Дүйсенбі, 17 Ақпан 2025 14:38

Күршім көпірі іске қосылғаннан кейін төрт айдан соң: Шығыс Қазақстан дамуының жаңа кезеңі

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін елдегі ең ұзын көпір жұмыс істеуде. Жоба өңірдегі көлік байланысының көпжылдық мәселесін шешуге бағытталған.

«Жұрт жылдар бойы жазда – пароммен, қыста – мұздың үстімен жүретін. Бұл өте ыңғайсыз әрі қауіпті болғаны түсінікті. Енді мәселе біржола шешімін тапты»,- деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бүгінгі таңда Күршімдегі көпір Шығыс Қазақстан облысының Күршім, Үлкен Нарын, Марқакөл, Катонқарағай, Тарбағатай және Зайсан аудандарын Өскемен қаласымен байланыстыра отырып, көлік құралдарының жыл бойы қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етеді.

Алғашқы төрт айда көпір арқылы 170 мыңға жуық автомобиль өткен. Яғни, күн сайын 1,5 мыңға жуық көлік көпірді пайдаланады. Бұған дейін аймақ тұрғындары 500 шақырымға дейін айналма жол жүруге мәжбүр болғанын айта кеткен жөн. Бұл жол жүру уақыты мен көлік шығынын едәуір арттырды.

Көпірдің құрылысын Шығыс Қазақстан облысындағы отандық компания жүзеге асырды. Бұл өңірде жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ете отырып, жергілікті ресурстарды, мамандарды тартуға мүмкіндік берді.

Жоба озық инженерлік технологияларды қолдану арқылы және барлық сапа стандарттарына сәйкес жүзеге асырылды.

Көпірдің жалпы ұзындығы - 1316 метрді, ені - 12,2 метрді құрайды. Бір жағында жаяу жүргіншілер жолағы салынған. Қысқы кезеңде конструкцияны қорғау үшін тіректердің әрқайсысында зақымданбайтын арнайы мұз кескіштер орнатылған.

Сонымен қатар су бетінен көпірге дейінгі қашықтық 18 метрді құрайды. Бұл навигация кезеңінде кемелердің көпірдің астынан кедергісіз өтуіне мүмкіндік береді.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін жаңа көпірде 102 бейнебақылау камерасы орнатылған, оның 62-сі көпірдің жоғарғы бөлігінде, 40-ы көпір асты аймағында орналасқан. Камералар онлайн режимінде жұмыс істейді, бұл жолдың жағдайын үнемі бақылауды қамтамасыз етеді.

Өңір тұрғындары көпір су қоймасының екі жағындағы елді мекендер арасындағы көлік қатынасы мәселесін шешкенін айтады. Аталған көпір азаматтардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етіп, тауарлардың қозғалысын жеделдетіп, халықтың барлық қажетті қызметтері мен қажеттіліктеріне қол жеткізілді.

Күршімдегі көпір – жай ғана құрылыс емес, барлық өңір үшін жаңа үдеріс пен жаңа мүмкіндіктердің символы іспеттес.

Жергілікті тұрғын Айбар Еріков атап өткендей, көпір «үлкен әлемге ашылған есік» болды: 

«Қыста Бұқтырма су қоймасының арғы жағына өту үшін қалың мұздың қатуын күткеніміз есімде. Енді біз бұл туралы ойламаймыз! Көлікке отырасың – арғы жағадан шығасың. Біз үшін бұл көпір үлкен әлемге ашылған есік сияқты. Қалаға бару әлдеқайда жеңіл, жылдам және қауіпсіз».

 Шағын кәсіп иесі Айнаш Оразбаева өңірдегі сауда жандана түскенін мәлімдейді:

 «Бұрын бізге тауарларды жеткізу нағыз квест болатын: жазда – паром, қыста – мұз үстімен, ал маусымнан тыс уақытта ештеңе әкелмейтін. Енді тауарлар үзіліссіз жеткізіліп, дүкендердегі ассортимент өсті, бағалар тұрақталды. Көпір арқылы жұмыс істеу әлде қайда оңай, ал адамдардың өмір сүруіне ыңғайлы жағдай жасалды».

 Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі Мұрат Рамазанов жолды және жолдағы уақытты үнемдеу туралы айтып берді:

 «Егер бұрын маған Бұқтырма су қоймасын айналып өту үшін қосымша 500 шақырым жүру керек болатын. Себебі мен табиғатымнан экстремалды жақсы көрмеймін және көлігімнің салмағымен мұздың беріктігін тексергім келмеді. Енді мен көпірден өтіп бара жатырмын. Бұл жанар майды ғана емес, уақытты да үнемдеп, жүйкенің де шаршамауына үлкен мүмкіндік».

Күршімдегі көпір Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп қана қоймай, тұтастай алғанда елдің көлік-логистикалық саласының дамуына оң әсерін тигізіп, логистикалық бағыттарды жақсартып, шекара маңындағы елдермен үздіксіз байланыстарды қамтамасыз етті. Сондай-ақ көпір аймақтың туристік әлеуетін арттырып, өңірдегі және Бұқтырма су қоймасының көркем көрінісін тамашалауға мүмкіндік берері сөзсіз

 

Соңғы жаңалықтар

14 ақпан 2025

 
Автомобильдік транзиттік тасымалдау көлемі жыл сайын артып келеді

14 ақпан 2025

 
Қазаэронавигацияның Кәсіби дайындау орталығы авиация персоналын даярлау бойынша әлемдегі алдыңғы қатарлы оқу орталықтарының бірі болып танылды

13 ақпан 2025

 
ҚР Көлік министрлігінің Қоғамдық кеңесі 2025 жылы алғашқы отырысын өткізді, онда Қоғамдық кеңестің алдағы жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды

13 ақпан 2025

 
Қазақстанда тростық тосқауылдар сынақтан өтуде

11 ақпан 2025

 
Көлік министрлігі «Жұмысшы мамандар қаласы»фестиваліне қатысуда
Оқылды 290 рет

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 11, 2025

Мемлекеттік қызметке ашық жол:…

Мемлекеттік қызмет — ел дамуы мен тұрақтылығының тірегі, азаматтардың әл-ауқатын…
Қырқ 11, 2025

Бошкулов Айдар Багашарович, …

В послании Главы государства этого года обозначены как глобальные вызовы времени, так и…
Қырқ 10, 2025

Оқушылардың ата-аналарына арналған…

Жаңа оқу жылы – әр оқушы мен ата-ана үшін жауапты әрі ерекше кезең. Бұл уақыт баланың…
Қырқ 10, 2025

Жіті респираторлық вирустық инфекция…

ЖРВИ/тұмау- ол жіті жұқпалы, инкубациялық мерзімі қысқа, тыныс алу жолдарының қабынуымен…
Қырқ 10, 2025

Оба:жұғу жолдары, алдын алу шаралары.

Оба аса жұқпалы, карантинді инфекциялар тобына жататын ауру. Инфекцияның жабайы…
Қырқ 10, 2025

Мектеп жиһазына қойылатын санитарлық…

Мектеп жиһазы оқу процесін ұйымдастырудың негізгі элементі болып табылады.…
Қырқ 10, 2025

Компьютердің көру қабілетіне әсері

Қазіргі уақытта компьютерлер, планшеттер, смартфондар және басқа гаджеттер ақпарат алу…
Қырқ 09, 2025

Алматы облысының қатысуымен …

Алматы облысының қатысуымен Мәскеуде бизнес-форумИнвестициялар, цифрлық технологиялар…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет