Бейсенбі, 03 Қазан 2024 09:48

Тындырып жүрген бар істі, келіндер кеше сайысты

Қыз бала бой жетіп, ақ босағадан

 аттап, бір үйдің, бір әулеттің келіні атануы – өмірдің заңы. Ұлттық тәрбиені өн бойына дарыта алған қыз бала сол әулеттің түтінін түтетіп, шаңырағын биіктетіп, ауызбіршілікті отбасын сақтайды. Қазақ әуелден «Келіні жақсының керегесі алтын» деп босағадан аттаған жас жанның тәрбиесіне мән берген. Ғасырлардан келе жатқан осы үрдіс бүгінде өз күшін жойған жоқ.

Жақында Қайназар ауылының мәдениет үйінде «Өнегелі келін – өрісің» атты келіндер сайысы өтті. Шараның басты мақсаты қазіргі жастар арасына ежелден ұмыт болған ата-дәстүр салтымызды қайта жаңғыртып, қазақ қыздарына тән әдемілік, әдептілік, ізеттілік және ісмерлік пен тапқырлықты дәріптеу болды. Байқауға Азат, Қайназар, Рахат, Өрікті ауылдарының келіндері қатысты.  Қатысушылар «Мен қазақтың келінімін», «Әлдилеп, аялап тербеген бесігін», «Өз өнерін көрсету», «Қазақтың ырым-тыйымдары» кезеңдері бойынша өнер көрсетті. Сымбатына сәні келіскен келіндер сахна мәдениетін сақтап, шынайы қазақы сұлулықты танытатын бірден бір нышан, қазіргі заманға лайықталған ұлттық киімдерді киіп, көпшілікке өнерлерін паш етті. Әр кезең соңында ұпай сандарын жарияланды. 

Байқау соңында қазылар ал-қасы жеңімпаздарды марапаттап, арнайы сыйлықтарын табыстады.  Сондай-ақ, Қайназар ауылдық округі әкімінің орынбасары Дина Әскерқызы осы сайысқа демеушілік көрсеткен азаматтарға алғыс білдірді.

Айерке МЕРЕКЕҚЫЗЫ.

Оқылды 348 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет