Сәрсенбі, 02 Сәуір 2025 15:16

Ұлытау облысының Теректі стансасында жаңа мектеп ашылды

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM — Ұлытау облысының Теректі стансасында 80 орындық жаңа мектеп ашылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қос қабатты білім ордасы заманауи талаптарға сай жабдықталып, оқушыларға сапалы білім алуға барлық жағдай жасалған. Оған қоса, биыл қыркүйектен бастап, білім ошағында 25 балаға арналған шағын орталық ашылады. Ол жерде 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндер білім алады.

Жаңа мектептің ашылу салтанатына ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар қатысты.

Өңір басшысы жаңа мектептің ашылуы — ауыл тұрғындары ұзақ күткен маңызды қуаныш екенін атап өтті.

— Біз балаларымыздың сапалы білім алуын қамтамасыз ету үшін бар күшімізді саламыз. Бұл мектеп — өңіріміздегі білім беру сапасын жақсартуға бағытталған нақты қадам. Балаларымыздың болашағы жарқын болуы үшін осындай игі істер жалғасын табады, — деді өңір басшысы өз құттықтауында.

Жаңа мектеп қажетті инфрақұрылыммен толық қамтылған. Онда пән кабинеттері, заманауи жабдықталған зертханалар, кітапхана, асхана және спорт залы қарастырылған. Сонымен қатар, білім ордасы оқушылардың жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін барлық жағдаймен қамтамасыз етілген.

Теректі стансасындағы жаңа мектеп ауыл балаларының сапалы білім алуына үлкен мүмкіндік береді. Ұстаздар ұжымы оқу процесін жаңа әдістемелер негізінде ұйымдастырып, оқушылардың білім деңгейін көтеруге күш салатынын айтты.

Бұған дейін Ұлытау облысындағы Қаражал қаласына 1 млрд теңге инвестиция салынатыны айтылды.

https://kaz.inform.kz/news/ulitau-oblisinin-terekt-stansasinda-zhana-mektep-ashildi-d933b6/

 

Оқылды 409 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет