Бейсенбі, 21 Қараша 2024 15:43

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау. Татулық пен тұрақтылық салтанат құрған жерде ғана береке болары анық. Сол себепті де ел ынтымағын нығайту мақсатында мемлекет тарапынан үздіксіз шаралар атқарылып келеді. Жуырда Есік қаласындағы «Алтын адам» инновациялық мектебінде Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің жиыны өтті. «Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар» жобасы аясында ұйымдастырылған отырыста өңірдегі этносаралық келісім мен тұрақтылық мәселелері негізге алынды.

Аталған жиынға Алматы облысының әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Марат Сұлтанғазиев, облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғоджаев, ішкі       саясат басқармасының басшысы Ерік Абитов, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Гамзе Гейдаров, облыс әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени орталықтардың өкілдері, аналар мен ақсақалдар кеңестерінің төраға-лары және медиаторлар қатысты.

Күн тәртібіндегі алғашқы үш мәселе бойынша облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Әзілжанұлы баяндама жасады:

– Алматы облысы еліміздегі этнос өкілдері ең тығыз қоныстанған өңір болғандықтан этнос-аралық саладағы қатерлер мен тәуекелдерге қатысты алдын алу шараларын тұрақты жүргізу маңызды. Осы орайда даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешуге септігін тигізетін аса маңызды құрылымның бірі – медиация. Өңірде этномедиация саласының жұмысын одан әрі жетілдіру мақсатында 2025 жылдың басынан арнайы оқыту курстарын ұйымдастыру жоспарланды. Бұл курста кәсіби дәріс беру үшін «Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық медиация кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы  Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі Шерзод Пулатовты шақыру көзделген. Бүгінде облыста қоғамдық медиаторлардың саны 17-ге жетті, – деген басқарма басшысы медиаторлар 6 қарашада Қонаев қаласында өткен этномедиация процесінің тиімділігін арттыру мақсатында Шерзод Аббозовичтің қатысуымен семинар-тренингте білімін шыңдағанын айтты.

Сонымен қатар, Ерік Абитов Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың төрағалығымен өткен ҚХА Кеңесі отырысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес, «Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар» жобасының жүзеге асырылуы мақсатында Алматы облыстық ҚХА құрамына Алматы облыс-тық мәслихатының төрағасын енгізуді сұрады. Сондай-ақ, 1 желтоқсанға дейін Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, Алматы облыстық мәслихаты жанынан құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобымен бірлескен 2025 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы әзірленіп, бекіті-летінін жеткізді.

ҚХА мүшесі, Алатау қалалық мәслихат төрағасы Роза Абилова Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобының жұмысын үйлестіру бойынша сөз қозғап, жобаның өзектілігіне тоқталды. Сонымен қатар осынау бірлескен жұмысқа алдағы уақытта үкіметтік емес ұйымдарды да жұмылдырудың тиімділігі жөнінде айтты.

Ал облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Гамзе Гейдаров «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасы жайында айтып, атқарылған жұмыс барысын баяндады.

Облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғоджаев ел игілігі үшін Президент тарапынан, Үкімет пен облыс әкімдігі тарапынан көптеген жобалар дайындалып, халықтың әлеуметтік деңгейін арттыруға септігін тигізер түрлі бағдарламалар жасалып жатқанын, бірақ олар белгілі бір шағын аудиториядан ары аспай, шектеліп, қарапайым халыққа жетпей қалатынын айтып, өкінішін білдірді.

– Бұл – біздің бірлесе жұмыс атқара алмай жатқанымыздың көрінісі. Осы орайда қоғамдық институттар енжарлық танытпай, біркісідей бәрі бірлесе атсалысса, жобалар елдің түпкір-түпкіріндегі ауылдарда тұратын әр азаматқа то-лыққанды уақытылы жетсе, олар сол бағдарламаларға қатысып, шарапатын көрсе, еліміз дамыған елдердің қатары-нан ойып тұрып орын алар еді, – дей келе өңірдегі этносаралық қатынастарға да тоқталып, барлық этностарды қазақ тілін меңгеруге шақырып, ҚХА-ға мүше болып енген мәслихат депутаттарын таныстырып өтті.

Өңір басшысы Марат Сұлтанғази-ев кеңес хаттамасы барлық қатысушы-ларға жолданатынын атап өтіп, жүктелген тапсырмалардың орындалуына қатысты бақылауды жалғастыру қажеттігін айтты.

Отырыс соңында Қазақстан Республикасында ел бірлігін нығайтуға, татулық пен келісімді сақтауға және рухани мәдениетті дамытудағы еңбегі,  меценаттық және қайырымдылық қызметті дамытуға тигізген үлесі үшін ҚХА мүшесі, «Алматы облыстық татар және башқұрт мәдениеті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ильдар Юлдабаевқа «Бірлік» алтын медалі, Талғар аудандық түрік этномәдени орталығының төрағасы Абасалы Исмаиловқа «Жомарт жан» төсбелгісі, Талғар аудандық этномәдени орталығының төрағасы, Ассамблея ардагері Ровик Цой мен кәсіби медиатор, Ұйғыр аудандық Аналар кеңесінің төрағасы Гүлжахан Аликееваға Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасы, «ATA YURD – NOMAD» азербайжан этномәдени бірлестігі»  Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облысы бойынша филиалының төрағасы Расим Алиев пен Еңбекшіқазақ аудандық «Ахыска» түрік этномәдени орта-лығының мүшесі Рүстем Алиевке Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хаты табысталды.

ҚХА мүшесі, қоғам қайраткері, әрі қазақ тілінің жанашыры Асылы Осман отырыс соңында сөз алып, өңірдегі этносаралық қатынастың татулық пен қоғамдық келісім аясында құрылып, халық бейбітшілік пен бірлікте өмір сүріп жатқаны осынау тұрақты жұмыстың нәтижесі екенін, сондай-ақ мұндай басқосулардың маңызы зор екенін жеткізді.

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 834 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…
Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…
Қаң 09, 2026

Құрмет төрінде

Әне-міне дегенше, жылжып жылан жылы да өтіп, шапқылап жылқы жылы жетті. Жылан жылы жаман…
Қаң 09, 2026

Қолдау барда даму бар

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл…
Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет