Сейсенбі, 01 Қазан 2024 19:17

Басты назарда – АЭС-тің пайдасы мен қауіпсіздігі

 

Осылайша, АЭС дүбірі бізге де жетті. Атом электр стансаларын салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелерінің сөзіне сенсек, бейбіт атом – ел экономикасының өсіміне оң ықпал ететін сенімді және тұрақты энергия көзі. Олардың пайымдауынша, АЭС жобасының аясында өнеркәсіп дамып, жаңа жұмыс орындары құрылады әрі қарапайым халықтың әл-ауқаты артады. Тіпті, АЭС құрылысы жүретін өлкенің инфрақұрылымы жетіліп, аймаққа мультипликативті әсерін береді. Сонымен қатар АЭС-тің пайдалануға берілуі елдегі ядролық технологияның дамуына да серпін сыйламақ. Нәтижесінде, көмірсутегі экспортына деген тәуелділік төмендеп, елдің энергетикалық тепе-теңдігін әрта­раптандырудың реті келеді.

Осы орайда Тараз қаласындағы Минералды тыңайтқыштар зауытының ұжымына жобаның пайдасы мен қауіпсіздігін түсіндірген АЭС салуды қолдау жөніндегі облыстық Халықтық штабтың өкілдері  және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұқаш Ескендіров атом энергетикасын пайдаланудағы дамыған елдердің тәжірибесі, АЭС-тің қауіпсіздігі мен тиімділігі жөнінде жан-жақты сөз етті. Іс-шараға қатысушылар өз еліміздің болашағын өзіміз таңдай алатын мүмкіндік ретінде әр қазақстандықтың алдағы референдумға қатысуының маңызына баса назар аударды.

–  Атом электр стансасы – еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етудің пәрменді тәсілі. Әлемдік экономиканың көшбасшы елдері ондаған жылдар бойы бейбіт атомның энергиясын пайдаланып келеді. Сонымен қатар көмір генерациясы арқылы алынған энергияны пайдалана отырып, өндірілген өнімдерге көміртегі салығы енгізілетінін де ұмытпауымыз керек. Бұл қазақстандық тауарлардың бәсекеге қабілетті болуына әсер етуі мүмкін. Сондықтан бізге ел дамуының кепілі болатын таза энергияның тұрақты әрі сенімді көзі қажет. Біз бәріміз бірігіп, Қазақстанның жарқын болашағы үшін осы маңызды шешімді қабылдауымыз керек, – деді Мұқаш Зұлқарнайұлы.

Сондай-ақ бұл күні жиналғандар атом энергетикасын дамытудың заманауи әлемдік трендтерін талқылап, елімізде бейбіт атомды дамыту бағытында істеліп жатқан жұмыс туралы айтты. Жиын соңында штаб мүшелері зауыт жұмысшыларының сұрағына жауап берді.

Оқылды 304 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 28, 2026

Конституция – құқықтық кепіл және…

Ұсынылып отырған түзетулер Конституцияны тек құқықтық құжат қана емес, азаматтардың…
Қаң 28, 2026

Мемлекеттік басқарудың тиімділігі

Президенттің, Вице-Президенттің және Кұрұлтайдың өкілеттіктерін нақтылау мемлекеттік…
Қаң 28, 2026

Халық кеңесі және азаматтық қоғам

Халық кеңесінің құрылуы жаңа консультативтік орган ретінде халық мүддесін қорғайтын заң…
Қаң 28, 2026

Заң шығару процесін жаңарту

Кұрұлтай мен Парламенттің өкілеттіктерін жаңарту, заң шығару бастамасын кеңейту және…
Қаң 28, 2026

Сот билігінің тәуелсіздігі

Сот билігінің тәуелсіздігін күшейту, сот өндірісін әртараптандыру және адвокатураның…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет