Бейсенбі, 23 Қаңтар 2025 17:51

Қаскелеңде заманауи перенаталды орталық ашылады

Алматы іргесіндегі өндірісі өркендеген өңір- Қарасай ауданы. 352 мың халқы бар аймақта 18 ірі өндіріс ошағы жұмыс жасайды. Сонымен қатар, 7 бірдей жүйе құраушы кәсіп оны тағы бар. Өткен жылы ауданда өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 9,4%-ға өсіп, 622 млрд. теңгеге жетті. Бұл туралы Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Аудан басшысы былтыр Шамалғанда Қазақстандық құбыр арматурасы зауыты салынып, 80 адам жұмысқа тұрса, Сауыншы ауылында «BMG Holdinq» компаниясының сэндевич-панель шығаратын зауыты іске қосылып, 60 адам еңбекке тарылғанын жеткізді. Сәйкесінше, ұлу жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 224,2 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 40,4%-ға өскен.
Қарасайдағы қуатты өндірісті қамтыйтын ең ірі жобаның бірі, Оңтүстік Кореялық «KT&G» компаниясының зауыты. Жоба құны 80 млрд. теңге болатын бұл нысан ақпан айында қолданысқа өтіп, 300 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
- «Жармұхамбет ауылында құны 15 млрд. теңгені құрайтын «ROIR» компаниясының шағын индустриялық аймағы ашылады. Сондай-ақ, «Бурундай контейнер Терминал» компаниясының көп салалы контейнерлік терминалы салынады. Жалпы, 2025 жылы 20-ға жуық жаңа инвестициялық жобалар іске асырылады»,-деді Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов.
Қарасай ауданында ірі бизнеспен қатар шағын және орта кәсіпкерлік қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда ауданда аталған салада 32 827 субъект тіркеліп, 55 250 астам тұрғынды жұмыспен қамтыды. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында шағын кәсіпкерлік субъектілерімен 252 млрд теңгеге өнім шығарылды.
Жасұлан Тоққожаұлының айтуынша, аудандағы маңызды мәселенің бірі білім саласы. 2024 жылы "Жайлы мектеп" Ұлттық жобасы аясында Қаскелең қаласы, Қошмамбет, Елтай, Долан, Көкөзек және Кемертоған ауылдарында жалпы 8100 балаға арналған жаңа форматтағы 6 мектеп қолданысқа берілді. Нәтижесінде аудандағы үш ауысымды мектептердің саны соңғы 2 жылда 12-ден 3-ке азайған.
Баспасөз мәслихаты барысында Жасұлан Тоққожаұлы, Қаскелең қаласында заманауи перенаталды орталығының және бір күнде 500 келушіге арналған көп салалық емханана салынатынын айтты.
Аудан әкімі коммуналдық шаруашылық саласына да тоқталды. Сөзіне сенсек, ауыз судан тапшылық жоқ. Жаңатұрмыс және Қаратөбе ауылдарының ауыз су жүйесінің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
2025 жылғы бюджетте 4 елдімекеннің ауыз су жүйелерінің бастапқы құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіледі. Оған қазынадан 1,8 млрд. теңге бөлінді Сонымен қатар, Қаскелең топтық су құбырының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 1 қала мен 17 ауылды ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Әкім мырза, өзі басқаратын ауданда энергия тапшылығының барын жоққа шығармады. Алайда, мәселе жуық арада шешімін табады деп сендірді.
Сөз соңында, спикер, күре жолдың тағдырына тоқталды. Оның сөзіне сүйенсек, 2024 жылы ауданның жолдарын жөндеуге 2,9 млрд. теңге қарастырылып, 28 елді мекеннің 60 көше, барлығы 71 шақырым жол жөнделген.
- «Қазіргі таңда аудандық маңызы бар 1115 шақырым жолдардың 421 шақырымы жөнделген, 694 шақырым жөндеуді қажет етед», деп қорытындылады аудан әкімі Жасұлан Естенов.

Оқылды 523 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет