Жұма, 04 Қазан 2024 13:15

Қазақстанда өндіріс саласын қалай дамыту керек

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өндіріс саласы – экономикамыздың негізгі локомотиві. Соңғы 8 айдың қорытындысын қарайтын болсақ, экономикамыз тек 3,2 пайызға ғана өсті деген ақпарат бар. Бірақ бұл көрсеткіш Президентіміз қойған 5-6%-дан екі есе төмен болып тұр. Оны сараптап қарайтын болсақ, қазір өндіріс саласында өңдеу саласы былтырға қарағанда 104,9 пайыз болып тұр. Тау-кен саласы шамамен 100 пайыз. Өндіріс саласын дамытуымыз керегі сөзсіз. Оны барлығымыз қадағалап, көмектесуіміз керек, - деді депутат.

Депутат саладағы жағдай ойдағыдай деп айтуға келмейді деп есептейді. Ескіндіров саланы бірлесе дамыту керегін атап өтті.

Химия саласында жаңа өндіріс орындары салынып жатыр. Мысалы, Жамбыл мен Түркістан облыстарында, сондай-ақ басқа да өңірлерде металлургия саласында да жобалар бар. Мемлекет басшысы жазда 17 үлкен жобаның тізімін бекітті. Менің ойымша, осы жобаларды тезірек іске қосу қажет. Соңғы мәліметтерге сәйкес, қаржы көздері әлі анықталмаған. Бірақ Үкімет осы мәселелерді шешуге тырысып жатыр. Ол жерде газ-мұнай, химия, энергетика, қара металлургия, құрылыс салаларында көптеген жаңа жоба бар. Осы жобаларды тезірек іске қосып, Үкімет, әкімдік және басқа да қызығушылығы бар тарап салаларды дамытуға атсалысуы керек, - деп түсіндірді ол.

Мұқаш Ескіндіров жаһанда болып жатқан геосаяси өзгерістер еліміздің экономикасына зардабын тигізгеніне қарамай, экономикамызды дамытуды қолға алуымыз керегін айтты.

Әрине, геосаясат бізге кедергі жасап жатыр. Бірақ соның өзінде қиын жағдайдан шығып, ертеңгі күнді ойлап, мүмкіндіктерді пайдалануымыз қажет, - дейді Мәжіліс депутаты.

Депутат көп кәсіпорындардың тозығы жеткенін да айтып, оларды жаңарту керегін атап өтті. Ол үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуі қажет.

Қазір біз жасыл технология дегенде біз ең алдымен әлемде қалыптасқан ең озық технологияларды енгізіп, зиянды қалдықтарды азайтуымыз қажет. Өнеркәсіп орындарын айыппұлмен жазалай бермей, жасыл технологияларды енгізуге ынталандыруымыз керек. Олар бәсеге қабілеттілігін жоғалтпауы үшін мемлекеттен қолдау болуы керек. Әр кәсіпорынмен отырып, жоспарын қарау қажет. Болашағымыз осы кәсіпорындарға байланысты болғандықтан жаңа технологияларды енгізуге ынталандырып отырған жөн. Қазірдің өзінде көміртегіні, қалдықтарды азайтуға қатысты елімізде қолға алынған жұмыстар әлі де жеткіліксіз деп ойлаймын. Оны өңірлерге барғанда көріп жүрміз. Қазірдің өзінде көміртегі ізі энергетика саласында көп. Еліміздегі электр энергиясының 70%-ы көмірден алынады. Қазақстан шығарып жатқан өнімдердің 50%-ы Еуроодаққа жіберіледі. Одақ 2025 жылдан бастап көміртегі салығын енгізіп жатыр. Яғни біздің шығарған өніміміз қандай энергетикада әзірленді, көміртегі бейтараптылығы деген энергетика қолданылып жатыр ма немесе қоршаған ортаны ластайтын көмір станцияларынан жасалды ма? Осыған көңіл бөлінеді. Егер лас технологиядан шыққан үлесі көп болса, онда біздің өнімдерімізге көміртегі салығы салынады. Бұл өнімдеріміз нарықта бәсекелестігін жоғалтады деген сөз, - деп айтты Мұқаш Ескіндіров.

Депутат өнеркәсіп саласын басқа экономика салаларына қарағанда көбірек көңіл бөлу керегін атап өтті. Ол сөз соңында 6 қазанда өтетін референдумда халық АЭС салу бойынша оң таңдау жасап, шешім қабылдаса, онда экономикамыз бен энергетика саласының тәуелсіздігіне жасалған оң қадам болмақ. Бұл шешім өндіріс саласының дамуына үлкен үлес қосады.

Оқылды 375 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 04, 2026

9. Конституциялық өзгерістер…

Конституциялық өзгерістер жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға жол ашады. Бұл…
Ақп 04, 2026

7. Жаңа Конституция заң үстемдігін…

Жаңа Конституция заң үстемдігін нығайтып, барлық азаматтың заң алдында тең екенін нақты…
Ақп 04, 2026

Жаңа Конституция жайлы

Конституциялық реформалар әлеуметтік мемлекет қағидатын нақтылай түсті. Мемлекет…
Ақп 04, 2026

Жаңа Конституция жайлы

Жаңа Конституция әділ сот жүйесін қалыптастыруға бағытталған маңызды нормаларды қамтиды.…
Ақп 04, 2026

4. Реформалар адам құқықтарын…

Реформалар адам құқықтарын қорғауды мемлекеттің басты міндеттерінің бірі ретінде…
Ақп 04, 2026

Жаңа Конституция билік тармақтары…

Жаңа Конституция билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтауға ерекше мән береді.…
Ақп 04, 2026

Жаңа Конституцияға енгізілген…

Жаңа Конституцияға енгізілген реформалар елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған…
Ақп 04, 2026

Конституциялық реформалардың басты…

Конституциялық реформалардың басты ерекшелігі – халықтың мемлекет басқару ісіне қатысу…
Ақп 04, 2026

Конституциялық реформалардың басты…

Конституциялық реформалардың басты ерекшелігі – халықтың мемлекет басқару ісіне қатысу…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет