Сәрсенбі, 23 Қазан 2024 15:04

РЕСПУБЛИКА КҮНІН АТАП ӨТУДІҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ

13 жылдан соң қайта оралған «Республика күні» мерекесін биыл еліміз үшінші жыл қатарынан тойлайды. Құжатқа сәйкес, Республика күні яғни 25 қазан – ел үшін атаулы күнге айналды. Ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтарудың тарихы мен маңызы қандай?

Егемен ел тарихына үңілсек Республика күні мемлекеттік мереке болып алғаш рет 1995 жылы қазанда жарияланған. Әрине, 25 қазан Республика күні болып кездейсоқ таңдалмағаны анық. 1990 жылы дәл осы күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын. 2009 жылы мерекелер тізімінен алынып тасталған еді. Араға 13 жыл салып, яғни 2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен қайта енгізілді. Осылайша, Республика күніне қайта мәртебе берілді.

Мемлекеттік Ту –алтын күн алаулаған зеңгір көк аспан түстес. Сол көк аспаннын астында баяу қалықтаған бүркіті қазақтың көңілін биікке алып шыққандай көрініс береді. Тудың сабағына таяу тік тартылған ұлттық өрнекті қошқар мүйіз жолақ салынған. Ортасында алтын күн халқымызға нұр болып шапағатын шашып тұрғандай.

Елтаңба — қазақ өмірінің ұлы белгісі шаңырақтан тараған. Таң шапағындай уықтар, алтын қанатты ғажайып пырақтар болашаққа ұмтылған асқақ арманның бейнесіндей болып көрінеді.

Әнұран  — еліміздің музыкалық эмблемасы, төлқұжаты. Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар ғып түйген музыкалық сәлем хат сынды. Елін, туған жерін сүйетін, елінің өткені мен бүгінін, тарихын тереңдей оқып, жүректерінен шыққан ойларын ақ қағаз бетіне түсірген  ән.

Республика күні- халықтық мереке.  Қазақстан Республикасына деген әрбір азаматтың мақтаныш сезімі оянып еліне тамсанатындай реті бар. Қазақстан халқы өзінің ұлтына, сеніміне, білім денгейіне қарамай, еліміздің көркейуіне бағытталған әлеуметтік-экономикалық, саяси-қоғамдық өміріне белсене араласып келеді. Өтпелі кезең ауырпалықтарын бастан өткізіп, оңай тимеген экономикалық, саяси реформалар жүзеге асырылды.  Елімізде халықтар достығы жақсы сақталып келеді. Ел бірлігін сақтауда татулықтың үлкен байлық екендігін бүгінде Қазақстан халықтарының барлығы айқын сезінеді. Қазіргі таңда Қазақстан көп елдермен теңесіп, мәртебесі беделді мемлекет. Талай тағдыр тауқыметіне ұшырап, қазақ халқы бүгінгідей бақытқа қол жеткізу үшін қаншама қиын жолдардан өтті. Қазақ елін, қазақ жерін білектің күшімен, алмас қылыш ұшымен, өткір тілімен, қасиетті қанымен қорғаған ұлы тұлғаларымыз тарихта аз емес.

Бүгінгі күні Республика күні мерекесінің сипаты өзгеріп, Қазақстан Республикасындағы демократияландыру үдерісін дамытуға бағытталғаны, «адамның егемендігі» оның әл-ауқаты мен өзі өмір сүріп отырған ортаға деген адалдығы қайта күн тәртібіне шығып отыр. Қазіргі уақытта осы идея «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдарымен үндеседі. Адам жетістігі тұтас еліміздің табысты болуына жол ашатындығы үнемі басымдығымыз болуы маңызды. 

Республика күні идеясының мәні – азаматтар ортақ жауапкершілікті ұғынып, халықтың елді басқаруға белсенді қатысуы, саяси реформалармен қатар жүріп, өздерінің сәйкестендіруімен үйлеседі. Жалпы мемлекеттік құрылымның өзгеруі, жаңа саяси үлгіге көшу, яғни «Күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет» қағидасы аясында іске асырылады. Бұл қадамдар жаңа әлеуметтік құндылықтарға құрылған болашағымыздың нақты бейнесін жасауда бүкіл Қазақстан халқының шыдамдылығын, дәйекті еңбегін және күш-жігерін қажет етеді.

 Адамзаттың парызы туған Отанын гүлдендіріп, сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу. 

МЕЛІС Айдана Ұланқызы

Алматы облысы “Тіл” оқу-әдістемелік орталығының

Райымбек аудандық филиалының меңгерушісі 

Оқылды 369 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет