Сенбі, 11 Қаңтар 2025 11:41

Алматы облысында ұлттық жоба аясында 38 медициналық мекеме салынады

Алматы облысында ұлттық жоба аясында 38 медициналық мекеме салынады Сурет интернеттен алынды

Алматы облысында "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында 38 медициналық мекеме салынады. Бүгінгі таңда жалпы құны 3,5 млрд. теңгені құрайтын 38 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Балқаш, Ұйғыр, Жамбыл, Кеген, Іле және Қарасай аудандарында салынатын нысандардың тізімі бекітілді.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алмат Тұрысбекұлының айтуынша, жыл басында 16 нысан пайдалануға беріледі.
«Өткен жылдың желтоқсан айында Жамбыл ауданы Ащысу ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт қолданысқа берілген болатын. Енді қаңтар айында 5 фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 дәрігерлік амбулатория және 5 медициналық пункт қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарының 90-95% аяқталды», - деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, Кеген ауданында 8 блокты-модульдік кешеннің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Ереуіл, Ақсай, Кенсу, Жіңішке, Темірлік, Мойнақ, Көкпияз және Мыңжылқы ауылдарында 2025 жылдың 1 тоқсанына дейін аяқтау жоспарлануда.

Бұдан басқа, Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында және Райымбек ауданының Нарынқол ауылында, Үштерек ауылында, Қарасай ауданының Абай ауылында, Райымбек ауданының Тегістік ауылында, Еңбекшіқазақ ауданының Тескенсу ауылындағы емханаларда яғни, 6 медициналық мекемеде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы Еңбекшіқазақ, Балқаш және Райымбек аудандарында 3 нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталған болатын. Сонымен қатар 2024 жылы 4 денсаулық сақтау объектісіне күрделі жөндеу жүргізілді.

Оқылды 700 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет