Дүйсенбі, 27 Қаңтар 2025 17:10

Қазақстанда республикалық маңызы бар 4,7 мың шақырым жол салынады

«Көлік-логистика секторын дамыту – стратегиялық мәні айрықша басымдық. Еліміз Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан. Бұл – бізге әлемдік бәсекеде зор мүмкіндік беретін артықшылық. Біз кейінгі ұрпаққа жоғары сапалы авто және теміржолдарды қалдыруымыз керек» -
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті.


2024 жылы құрылыс, қайта жаңарту және жөндеу жұмыстарының жалпы көлемі 12 мың шақырым жолды құрады. Бұл - рекордтық көрсеткіш. Жол құрылысы маусымында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаңғырту және жөндеу жобаларына 25 мыңнан астам адам мен 10 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

7 мың шақырым жолдың құрылысыаяқталды. Атап айтқанда, Қарағанды – Алматы, Талдықорған – Өскемен, Ақтөбе – Қандыағаш және Атырау – Астрахан күре жолдарындақұрылыс жұмысы бітті. Жобаларды іске асыру көліктердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге, жол жүру уақытын едәуір қысқартуға, жолдың өткізу қабілетін арттыруға, ел аймақтары арасындағы көлік байланысын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді.

Әкімдіктер жергілікті маңызы бар 3,6 мың шақырымнан астам жолды пайдалануға берді. Жөндеу жұмыстарының ең көп көлемі Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Павлодар облыстарында орындалды. Қостанай облысында 655 шақырым жол, Солтүстік Қазақстан облысында 611 шақырым, Шығыс Қазақстан облысында 305 шақырым, Ақтөбе облысында 301 шақырым, Павлодар облысында 272 шақырым жұмыстары аяқталды.

Жол-құрылыс маусымына 200-ден астам отандық компания қатысты. Жол-құрылысына пайдаланылған материалдардың ішінде отандық өнімнің үлесі шамамен 96%-ды құрады. Жүргізілген жұмыстардың арқасында жергілікті жолдардың нормативтік жағдайы ұлғайып, республика бойынша орта есеппен 89%-ға жетті. Салыстырамалы түрде 2019 жылы бұл көрсеткіш 68% құраған.

Үш ірі инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды. Олардың қатарында Орталық Азиядағы ең ұзын деп танылған  Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір, Түркістан облысындағы Шақпақ баба асуындағы қос жолды тоннел жәнеАлматы облысындағы Шамалған станциясындағы теміржол өткелі бар.

Әр нысанның өз артықшылығы бар. Шығыс Қазақстан облысындағы жалпы ұзындығы 1316 метрді құрайтын Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір жеті ауданды байланыстырады. Көпірді көлікпен өту уақыты 4 минутты құрайды.Түркістан облысындағы жалпы ұзындығы 840 метр құрайтын Шақпақ баба асуы арқылы тоннел қолайсыз ауа райына қарамастан үздіксіз әрі қауіпсіз көлік қозғалысын қамтамасыз етеді. Жоба «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бір бөлігі. Алматы облысындағы Шамалған станциясындағы өткелдің ұзындығы 6 шақырымды құрайды,  теміржол өткелі көліктердіңқауіпсіз өтуіне мүмкіндік береді.

2024 жылғы құрылыс маусымының қорытындысы бойынша Балқаш, Алакөл, Бөкей-Орда, Алтай, Баянауыл ұлттық паркі және т.б. туристік орындарға дейін көлік қозғалысыашылды.

Қазақстанда жалпы ұзындығы 1100 шақырымқұрайтын үш ірі темір жол құрылысы жүзеге асырылуда: «Достық – Мойынты», «Алматы айналма темір жолы» және «Дарбаза – Мақтаарал» бар. Жобаларды жүзеге асыру қазақстандық өнімнің үздіксіз экспорттыкеңейтуге мүмкіндік беріп, елдің транзиттік әлеуетін арттырады. Биыл Достықтан Мойынтыға дейін теміржолдың құрылысы аяқталады. Учаскенің өткізу қабілеті 5 есе артады. Сонымен қатар, биыл Алматыны айналып өтуге мүмкіндік беретін темір жолдың құрылысы аяқталады. Бұл аймақтағы теміржол желілеріне түсетін жүктемені азайтуға ықпал етеді. «Дарбаза-Мақтаарал» жобасы Оңтүстік Қазақстан өңірін халықаралық транзиттік дәліздерге жалғайтын болады.

2024 жылы 1400 шақырым теміржол жөнделіп, 143 вагон  сатып алынды.
Бүгінгі таңда осы темір жол жобаларын салу шеңберінде шамамен 2,7 мың жұмыс орны ашылып, 1,4 мыңнан астам техникажұмылдырылды. Теміржол желісін салу және қайта құру ел экономикасының дамуына серпін береді.

Жалпы ұзындығы 4,7 мың шақырымды құрайтын жаңа жол жобалар кезең-кезеңімен іске асырылады. Оның 3,7 мың шақырымы I санатты, ал қалған 1 мың шақырым II санатты жолдар болады. 2025 жылы құрылысы басталатын жобалар:

• «Ақтөбе – Ұлғайсын» (234 шақырым),
• «Қарағанды – Жезқазған» (572 шақырым),
• «Сарыағаш қаласының айналма жолы» (102 шақырым),
• «Қызылорда қаласының айналма жолы» (20 шақырым),
• «Атырау – Доссор» (86 шақырым),
• «Рудный қаласының айналма жолы» (16,9 шақырым),
• «Жаңаөзен – Кендірлі» (156 шақырым),
• «Петропавл қаласының айналма жолы» (8 шақырым).
Бұл бастамаларды жүзеге асыру арқылы жергілікті бизнес пен кәсіпорындар дамиды. 2025 жылы жаңа жол жобаларын іске асыру аясында 31 мың жұмыс орны ашылып, қосымша инвестиция тартылады. Көпжолақты жолдар жол-көлік оқиғаларының алдын алып, оларды азайтуға ықпал етеді.
Теміржол және автомобиль жолдарын салу менқайта жаңарту іскерлік белсенділікті едәуір жақсартады, медициналық және білім беру мекемелеріне, азық-түлік дүкендеріне, мәдени орталықтарға және т.б. қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, азаматтардың жағдайын жақсартуға бағытталған.

Оқылды 200 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 21, 2025

Стартовал первый день IV…

8-9 апреля 2025 года Высшая школа экономики и бизнеса Казахского национального…
Сәу 18, 2025

Интернет алаяқтықпен күрес күшейтілді

Цифрлық технологиялардың дамуымен қатар интернет алаяқтық түрлері де қарқын алуда. Осы…
Сәу 18, 2025

Табиғатқа инвестиция: Есік көлін…

Алматы облысы аумағындағы «Есік көлін» жаңарту мақсатында, 2024 жылдың 20 желтоқсанында…
Сәу 18, 2025

Тұрақты даму мақсаттары

2025 жылдың 9 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Экономика және…
Сәу 17, 2025

Сарсаңға салған «синтетика»

 Әр заманның, қоғамның өзінің кемшін тұстары болады. Кешегі Кеңес үкіметі тұсында қазақ…
Сәу 17, 2025

Балық шаруашылығының бағбаны еді

1940 жылдың 24 сәуірі Олжаевтар әулеті үшін ерекше күн болды. Өйткені, нақ аталған күні…
Сәу 17, 2025

Сарқылмас білім бұлағы

Кітап – адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа…
Сәу 17, 2025

Их имена не должны быть забыты

Бакыт Исмагулова, ветеран Каракемерской в/ч 6654 Национальной гвардии РК, до выхода на…
Сәу 17, 2025

Батыр патриот

Биылғы жылы Қазақ Республикасы құрамында болған Кеңес Одағының фашистік Германияны…

Күнтiзбе

« Сәуір 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет