Бейсенбі, 07 Қараша 2024 10:03

Алихан әлемдік деңгейге көтерілді

Ауданымыздың жас спортшысы Алихан Ермекұлы 2024 жылдың 26-27 қазан айы аралығында Италияның Рим қаласында өткен спорттың Мейбукан Годзю-рю каратэ-до түрінен  өткен Әлем чемпионатында екінші орын алып, күміс жүлдегер атанды.

Жалындаған жігерімен, бапкерлерінен түйген шебер-лігімен құрлық жарысында, спорттың жекпе-жек, «ката» түрлерінен қарсыластарынан оқ бойы озық шыққан Алихан байрақты бәсекеде талайдың таңдайын қақтырған. Әлемнің 26 елдерінің кіл мықтылары бақ сынаған бәсекеде Қазақ елінің абыройын асқақтатып, күміс медальдыеншілеп, жас жеткіншегіміз абыроймен елге  оралды.

12 жасар Алихан бала күнінен спортқа құмартып, осы саладағы аға-әпкелеріне елік-теп өскен. Небәрі 4 жасынан жанына жақын каратэмен айналысып, Есік қаласындағы спорт мектебінің бапкері Фархат Мурсалиевтің тәрбиесінде болған. Алматы қаласында бапкер Нұрлан Керімбаевпен жаттығып, спорттық  шеберлі-гін шыңдаған.

Бала күнінен баптаған ұста-зы Фархат Мурсалиев та осы спорт түрінен талай белестерді бағындырған жан, қара белбеу иегері, Алматы облысы бойынша осы  спорт түрінің жетекшісі, спорт шебері.

«Ұстаз талантты болса, шәкірті талапты болады» деген сөз осыдан шықса керек. Міне, осындай шебер бапкерлерден шыңдалып, талаптануының арқасында Алихан 50-ден аса алтын-күміс жүлделерге, алты дүркін еларалық чемпиондық атақтарға ие болған, қызыл белбеу, спорт шеберінің үміткері, енді әлемдік деңгейдегі дода-лардың алдына шықты.

– Алихан балам үлкендердің ақ тілек, баталарымен, ата-анасының күш-жігер беріп, ынталандырып, дайындықтан қалдырмай қадағалауының арқасында биік-биік шыңға шығып, асуларды бағындырып отыр. Баламыз осы бағытынан талмай, әлем чемпионы атануына тілектеспіз – дейді атасы Тоғызбай Нұрсейітұлы.

С.НҰРАДИН.

 

Оқылды 803 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет