Дүйсенбі, 03 Наурыз 2025 11:09

Қонаевта 42 ауқымды инвестжоба жүзеге асады

Қонаевта 42 ауқымды инвестжоба жүзеге асады

Мұны Қонаев қаласында өткен пресс-тур кезінде кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қайрат Умаров айтты.

«Былтыр негізгі капиталға 103,1 млрд. теңге инвестиция тартылды. Қазіргі таңда Қонаевтың инвестициялық портфелінде 42 жоба бар. Бүгінде 4 ауқымды жобаның құрылысы жүріп жатыр. Олар: мейрамхана кешені, «Оспанова Девелопмент» компаниясының балық зауыты, «ASP Arena» және жеміс-жидектерді өңдеу зауыты», – деді бөлім басшысы.

«Оспанова Девелопмент» ЖШС-ға тиесілі балық зауыты құрылысының 1-кезеңі аяқталды. Мұнда жылына 10 000 тонна баррамунди балығы өсіріледі. Жобаның жалпы құны 67,3 млрд теңгені құрайды.
 
Зауыт 35 гектар жерді алып жатыр. Құрылысы 2021 жылы басталған. 2023 жылдың қазан айында балық шабақтары алғаш рет суға жіберілді. Кешенге технологиялық, әкімшілік-тұрмыстық және инженерлік-техникалық блоктар кіреді. Мұнда балықты орналастыруға арналған бассейндер, сүзгі қондырғылары, инкубациялық резервуарлар, артемия мен коловраттар бар. Өнімді өткізудің негізгі нарықтары ҚР мен ТМД елдері болады деп күтілуде.

Ал «ASP Arena» (бұқаралық мәдени іс-шараларды өткізуге арналған туристік-спорттық ойын-сауық кешені)
ел ішінде танымал болып үлгерді. Мұнда бұған дейін 10-нан астам елден мыңдаған көрерменді жинаған Рок фестиваль, жазғы және қысқы дрифт шоу өтті. Қысқы дрифт шоудың алғашқы шарасы аяқталған соң, ауданы Медеуден де үлкен мұз айдыны халыққа қызмет етіп келеді. Жақында тағы да дрифт шоулар ұйымдастырылады. Тиімділігі сонда - кез келген демалыс түрінің бағасы тұрғындарға қолжетімді.

Кешеннің аумағы – 64 гектар, жобаның аяқталу уақыты – 2025 жыл. Инвестиция сомасы 8,1 млрд. теңгені құрайды. Жоба толық қолданысқа берілгенде 482 жұмыс орны ашылады. Кешеннің аумағында – қонақ үй, 500 орындық мейрамхана, 1000 шатырға арналған кемпинг алаңы, 3600 орындық трибуна және ауданы 15,4 мың шаршы метр болатын түрлі іс-шараларды өткізуге арналған арена, автожүргізушілерге арналған академия, бассейн қарастырылған. Сондай-ақ 2000 орындық тұрақ бар. Нысан мынадай қызметтерді көрсетеді: кәсіби автоұшқыштарды аттестаттау, спорттық автомобильдерді, квадроциклдерді жалға алу, картинг.

Бұдан бөлек, Қайрат Умаров 10 жобаның сметалық құжаттары әзірленіп жатқанын атап өтті. Ал қаладағы кейбір кәсіпорындар жаңғыртылып, үлкейеді деген жоспар бар. Мысалы, жүгері таяқшаларын өндіретін «АЯМ» ЖШС кәсіпорнын кеңейтіп, қытырлақ нан шығаратын зауыт салып жатыр. Жобаның құны – 400 млн. теңге.

«Қапшағай бидай өнімдері» ЖШС да кәсіпорнын кеңейтуде. Жоба аясында элеваторды күрделі жөндеу, астық тиеу жүйесін салу, инженерлік желілерді ауыстыру, құрама жем зауытын және қойма салу жоспарланған.

Оқылды 342 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет