Сәрсенбі, 18 Желтоқсан 2024 16:33

Еңбекшіқазақ ауданында «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының орындалуы басты назарда

Аудандық партия филиалының төрағасы Б.Б.Рахимов арнайы брифинг өткізіп, атқарылған жұмыстары туралы есеп берді. Оның ішінде тұрғын үй құрылысы, инфрақұрылымдық жобалар мен әлеуметтік бастамалардың орындалуы ерекше атап өтілді.

«AMANAT» партиясы халыққа берген уәделерін орындап келеді. Біз тек жоспар құрумен шектелмейміз, олардың нақты жүзеге асырылуын қамтамасыз етеміз. Мысалы, биыл Ауданда 69,6 мың шаршы метр тұрғын үй салынды.

Сонымен қатар ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары да қарқынды түрде жүріп жатыр. Биыл Бәйдібек би, Нұра, Ащыбұлақ, Қазақстан ауылдары таза ауыз суға қосылды. Аудан бойынша 108 шақырым су құбыры желілері жаңартылып, сапалы суға қолжетімділік едәуір артты.

«Су мәселесі – аудан үшін маңызды бағыттардың бірі. Біз тек биылдың өзінде 4 ауылдағы ауыз судың сапасын жақсарттық. Келесі жылдың соңына дейін тағы 8 ауылға таза ауыз су жеткізіледі.

Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында төрт ауылда жаңа білім ошақтарының құрылысы жүріп жатыр.

Денсаулық сақтау саласында да маңызды нәтижелерге қол жеткізілді. Қызылшарық пен Тескенсу ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар салынып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Балтабай ауылындағы амбулатория күрделі жөндеуден өтті.

Бұқаралық спортты дамыту және өскелең ұрпақты спортқа баулу мақсатында Шелек ауылында денешынықтыру сауықтыру кешені қолданысқа берілді. Ащысай ауылында спорт кешенінің құрылысы аяқталып ел игілігіне жұмыс атқаруда.

Биыл 18 ауылда 57 шақырым ішкі жолдарға орташа жөндеу жүргізілді, ал 8 елді мекенде 60 шақырым жол ағымдағы жөндеуден өтті. Айта кету керек, «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасының ауданда 2024 жылға жоспарланған 32 іс-шарасының 24-і, яғни 75 %-ы толық орындалды. 8 орындалу барысында.

 

 

Оқылды 945 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…
Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…
Қаң 09, 2026

Құрмет төрінде

Әне-міне дегенше, жылжып жылан жылы да өтіп, шапқылап жылқы жылы жетті. Жылан жылы жаман…
Қаң 09, 2026

Қолдау барда даму бар

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл…
Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет