Сәрсенбі, 02 Қазан 2024 21:34

Қазақстанның энергетикалық стратегиясы: АЭС-тің экономикалық артықшылықтары

30.09.2024 ж., сағ.11:00-де «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» ҚЕАҚ-да «Жаһандық энергетикалық жүйедегі атом электр станцияларының (АЭС) экономикалық артықшылықтары» тақырыбында алдағы референдум мәселелеріне арналған өңірлік ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Конференцияға Қазақстанның ірі ғылыми және оқу орындарының өкілдері, соның ішінде Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті, М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты, З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті, Рудный индустриалды университетінің жетекші ғалымдары мен практик мамандар қатысты.

Конференция спикерлерін университет ректоры, облыстық мәслихаттың депутаты С.Б.Қуанышбаев қатысушыларға таныстырды.

Талқылау барысында зерттеліп отырған мәселе бойынша теориялық және практикалық тәжірибесі бар спикерлер конференцияға қатысушыларға энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, энергетикалық теңгерім саласындағы шешімдердің, АЭС-те жұмыс істеу үшін кадрлар даярлаудың негізгі мәселелерін кеңінен таныстырып, Қазақстан мен әлемдегі атом энергетикасын дамытудың тарихына, проблемалары мен перспективаларына тоқталды. Конференция барысында жел және күн электр станцияларының мүмкіндіктерін атом электр станцияларымен салыстыру бойынша сұрақтар қойылып, сәйкесінше оларға толық жауаптар берілді.

Конференция энергетика саласындағы ғалымдар мен практиктер және студенттер арасында білім мен тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналды. Сонымен бірге, Қазақстандағы тұрақты энергия көздеріне көшудің жаһандық үдерістеріндегі атом энергетикасының рөлін талқылауға мүмкіндік берді.

 
 
 
Оқылды 427 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет