Бейсенбі, 26 Қыркүйек 2024 09:54

Соғыс кезінде Нидерландыда қаза тапқан қазақстандықтардың ұрпақтарын іздестіру

Екінші дүние жүзілік соғыста хабарсыз кеткен қазақстандық жауын-герлердің дерегін (олардың жалпы саны 271 мыңнан астам) жүйелі іздеу жұмыстары күні бүгінге дейін жалғасуда. «Atamnyn Amanaty» қоғамдық ұйымы осы игі іспен бес жылдан бері айналысып келеді. Аталған кезеңде оның ресми сайтына майдангер ұрпақтарынан 9 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Барлығы 4000-ға жуық қазақстандық жауынгердің жерленген орындары мен жеке басы анықталып,  19 отандасымыздың сүйегі туған жеріне әкелініп, әскери құрметпен жерленді.

Халықаралық ынтымақтастық шең-берінде 50-ден астам келісімге қол қойылды. Оның ішінде Нидерланды Корольдігінің «Советтік Даңқ алаңы» қоры да бар. Аталмыш қордың директоры Ремко Рейдингтің айтуынша, Голландиядағы «Амерсфорт» концлагеріндегі әскери тұтқындар арасында қазақтар да болған көрінеді. Ол кейін өз болжамын дәлелдеді де.                                «Atamnyn Amanaty» іздестіру тобының көмегімен голландықтар Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде сол лагерьде қаза тапқан жауынгердің ұрпақтарын  – Алматыда тұратын Баратовтар отбасын іздеп тапты.

Жақында қор өкілдері Голландияда жерленген тағы тоғыз қазақ-стандықтың тізімін бізге табыс етті. Отандастарымыздың аты-жөндері мен басқа да деректерін жариялау арқылы олардың тікелей ұрпақтары немесе жақын туыстары табылар деген үміттеміз:

 

  1. Ахметов Сәдуақас, 1916 жылы туған, Қарағанды облысы, Жаңа арқа ауданы, Жаңа Арқа ауылы. ҚазКСР.
  2. Белоусов Иван, 1911/1912 ж.т., ҚазКСР.
  3. Боярский Михаил Петрович, 1890/97 жылы туған, Яблоновка ауылы (Макинка ауылы) немесе Зауралький ауыл советі, Еңбекшілдер ауданы, Ақмола облысы, ҚазКСР.
  4. Буторин Константин Григорьевич, 1909 ж.т., Урыл/Катон қарағай, Катон қарағай ауданы, Шығыс Қазақстан обл. ҚазКСР.
  5. Выходцев Федор Алексеевич, 1911/1912 ж.т., Малонарымка ауылы/Свинчатка ауылы, Ақмола облысы, Семенов ауданы. ҚазКСР.
  6. Деревянко Трофим Павлович, 1906 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгер ауданы, Ленгер-Уголь. ҚазКСР.
  7. Тостанов Сұрғай, 1897/1902 ж.т., «Ақтас» колхозы, Жамбыл облысы, Красногор ауданы, ҚазКСР.
  8. Тягиев А.З, туған жылы белгісіз, ҚазКСР.
  9. Тұрамбаев Әділхан, 1917 жылы туған, Ақшығанақ ауылы, Ақмола облысы Рузаев ауданы, Жаңа-ауыл советі, ҚазКСР.

 

Байланыс телефоны: 8 776 828 45 35; 8 776 828 45 34.

Оқылды 266 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 27, 2026

Көңілді қыс

Қыстың ортасында тау бөктері ерекше бір тылсым күйге енеді. Ақ ұлпа қарға оранған асқар…
Қаң 26, 2026

Отбасындағы жылылық пен сыйластық –…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамдағы отбасылық құндылықтарды, некенің беріктігін және…
Қаң 26, 2026

Отбасы құндылықтары мен рухани…

Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелер отбасы институтын қолдауға, некенің тұрақтылығын…
Қаң 26, 2026

V отырыс: некенің беріктігі мен…

V отырыс отбасылық құндылықтарды сақтау, некенің беріктігін қамтамасыз ету және қоғамда…
Қаң 26, 2026

Отбасы құндылықтарын дәріптеген…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы отбасы мен некенің маңыздылығын, рухани құндылықтарды және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтайдың V отырысы:…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамда отбасылық құндылықтарды, некенің берік негізін және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтай: жастардың саналы…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы отбасы мен некенің беріктігін, рухани құндылықтарды және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтайдың V отырысы: отбасы…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамдағы позитивті құндылықтарды нығайтуға, рухани тазалық…
Қаң 26, 2026

Меритократия – әділ кадрлық…

Мемлекет басшысы бекіткен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет