Бейсенбі, 06 Наурыз 2025 12:23

Білікті басшы, қарапайым әйел

«Отбасының жүрегі, алтын діңгегі – ана» деп бұрынғы даналарымыз бекер айтпаған.  Сондықтан да ұлылардың ұлағатты, тағлымды өсиеттерінде:  «Әйел – қоғамды қозғаушы күш, өмір айнасы, ел тұтқасы» деген тәмсіл бар.

Тек отбасылық тірлік емес, әйелдер қауымы еркектер атқаратын істің бәрін істейді.

Ғылым-білім, өнерде, басшылық істерде, бизнесте болсын,қай салада да жетістікке жетеді. Сондай отбасында ғана емес, болашақ иелерін тәрбиелеу, басшылық істе де өзінің білгірлік, біліктілігімен еленіп жүрген  аяулы жанның бірі – Сайра Базилбекова.

1989 жылы Сайра Сыдыққызы Тал-дықорған облысы Көксу ауданындағы Алғабас орта мектебін жақсы бағамен бітіріп, алғашқы еңбек жолын сол аудан-дағы Қызыларық орта мектебінің интер-натында түнгі күтуші ретінде бастайды. Келер жылы Талдықорған заң техникумына оқуға түседі.

1994 жылы 1 қыркүйек айынан бас-тап, жас заңгер Сайра Шелек мектеп-аралық оқу-өндірістік комбинатында іс-қағаздарын жүргізуші мамандығының мұғалімі ретінде жұмысқа қабылданады. Сөйте жүріп Алматы индустриалды педагогикалық академиясын, кейін Алматы гумантарлық-техникалық универ-ситетінің «Кәсіптік оқыту педагогы» ма-мандығын оқып, игеріп алады.

Іскерлігі мен біліктілігі ескеріліп, 2013-тің жаңа оқу жылынан бастап, аталған оқу орынының директоры болып тағайындалады. Осы кезден бастап оқу-өндірістік комбинаты арасында түрлі кәсіби-техникалық жарыстар, байқаулар, өзара тәжірибе алмасу сияқ-ты іскерлік семинарлар өткізіп, жұмысты жандандаруға белсене атсалысады.

2023 жылдан бастап оқу-өндірістік комбинатының аты өзгеріп, Шелек ауылының балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы болып жұмыс істей бастады. Мамандық алу ауқымы кеңейе бастады. Қазір бұл атау да өзгеріп, Шелек оқушылар үйі деп аталды. Енді оқушылар үйінде бірінші сыныптан бастап, 11 сынып оқушыларына бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында алты бағыт бойынша әртүрлі үйірмелерден қосымша білім беріп келеді.

Осыдан бірнеше ай бұрын облыстық білім басқармасының облыстық ғылыми тәжірибе орталығының қолдауымен, аудандық  білім бөлімінің ұйымдасты-руымен Шелек оқушылар үйінің қыз-меткерлері «Баланың үйірмеден үйре-нері көп» атты облыстық тәжірибе алмасу семинарын өткізіп, «Үздік үйір-мелер керуен» тақырыбында ашық сабақтар өткізіп, оқушылардың қолөнер  көрмелеріне баға берілді.  «Қарап отырма, бір нәрсеге жарап отыр» демекші, түрлі кәсіп, өнер үйірмелерінің ісін жандандыруға жол ашқан бас қосу еді – бұл.

Сайра қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. 2014 жылдан бері Шелек ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы. Аудандық мәслихаттың VІІІ шақырылымының  депутаты болып сайланып, ел аманатын орындауда да тынымды тірлік атқаруда.

Сайра Сыдыққызының ерен еңбегі еленіп, Қазақстан Республикасы оқу-ағарту ми-нистрлігінің Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің бірнеше Алғыс хаттарымен және облыстық білім бас-қармасының Құрмет грамотасымен, сондай-ақ «Аманат» партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың Алғыс хатымен марапатталды.

«Біздің жерімізде еркек – діңгек, әйел – гүл. Діңгек – жапырақсыз, гүлсіз қазақша айтқанда «қу бас» деген сөз. Әйел – құнарлы топырақ, онда адамзат дәні өсіп, жетіледі. Біз сол дәннің жемісіміз. Әйелсіз адамзат «жемісі» ешқашан да болмайды» деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, С.Базилбекова– іскер маман, білікті басшы ғана емес, аяулы әйел, ардақты ана,үлгілі отбасы-ның ұйтқысы бола білген жан. Үш бала тәрбиелеп өсірді. Ернары әскери қызметте, Жанабегі аудандық төтен-ше жағдайлар бөлімінің аға инженері болса, Ерасылы Қ.Сәтпаев атындағы Ұлттық университеттің студенті.

Сайрамен хабарласқанымызда: «Біз – ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі, белсенділер болып, әйелдер күні-не орай игі шара өткізбек болып, дайындалып жатырмыз, соған келіңіз», – деп өтінішін білдірді. Ол ізгі шараға да баратынымды, одан бұрын өзі туралы мақала жазуды айтып, халықаралық әйелдер мерекесімен алдын ала  құттықтадық.

Бір мекемені басқарғанымен, отба-сының ұйытқысы, тыныштықтың шы-рақшысы бола білген Сайрақоғамда да алатын орны ерекше. Үй шаруасында ғана емес, саяси қызметті де жауапкершілікпен атқарып жүрген Сайрадай нәзік жандарға «Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген қанатты сөз арнап айтылса керек.                        А.БЕРДІБАЕВ.

 

Оқылды 566 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…
Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…
Қаң 09, 2026

Құрмет төрінде

Әне-міне дегенше, жылжып жылан жылы да өтіп, шапқылап жылқы жылы жетті. Жылан жылы жаман…
Қаң 09, 2026

Қолдау барда даму бар

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл…
Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет