Жұма, 27 Қыркүйек 2024 12:33

Ақтөбеліктер АЭС құрылысын қолдайды

Кездесуде Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова елге АЭС неліктен қажет екеніне бес сенімді дәлел келтірді.

Ақтөбе облысында электр энергиясына қажеттілік артып келеді. Өйткені аймақта өндіріс орындары көбейген. Халықтық штаб мүшелері Ақтөбе жұртшылығына еліміздегі энергия тапшылығын шешу жолдарын түсіндірді.

Кездесуде Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова елге АЭС неліктен қажет екеніне бес сенімді дәлел келтірді. АЭС салу елдің атомдық, көмір, газ, күн, жел және су энергияларына негізделген кешенді және теңгерімді энергетикалық жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік беретінін айтты.

– 6 қазанда Қазақстан халқы тарихи таңдау жасауы керек. Бұл шешім еліміздің экономикалық және технологиялық болашағын анықтайды. Ең маңыздысы, АЭС салу мәселесін халықтың өзі шешеді. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың реформаторлық бағыты, ең алдымен, елдің басты билік көзі халықтың мүддесіне негізделген, – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Сондай-ақ Жұлдыз Сүлейменова атомдық реакторлар әлемнің дамыған елдерінде сенімді энергия көзі ретінде қолданылатынын айтты.

– АЭС 70 жылдан бері қолданыста. Оларды алғаш болып 1950 жылдары дамыған елдер сала бастады. Содан бері технологиялар үнемі жетілдіріліп отырды. Қазіргі уақытта әлемде 31 елде 400-ден астам реактор жұмыс істейді, – деп толықтырды ол.

Қазір облыс жұртшылығы орта есеппен 960 МВт электр энергиясын тұтынып отыр. Оның ішінде 509 МВт жергілікті энергия көздерінен өндірілсе, 451 МВт немесе облысқа қажетті қуаттың 47 пайызы өзге елдерден сатып алынады. 2028 жылға қарай электр энергиясына қажеттілік 1 270 МВт жетуі мүмкін.

Кездесуде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтов АЭС құрылысына өз қолдауын білдірді. Ол атом электр стансасы еліміздің болашағы үшін қажеттіліктердің бірі деп санайды.

- Кезінде теміржол салынар кезде әкелеріміз экологияны бұзады деп қорқатын. Бірақ біз сол теміржолдың бойында өстік. Көп жақсылықтарын көрдік. Сондықтан жаңашылдықтан қорықпауымыз керек. АЭС көптеген елде бар. Біздің қасымыздан, шекараның маңайынан Өзбекстан салып жатыр. Біз де барлығымыз бірауыздан қолдауымыз керек. 80-90 жылдары электр тапшылығын көрген қариялар ұрпағы үшін қолдау білдіреді. Кейін «АЭС салуға қорқып едік, қазір рахатын көріп отырмыз» деп айтатын боламыз. Мен соған сенемін, – деді ардагер.

Оқылды 306 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет