Бейсенбі, 28 Қараша 2024 10:13

Алматы облыстық мәслихатының № 15 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына кандидат Галиев Бақытжан Карлұлының сайлауалды бағдарламасы

Мен Галиев Бақытжан Карлұлы, 1974 жылы  5 қараша күні Есік қаласында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ. Еңбекшіқазақ ауданының Саймасай ауылында тұрамын.

 1992 жылы Еңбекшіқазақ ауданы Саймасай (бұрыңғы Александровка) ауылының орта мектебін бітірдім.

 2003 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітіргем.

Еңбек жолын 1998 жылы Есік қаласындағы «ФудМастер» ЖШС-де слесарь-реттеуші  болып бастадым. «АПК «Адал» мен АҚ және «ФудМастер» АҚ кәсіпорындарында экономист болып жұмыс істедім.

2013 жылы «Саймасай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маман-есепші болғам, кейіннен сол ауылдық округте бас маман-салық инспекторы лауазымына ауысып қызмет атқардым. Қазіргі уақытта «Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бас маман лауазымында қызмет атқарамын.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының өзекті проблемалары – бұл тозған сумен жабдықтау желілерін қайта құру, көшелерді жарықтандыру, ауылдардағы көшелерді асфальттау, елді мекендерді газдандыруды жалғастыру. Қоғамдық көлiк санының жеткiлiксiздiгi тұрғындардың жұмысқа және оқуға баруына қиындық туғызып отыр. Ауданда жұмыс орындарының аздығынан және жалақының төмендігінен жергілікті халық күн сайын Алматыға баруға мәжбүр.  

Ауыл шаруашылығы саласында суармалы каналдар мен жалпы суармалы арық жүйесін қалпына келтіру, суару маусымында егістік суының жетіспеушілігі, өсірілген өнімді өткізу.

Педагог кадрлардың жетіспеушілігі білім беру саласындағы өзекті проблема болып табылады. Салық саясатының жеткiлiксiз айқындығы кәсiпкерлер тарапынан бейсаналы бұзушылықтарға әкеп соғады. Кәсіпкерлер жеңілдетілген несиелер мен субсидияларға, банктердің кепіл саясатына және мемлекеттік сатып алулар бойынша тендерлерге қатысты проблемаларды атап өтуге болады.

Сайлаушылардың құқықтары мен мүд-делерiн қамтамасыз ету үшiн депутаттардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, сондай-ақ азаматтардың қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтілген мәжiлiстерi түрiнде мәслихаттың тұрақты комиссияларының құзыретiне жататын аса маңызды және әлеуметтiк маңызы бар мәселелердi талқылау кезiнде қоғамдық тыңдаулар өткiзудi талап етемiн.

Құрметті жерлестерім! Құрметті сайлаушылар! Мен бұл сайлауға өз кандидатурамды қарапайым азаматтардың өз қаласын, ауылын және өңірін басқаруға қатыса алатынын көрсетуге үміттеніп ұсындым. Бірақ өзім алға қойған басты міндет – ол қарапайым азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау.   Мен өз сайлау округіміздің проблемаларын білемін, оның аумағында тұрамын және жұмыс істеймін, күн сайын қоғамдық көлікпен жұмысқа қатынаймын, сол дүкендерге, медициналық мекемелерге барамын, банктерден несие аламын.   Өңірімізді бізге және болашақ ұрпаққа жайлы ете отырып, барлық проблемаларымызды бірге шеше алатынымызға сенімдімін. Өзін-өзі ұсынған кандидат ретінде мен сайлау күні дауыс беруге келетін жерлестерімнің қолдауларына сеніп, сайлауға түсемін.

 

Предвыборная программа кандидата в депутаты маслихата Алматинской области по одномандатным территориальным избирательным округам Алматинской области вместо выбывших, по избирательному округу №15 Галиева Бахытжана Карловича

 

Я Галиев Бахытжан Карлович, 5 ноября 1974 года родился в г. Есике. Национальность – казах. Проживаю в с.Саймасай Енбекшиказахского района.

Окончил среднюю школу с.Саймасай Енбекши-казахского района в 1992 г.

В 2003г. окончил Казахский Национальный аграрный университет по специальности «Экономика и менеджмент».

Трудовую деятельность начал в мае 1998г. в ТОО «ФудМастер» слесарем-наладчиком,  г.Есик. Работал  экономистом  в АО АПК «Адал» и в АО «ФудМастер». В 2013г. был главным специалистом-бухгалтером ГУ  «Аппарат акима Саймасайского сельского округа», в дальнейшем был переведен на должность главного специалиста-налогового инспектора в том же округе. В настоящее время главный специалист в ГУ «Отдел предпринимательства Енбекшиказахского района».

Актуальной проблемой является сфера ЖКХ – это реконструкция изношенных водопроводных сетей, уличное освещение, асфальтирование улиц в селах, продолжение газификации населенных пунктов. Остро стоит проблема со складированием и утилизацией твердых бытовых отходов.          Недостаточное количество общественного траспорта доставляет проблему добираться до рабочих мест и учебы. Из-за низкого количества рабочих мест и невысоких заработных плат в районе местое население вынуждено ежедневно добираться в г.Алматы.  

В сфере сельского хозяйства  – это восстановление оросительных каналов и арычной системы в целом, нехватка поливной воды в сезон поливов, реализация выращенного урожая. Нехватка педагогических кадров является насущной проблемой в сфере образования. Недостаточно понятная налоговая политика приводит к несознательным нарушениям со стороны предпринимателей. Предприниматели отметили проблемы с льготными кредитами и субсидиями, залоговой политикой банков и конкурсами по государственным закупкам.

Для обеспечения прав и интересов избирателей буду настаивать на проведении публичных слушаний при обсуждении наиболее важных и общественно значимых вопросов, отнесённых к ведению постоянных комиссий маслихата, в форме расширенных заседаний этих комиссий с участием депутатов, органов местного самоуправления, организаций, средств массовой информации, граждан.

Дорогие земляки! Уважаемые избиратели! Я подал свою кандидатуру на эти выборы в надежде на то, чтобы показать, что обычные граждане могут участвовать в управлении своим городом, селом и областью. Но первоочередная задача, которую я себе поставил, это защита прав и интересов простых граждан.   Не понаслышке знаю проблемы нашего избирательного округа, живу и работаю на его территории, ежедневно езжу на работу на общественном транспорте, хожу в те же магазины, лечебные учреждения, беру кредиты в банках.   Я уверен, что только сообща мы сможем решить все наши проблемы, сделав нашу область комфортной для нас и будущих поколений. Самовыдвиженцем иду на выборы, опираясь на помощь своих земляков, которые придут на голосование в день выборов.

Оқылды 742 рет

Соңғы жаңалықтар

Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Когулов Аскар Турсбекович 1983 жылы 26 маусымда Еңбекшіқазақ ауданында Бижанов…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Шынғожа Айбарұлы Тикельдиев, 1991 жылы 28 тамызда Еңбекшіқазақ ауданы Қазатком…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Тойғанбеков Бақберген Бауыржанұлы 1988 жылы 21 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы …

Мен, Сарсембеков Нұрбек Жұматайұлы 1 қыркүйек 1977 жылы Алматы облысы, Шелек ауданы,…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы …

Мен, Мухадиев Құдайберген Әкімханұлы 1982 жылы 21 тамыз күні дүниеге келгенмін. 2000-2004…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Сөгеті ауылдық округінің тұрғындары. Мен Дулатов Арман Бакытович, 1971 жылы 14…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Асимахынов Дастан Сайлаубайұлы, 21 қаңтар 1990 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Кеген…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Асимахынов Дастан Сайлаубайұлы, 21 қаңтар 1990 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Кеген…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Байтилеуов Айдын Сарсенбаевич, 1992 жылы 27 мамырда Еңбекшіқазақ ауданы, Есік…

Күнтiзбе

« Тамыз 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет