные города »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет