Сәрсенбі, 29 Қаңтар 2025 12:27

Талғар ауданында инвестиция 124,6 млрд теңгеге жетті

Талғар ауданы Алматы облысының экономикалық донорына айналып келеді. Бұл туралы аудан басшысы Танат Ескенкелдіұлы баспасөз мәслихатында мәлімдеді.


Олай айтуға негізде жоқ емес, 2024 жылы жергілікті бюджетке 31.,2 млрд.теңге түсімдер жиналып жоспар 104.0% орындалды.
Салық базасын ұлғайту мақсатында бюджетке 732 млн.теңге түсім қамтамасыз етілді.Бюджет шығындарының көлемі 20,1 млрд. теңгеге жетіп, жоспар 93,7 %-ға игерілген жайы бар. Өндірісі де өркендеген. Өндіріс көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 11,4 млрд. теңгеге артып, 99,1 млрд. теңгеге жеткізілді.
7 жаңа өндіріс орындары ашылып, 101 адам жұмыспен қамтылды, барлығы 8,6 млрд. теңге инвестиция тартылды. ШОБ ісіде алға басқан. Бүгінгі күні аданда 22 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс жасайды.
Танат Есенкелдіұлының айтуынша, кәсіпорындар санының артуымен қатар олар өндіретін өнім көлемі де ұлғайып келеді.
Бүгінде бұл көрсеткіш 358,1 млрд. теңгені құрап, бюджетке 30,4 млрд. теңге түсімдер жиналған. Ол жалпы бюджеттің 20,3 пайызын, аудандық бюджеттің 85 пайызын құрайды.
«Әр жылдардағы тәжірибеге сүйенсек нарық кезінде экономиканың өрлеуі инвестицияның өсуіне байланысты болады. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 124,6 млрд. теңгеге жетіп, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 16,9 млрд. теңгеге көп»,-дейді Талғар ауданының әкімі Танат Айдарбеков.

Өндірісі ілгері басқан өңірде құрылыс қарқынды. Былтыр ауданда құрылысқа 60,6 млрд. теңге жұмсалып, 2024 жылы 287,1 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілген.
Бүгінгі күні Талғар қаласында 9 қабатты 72 пәтерлік 3 тұрғын үйлердің және аудан бойынша 10 жеке тұрғын үй кешендерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Аудан басшысы комуналдық мәселелерде өз ретімен шешімін тауып жатыр дейді. Соның ішінде ауыз судан тапшылық жоқ екеніне сендіріде. Бүгінгі күнге 46 елді мекеннің 45-сі орталықтандырылған су жүйесіне қосылған, яғни қамту деңгейі 97,8 пайызды құрайды. Ал, көгілдір отынды аудандағы 31 елді мекеннің халқы тұтынып отыр.
«Кіші Байсерке,Еламан, Көктал, Төнкерис, Арқабай ауылдарында газдандыру жұмыстары жүргізілуде», деп атап өтті Танат Есенкелдіұлы.
Ауданның айнасы саналатын, жол саласында да бірталай істер атқарылған. Өңірдегі жолдардың жақсы жағдайдағы үлесі 65 %-дан 67%-ға өсті. Жол жөндеу жұмыстарына тоқталсақ, 2024 жылы бюджеттен 2,4 млрд. теңге қаражат қарастырылып, 63,2 шақырым жолдар жөндеуден өтіп, 22 жарықтандырылған жаяу жүргіншілер өткелі, 40 аялдама, 3 бағдаршам орнатылып, бүгінгі күні іске қосылды.

Оқылды 365 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет