Бейсенбі, 20 Наурыз 2025 16:02

Алматы облысында тұрғын үй бағдарламасы қалай жүзеге асырылуда?

Алматы облысында мемлекеттік бағдарламалар аясында азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. Соңғы жылдары мыңдаған отбасы көптен күткен пәтерлеріне қол жеткізді, ал тұрғын үй құрылысы мен сатып алуға бөлінетін қаржы көлемі айтарлықтай өсті.

Бүгінгі таңда облыста тұрғын үй кезегінде 39 514 адам тұр, олардың ішінде:
• Ұлы Отан соғысының ардагерлері – 3 адам,
• жетім балалар – 4 723,
• көпбалалы отбасылар – 12 328,
• әлеуметтік осал топтар – 15 003,
• бюджет саласының қызметкерлері – 7 446,
• жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтар – 11.

2024 жылы әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға облыстың әртүрлі аудандарында 442 жалдамалы пәтер берілді.

2025 жылы тағы 147 пәтерді тапсыру жоспарлануда. 2019 жылдан бастап Алматы облысында ауқымды тұрғын үй бағдарламасы іске асырылуда. Егер 2019 жылы республикалық бюджеттен 605 пәтер сатып алуға 3,9 млрд теңге бөлінсе, 2024 жылы осы бастама аясында 1 281 пәтер сатып алынып, жыл соңына дейін тағы 369 пәтер беріледі.

«2024 жылы әлеуметтік осал топтарға 1 281 пәтер 20,6 млрд теңгеге сатып алынды, ал жыл соңына дейін тағы 369 пәтер беріледі. Бұл – баспанаға мұқтаж азаматтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етудегі маңызды қадам», – деп атап өтті Алматы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Мұхамедғаріп Құрманғалиев.

Сатып алумен қатар, тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Тек биылдың өзінде 276 пәтерлік 36 жалдамалы үйдің құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін 1 522 пәтерлік 28 несиелік үйдің құрылысы аяқталады.

Барлық сатып алынатын және салынып жатқан үйлер қатаң талаптарға сай келеді. ҚР Индустрия және құрылыс министрлігінің бұйрығына сәйкес, тұрғын үйлер III-IV класты, таза әрлеумен, сатып алынғанға дейін екі жылдан аспаған мерзімде салынған және су, электр жүйелеріне қосылған болуы тиіс.

Тұрғын үйді сатып алу мемлекеттік сатып алу рәсімдері арқылы ашық жүргізіледі. Әрбір нысан сатып алынбас бұрын бағалау рәсімінен өтеді, ал бағалар сметалық нормативтер мен нарықтық талдау негізінде белгіленеді.

Халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасы жергілікті билік органдарының басты міндеттерінің бірі болып қала береді. Қаржылық бақылауды өңірлік комиссиялар жүзеге асырады, ал пәтерлерді бөлу процесі ҚР Бюджет кодексіне сәйкес жүргізіледі.

Мемлекет пен жергілікті атқарушы органдардың күш-жігерінің арқасында мыңдаған қазақстандық отбасы баспаналы болып, тұрғын үй бағдарламасы одан әрі дамып, кезектің қысқаруына және азаматтардың өмір сүру сапасының жақсаруына ықпал етуде.

Оқылды 580 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет