Бейсенбі, 10 Қазан 2024 10:57

Ұлағат иелері ұлықталды

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу – адамның асылдығы.


Иә, жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төккен ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де ұстазға қарыздар. Ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың иелері – ұстаздар. Биыл жаңа оқу жылымен қатарлас келетін ұстаздар мерекесі Т.Молдағалиев атындағы мәдениет үйінде өтті. Шараға Алматы облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ержан Сапарұлы мен аудан әкімі Талғат Байеділов және ауданымыздағы барша ұстаздар қауымы қатысты.


Аудан әкімі ұстаздарды құттықтап, ауданымыздағы жетістіктерге тоқталды.
– Ұстаздық – ұлы құрмет. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай қадірлеуге міндеттіміз. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген халқымыздың құрметі қашан да ерекше. Себебі, қо-ғамның басты байлығы адам болса, «Адамның адамшы-лығы жақсы ұстаздан» дейді дана Абай. Ұстаздың әр адамның жүрегінен алатын орны айрықша, қолына қалам ұстатып, алғаш әліппені үй-реткен мұғалімін еске алмайтын жандар кемде-кем болар.

 Қазіргі таңда, мемлекет тарапынан сапалы біліммен қамтамасыз етуге жан жақты жағдайлар жасалуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Бе-рекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мұ-ғалімдердің біліктілігін арт-тыруға және әлеуметтік мәртебесін көтеруге көңіл бөлген абзал», – деп ілім мен ізгілікті алға қоятын аяулы ұстаздардың еңбегі қашан да бағалы екенін айтып өтті. Сонымен қатар, Үкіметке үш ауысымдағы және апатты жағдайдағы мектептердің мәселесін түбегейлі шешу мақсатында «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пи-лоттық ұлттық жобаны іске асыруды тапсырған болатын.
Осы ұлттық жоба аясын-да биылғы жылдың өзінде ауданымызда Ащысай, Алмалы ауылында 600 орындық, Қаражота ауылында 300 орындық, Сатай ауылында 900 орындық 4 жайлы мектеп-тің құрылыстары жүргізіліп жатыр.

Оқылды 429 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет