Сәрсенбі, 09 Қазан 2024 10:12

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жеке сектор тұрғындарына өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады

Жылыту маусымы басталысымен, Алматы облысында өрт және газбен байланысты оқиғалар саны артып келеді. Бұл кезеңде қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды екенін Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті ерекше атап өтуде. Жыл басынан бері облыста 613 өрт тіркелсе, оның 379-ы тұрғын үй секторында болған. Оқиғалар салдарынан 14 адам қаза тапты.

ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары подполковник Александр Пархоменко тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін мұқият сақтауға кеңес берді.
“Қауіпсіздік шараларын сақтамау кейбір жағдайларда оқыс оқиғаларға әкелуі мүмкін, сондықтан әрбір тұрғын қарапайым ережелерге ерекше мән беруі қажет,”- деп атап өтті ол.

Жылыту маусымында негізгі қауіптер қатарында пештерді дұрыс пайдаланбау мәселесі тұр. Мамандардың айтуынша, пештерді қараусыз қалдыруға, балаларға сеніп тапсыруға, сондай-ақ тұтатқыш ретінде жанғыш сұйықтықтарды қолдануға болмайды.

Сонымен қатар, газбен байланысты жағдайларға да назар аударған жөн. Биыл облыста 7 газ-ауа қоспасының жарылысы тіркелді, нәтижесінде 5 адам жарақат алып, 1 адам қаза тапты. Мұндай жағдайлар, әсіресе қыс мезгілінде, газ жабдықтарын дұрыс пайдаланбау салдарынан туындауы мүмкін.

Алматы облысының өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаменті басшысының орынбасары Қанат Есболғанов облыс аумағында мерзімі өткен 21 мыңға жуық газ баллондарының әлі де пайдаланылып жүргенін атап өтті. “Бұл мәселе, әсіресе, ауылдық жерлерде өзекті, себебі бұл аудандарда әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындар жиі кездеседі,”-деді Есболғанов.

Қанат Есболғанов тұрғындар арасында газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтудің маңыздылығын да айтты. Қауіпті баллондарды уақытылы ауыстыру және оларды сапалы техникалық қызмет көрсету шаралары арқылы бақылауға алу қажет.

Төтенше жағдайлар департаменті мамандары өрттің алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қарапайым ережелерді сақтауға шақырды.

Оқылды 384 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 06, 2026

Гражданский Альянс Казахстана…

Гражданский Альянс Казахстана провёл заседание Национального дискуссионного клуба…
Ақп 06, 2026

Қазақстанның Азаматтық альянсы…

Қазақстанның Азаматтық альянсы «ҰСТАНЫМ» Ұлттық пікірталас клубының «Конституция:…
Ақп 06, 2026

Шығармашылық және ғылыми қызмет…

Конституциялық кепілдік зерттеушілер мен өнер адамдарының тәуелсіз қызметін қамтамасыз…
Ақп 06, 2026

Адвокаттардың құқықтық мәртебесін…

Адвокаттардың мәртебесін Конституцияда айқындау құқықтық мемлекеттің тұрақтылығын…
Ақп 06, 2026

Меншік құқығын және тұрғын үйге…

Меншік құқығы мен тұрғын үйге кепілдікті Конституцияда бекіту – әлеуметтік және құқықтық…
Ақп 06, 2026

Балалардың әл-ауқаты

Балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету – мемлекеттің басты әлеуметтік міндеті. Бұл олардың…
Ақп 06, 2026

Шығармашылық және ғылыми қызмет…

Шығармашылық және ғылыми қызмет еркіндігін Конституцияда бекіту – тұлғаның…
Ақп 06, 2026

Ғылыми шығармашылық еркіндікті…

Ғалымдар мен зерттеушілердің тәуелсіздігі инновациялық идеялардың туындауына, ғылыми…
Ақп 06, 2026

Ғылыми шығармашылық еркіндікті…

Бұл ғалымдар мен зерттеушілердің тәуелсіз зерттеу жүргізуіне, жаңа идеяларды еркін…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет