Бейсенбі, 05 Желтоқсан 2024 10:43

Алматы облыстық мәслихатының депутаттығына №15 сайлау округі бойынша кандидат ДҮЙСЕБАЕВ Қуат Құрманғалиұлының сайлауалды бағдарламасы

Мен Дүйсебаев Қуат Құрманғалиұлы, 1967 жылы 27 қыркүйекте Еңбекшіқазақ ауданы Гайрат ауылында дүниеге келдім. 1993 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тарих және қосымша құқық мамандығы бойынша тәмамдадым. Еңбек жолымды 1993-94 жылдары Талғар ауыл шаруашылығы техникумында жалпы пәндер оқытушысы болып бастадым. Осылайша 36 жыл кәсіптік-техникалық білім беру саласында үздіксіз қызмет атқарып келемін. Қазіргі таңда Шелек ауылындағы Шелек политехникалық колледжінде директор қызметін атқарамын. Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкерімін, аудандық қоғамдық кеңес мүшесі және Чернобыль ардагерімін.

 

Құрметті

сайлаушылар!

 

Депутат болу атақ емес. Халықтың үмітін арқалап, сеніміне ие болған соң сенімнің үдесінен шығу – парыз. Сондықтан мен Ават, Ақши, Бәйтерек, Саймасай, Жаңашар, Бөлек ауылдық округтері мен Есік қаласының әлеуметтік-экономикалық ахуалының дамуы жолында аянбай тер төгуге дайынмын.

Мен ғұмырымды білім беру саласына, жастармен етене жұмыс жасауға арнадым. Және бұл игі істі әрі қарай жалғай беремін. Алдымен білім беру ошақтарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бар күшімді саламын. Себебі, балалардың сапалы білім алуына жағдай жасай отырып, біз болашаққа инвестиция құямыз. Жасыратыны жоқ, жоғарыда аталған елді мекендерде күрделі жөндеуді қажет ететін білім ошақтары бар. Оларды жөндеуден өткізу үшін бюджеттен қаражат бөлуге ықпал етемін.

Сонымен қатар, жастардың уақытын тиімді пайдалануды да дұрыс жолға қоямын. Оларды жұмыспен қамтуға, өздерінің сүйікті ісімен айналысуына жағдай жасаймын.

Ауылдарда жүзеге асып жатқан ворк-аут алаңдары, спорт және балалар алаңдарының жоғарыда аталған округтерде көптеп бой көтеруіне ықпал етемін. Себебі, ұлттың саулығы – маңызды мәселе.

Әсіресе, жас мамандарды жұмысқа орналастыруға, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде тиісті көмек көрсетуге атсалысамын.

Сондай-ақ, жас кәсіпкерлерге қолдау көрсетемін. Мемлекеттен берілетін жеңілдетілген несие, қайтарымсыз гранттар мен субсидияларға қол жеткізуіне күш саламын.

Ауданымыз еліміздегі ірі мегаполистің іргесінде орналасқандықтан кәсіпкерлік саласына баса мән беруіміз қажет.

Ауыл шаруашылығы – Еңбекшіқазақ ауданының негізгі бағыты. Сондықтан ауыл шаруашылығы өнімін арттыруды жалғастыру қажет. Ол үшін ең алдымен шаруаларға, шаруа қожалықтарына жағдай жасауға тиіспіз. Бүгінде әлемнің озық елдерінде қолданылып жатқан технологияларды енгізіп, тамшылатып суару әдісін жетілдіруіміз қажет. Осы орайда, мемлекет тарапынан шаруаларға жасалатын жеңілдіктерді барынша пайдалануға күш саламын.

Менің сайлауалды бағдарламам жоғарыда аталған 7 елдімекенді  әлеуметтік-экономикалық, инженерлік-инфрақұрылымдық дамытуға бағытталған. Атап айтқанда:

 

Есік қаласында

 

– Қаланың көшелерін толықтай жарықтандыруға;

– Демалыс орындарының санын арттыруға;

– Қоғамдық орындардағы тазалық мәселесі мен абаттандыру жұмыстарын жандандыруға;

– Туризм саласын дамытуға;

– Инфрақұрылымды жаңғыртуға ықпал етемін.

 

Аватта

 

Бүгінде Ават ауылындағы әлеуметтік нысандардың барлығы дерлік заман талабына сай қайта жаңғырған. Жолдар жөнделіп, инфрақұрылым дұрыс жолға қойылған. Сондықтан ауылда

– Кәсіпкерлік саласын дамытып, шағын және орта бизнес өкілдерінің жеңілдетілген несиеге қол жеткізуіне;

– Ауыл тұрғындарына арналған «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысуға ниетті азаматтарға заңды көмек беруге күш саламын.

 

Ақшиде

 

– Округ бойынша инженерлік инфрақұрылымды қайта жаңғыртуға;

– Қайрат және Қазатком ауылдарындағы әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеуден өткізуге немесе жаңа ғимарат салуға;

– Білім беру нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға күш-жігерімді жұмсаймын.

 

Бәйтеректе

 

Ауданымыздың батыс шекарасында орналасқан Бәйтерек ауылдық округі бүгінде қанатын кеңге жайып, мұндағы тұрғындардың саны артып келеді. Тиісінше, келешекте мектеп пен балабақшаларда орын тапшылығы сезілуі мүмкін. Қазірдің өзінде Бәйтерек орта мектебі балаларға үш ауысымда білім беруде. Сол себепті

– Бәйтерек ауылында мемлекеттік-жеке меншік серік-тестік шеңберінде немесе мемлекеттік білім беру ошағын салуға;

– Қойшыбек, Алға ауылдарындағы әлеуметтік нысандарды заман талабына сай жасақтауға;

– Инфрақұрылымды жаңартуға;

– Кәсіпкерлерге жағдай жасауға ықпал етемін.

 

Саймасайда

– Жолдарды жөндеуден өткізу;

– Ауылдарды абаттандыру мәселесін қолға алу;

– Білім беру және денсаулық сақтау нысандарының материалдық базасын нығайту жолында еңбек етемін.

 

Жаңашарда

 

– Округке қарасты елді мекендердегі инженерлік жүйені жөндеуден өткізуге;

– Шаруаларға жағдай жасауға;

– Әлеуметтік нысандарды қайта жаңғыртуға күш саламын.

 

Бөлекте

 

Бөлек ауылдық округі аудан іргесінде орналасса да бірқатар мәселелер әлі күнге дейін оң шешімін таппай келеді. Атап айтқандай, Бөлек пен Қарасай  ауылындағы білім беру ошақтары күрделі жөндеуді қажет етеді. Денсаулық сақтау нысандарын да қайта жаңғырту қажет. Осы орайда

– Білім беру, денсаулық сақтау нысандарын жөндеуден өткізуге;

– Жолдарды жөндеуге және сапасын қатаң бақылауға;

– Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамытуға;

– Демалыс орындары мен спорт алаңдары, балалар алаңының салынуына күш-жігерімді жұмсаймын.

Бүгінде елімізде ауылдарды дамытуға, ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған бірқатар жобалар жүзеге асуда. Осы бағдарламалардың игілігін біздің аудан тұрғындарының да көруіне ықпал етіп, маған сенім білдірген азаматтардың үмітін ақтауға тәжірибем мен білімімді, бар ынта-жігерімді жұмсауға дайынмын.

 

 

Предвыборная программа кандидата в депутаты маслихата Алматинской области по избирательному округу №15  ДУЙСЕБАЕВА Куата  Курмангалиевича

Я, Дуйсебаев Куат Курмангалиевич, родился  в 1967 г. в с.Гайрат Енбекшиказахского района (Шелекский регион)  Алматинской области. По национальности казах.  Имею высшее педагогическое образование, закончил в 1993 году  Алматинский государственный университет имени Абая. Стаж работы в системе образования Республики Казахстан 36 лет. Трудовую деятельность начинал в 1993 г. преподавателем общественных дисциплин Талгарского сельскохозяйственного техникума. Преподавал общественые дисциплины в  Талгарском техникуме механизации сельского хозяйства,  работал заместителем директора по учебно-воспитательной работе сельскохозяйственной школы управления Алматинской области. С 2000 по 2006 г.   – преподаватель истории СШ №2 имени  Сакена Сейфуллина Талгарского района Алматинской области, преподаватель  общественных дисциплин Талгарского медицинского колледжа. В 2006-2016 г.г.-заместитель директора по учебно-воспитательной работе Талгарского медицинского колледжа. В  2016 году назначен директором ГККП «Шелекский политехнический колледж», которым руковожу по настоящее время.

Имею сертификаты образовательных курсов Министерства труда, Министерства образования и науки, образовательных центров, Высшей школы бизнеса, Академии госуправления при Президенте РК, институтов профессионального развития.

Автор ряда научных публикаций в сфере образования в журналах, сборниках, международной энциклопедии.

Ветеран Чернобыля, состою в Семипалатинском и Чернобыльском обществах. Член Общественного Совета Енбекшиказахского района.

Имею звание Почетного работника образования РК.

Награжден Почетными грамотами и благодарственными письмами акима Алматинской области, акимов Талгарского и Енбекшиказахского районов;  управления внутренней политики Алматинской области, профсоюза работников здравоохранения;  нагрудным знаком «Білім ісінің құрметті қызметкері» за особые заслуги в области образования; дипломами и нагрудным знаком «Лучший директор года» Национального инновационного центра  "Білім-өркениеті", дипломом Информационно-аналитического центра "Рухани-жаңғыру";  медалями к памятным и юбилейным  датам. Женат, отец троих детей.

 

Уважаемые

избиратели!

 

Одной из важнейших целей, которую я ставлю во главу угла –   неуклонный рост благосостояния и социальных стандартов  жителей нашего района.

Моя предвыборная программа:

В случае избрания моей кандидатуры  в депутаты маслихата Алматинской области я определил следующие   направления депутатской деятельности.

Обеспечение устойчивого развития экономики района.  Внесу посильный вклад в  эффективное использование земель сельхозназначения, реализацию инновационно-инвестиционных проектов сельхозпроизводства и агропереработки. 

Поддержка малого и среднего бизнеса и занятости.  Намерен добиваться финансовой поддержки новых бизнес-идей; усиления подготовки профтехкадров кадров с учетом потребностей рынка труда.

Сфера образования.

Акцентирую внимание: на  строительстве новых школ;   укреплении материально-технической базы объектов профтехобразования; внедрении в обучение IT-технологий;  повышении квалификации преподавательских кадров;  оказании действенной помощи детям из социально-уязвимых семей.

Сфера здравоохранения.

Буду добиваться:  оснащения медицинских учреждений высокотехнологичным оборудованием; максимального обеспечения лекарственными препаратами при стационарном и амбулаторном лечении; строительства  новых объектов здравоохранения;   привлечения молодых специалистов в сельские регионы.

Качественное оказание госуслуг. 

Приму активное участие в выстраивании  таких отношений между местными исполнительными органами и гражданами, при которых  прозрачность и ответственность за оказание госуслуг должны стать основными принципами в борьбе с коррупцией.

Исторические и культурные ценности.

Приложу все усилия к сохранению историко-культурного наследия региона Жетысу;  расширению сферы применения государственного языка; популяризации творческого наследия выдающихся деятелей культуры из Енбекшиказахского района;  укреплению единства, межконфессионального и межэтнического согласия.

Комфортные условия жизни.

Буду содействовать:  поэтапному ремонту автодорог и улиц населенных пунктов;  реконструкции и строительству  систем водоснабжения  и водоотведения;  строительству газораспределительных сетей на территории избирательного округа.

 

Развитие массового спорта и туризма.

Буду способствовать: реконструкции и строительству спортивных объектов; продвигать реализацию проектов многопрофильного туристического кластера в Енбекшиказахском районе, подготовку специалистов в области туризма.

Молодежная политика.

Сделаю акцент на создании социальных лифтов для молодежи; поддержке ее занятости  и бизнес-инициатив;    создании условий для самореализации и творческого развития.

Улучшение экологической ситуации. Окажу посильную помощь в строительстве полигонов ТБО,  мусороперерабатывающих площадок и соблюдении экологических требований к ним.

Уважаемые земляки! Оправдывая оказанное вами  доверие я буду усердно работать, чтобы полноценно представлять интересы жителей Енбекшиказахского района, моего избирательного округа в маслихате Алматинской области,  способствовать   продуктивному диалогу  народа и власти.

 

Оқылды 459 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 05, 2024

Жыл қорытындысы қазақстандықтардың…

2024 жылдың 5 желтоқсанында ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер…
Желт 05, 2024

Итоги года глазами казахстанцев:…

5 декабря 2024 года в Казахстанском институте стратегических исследований при Президенте…
Желт 05, 2024

Талантымен танымал Талғат

Жақында Шелек мәдениет үйінде Талғат Теменовтің мерейтойына байланысты ауыл тұрғындарымен…
Желт 05, 2024

Қос тұлғамен кездесу

Жуырда Шелек политехникалық колледжінің мәжіліс залында ұлтымыздың ұлағатты тұлғалары –…
Желт 05, 2024

Тұрғын үй құрылысынан зейнетақыны…

Әлеуметтік төлемдер мен жалақыны арттыру, тұрғын үй құрылысы, денсаулық сақтау және білім…
Желт 05, 2024

От жилищного строительства до…

В Послании Президента Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана «Экономический курс…
Қар 28, 2024

«АТАМНЫҢ АМАНАТЫ» қоғамдық…

«АТАМНЫҢ АМАНАТЫ» қоғамдық бірлестігі (Нұр-Сұлтан қаласы) Ұлы Отан, екінші дүниежүзілік…
Қар 28, 2024

2. ОО «Atamnyn amanaty», Астана,…

https://atamnyn-amanaty.kz/, Здравствуйте! Для подачи заявки в ОО «ATAMNYN AMANATY»…
Қар 28, 2024

Ұлт саулығы — маңызды мәселе

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының биылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп,…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет