Бейсенбі, 26 Қыркүйек 2024 10:10

Татулық – тыныштық кепілі

Жүгірген аңның тұяғы, ұшқан құстың қанаты талатын қасиетті қазақ жері талай ұлт пен ұлысты бауырына басқан құтты мекен екені анық. Жаратқан иеміз көңілі даласындай дархан халқымызға – тәуелсіздік пен ұланғайыр даланы осы бір қасиеті үшін бере салғандай көрінеді. Ал, Тәуелсіздік теңдесі жоқ байлық. Бұл байлықты сақтаудың негізгі шарты – бірлік екені белгілі. Осы орайда жуырда Есік медициналық колледжінде «Достық заңынан асқан заң жоқ» тақырыбында кездесу өтті. Аталған жиынға «Ахыска» түрік этномәдени орталығының төрағасы Ибрагим Алиев, ұйғыр этномәдени орталығының төрағасы Ялкунжан Садыков және этномәдени орталықтардың мүшелері, ұстаздар мен колледж студенттері қатысты.

Өз кезектерінде сөз алған Ибрагим Алиев, Ялкунжан Садыков Қазақстан халықтарының Ассамблеясы туралы мәлімет беріп, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, этностар арасындағы ынтымақты нығайту сынды өзге де өзекті тақырыптарды кеңінен баяндады.

«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген Абай атамыздың сөзі ешқашан мәнін жоймайтыны анық. Аталған шарада татулықтың туын тік ұстау керек заманда, тұрақтылықты бұзғысы келетін сыртқы және ішкі күштерден сақ болу қажеттігі жөнінде келелі әңгімелер қозғалып, колледждің өнерлі тәлім-герлері ән шашуларын жолдады.

Ринат НАРХАНОВ.   

Оқылды 344 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет