Жұма, 25 Қазан 2024 14:03

Ащысайдағы жаңа спорт кешені: Жаңа мүмкіндіктер мен жарқын болашақ

2024 жылдың 25 қазанында Еңбекшіқазақ ауданы, Ащысай ауылында көптен күткен 50 орындық заманауи спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті. Бұл оқиға, жергілікті инфрақұрылымды дамытудағы елеулі қадам болып табылады және облыс тұрғындарының спортпен шұғылдануына, белсенді демалысқа жаңа мүмкіндіктер ашады.

Айтулы оқиғаға ат басын тіреген Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов:
Жаңа спорт кешенінде халқымызды әлемге танытар атақты чемпиондар шығуына тілектеспін!
Бұл ғимарат саналы ұрпақ тәрбиелеп, саламатты ұлт қалыптастыратын орталыққа айналатыны сөзсіз!
Тәуелсіз еліміздің көк туын биікте ұстар ұландарымыз көп болғай!", -деп жылы лебізін білдірді.

Спорт кешені Алматы облысы құрылыс басқармасының тапсырысымен салынды, ал бас мердігері — «СМУ Шығыс» ЖШС. Кешеннің құрылысы 2023 жылы басталып, бір жарым жыл ішінде спорттық шараларды ұйымдастыруға қойылатын барлық талаптарға сай заманауи нысанға айналды. Спорт кешенінің жалпы ауданы 1538,6 м², оның ішінде бокс, күрес, волейбол, баскетбол, футбол және гандбол залдары бар.

Құрылыстың жалпы құны 907, 2 млн теңге болды. Жаңа спорт кешенінің ашылуы тек жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын да айтарлықтай жақсартуға ықпал етеді. Кешен, ауыл тұрғындары мен жастардың денсаулығын нығайтуға, дене шынықтырумен айналысуға арналған спорт түрлерімен шұғылданатын орталыққа айналмақ.

Сонымен қатар, спорт кешені жастар мен ересектер арасында спортты насихаттауға арналған жарыстар, оқу-жаттығулар және басқа да іс-шараларды өткізу үшін идеалды алаң болып табылады. Бұл жағдай, дене белсенділігінің қоғамдағы маңыздылығын және оның жалпы әл-ауқатқа тигізетін оң әсерін айқын көрсетеді.

Ащысайдағы жаңа спорт нысаны жергілікті тұрғындарды қуанышқа бөлеп қана қоймай, Алматы облысының спорт инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Спорт кешенінің ашылуы ауылда спорт пен белсенді өмір салтын табысқа жеткізу үшін жаңа мүмкіндік береді, бұл ауылдың болашағы үшін жасалған жарқын да нық қадам болып отыр.

Оқылды 484 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет