Сәрсенбі, 09 Сәуір 2025 15:58

Жақында «Алатау лигасының» жаңа маусымы басталады

2025 жылдың 15 сәуірінде Алматы облысындағы бұқаралық спортты дамытуға арналған жоба – «Алатау лигасының» алғашқы іріктеу кезеңі өтеді. Бұл туралы Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.


Аймақтағы спорт деңгейін көтеру – тұрғындар мен жастардың қолында. Осы орайда ұйымдастырушылар «Алатау лигасы» жастардың рухын көтеріп, олардың спорттық жетістіктерге жетуіне жол ашады деген сенімде. Сондықтан тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануы арқылы аймақтың спорттық деңгейін арттыруға ықпал ететін бұл ауқымды жоба өңірдегі маңызды шаралардың біріне айналды.
Алматы облыстық спорт басқармасының басшысы Айбол Тінәліұлы Құлбаев былтырғы маусымды ұйымдастыру барысында бірқатар олқылықтардың болғанын жасырмады. Дегенмен, олардың шешу жолдары қарастырылып, нақты жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
– «Алатау лигасы» – кәсіби спортшыларға емес, 14 жастан 35 жасқа дейінгі кез келген азаматқа арналған. Бұл ауқымды жоба Қазақстан бойынша тек біздің облыста ғана жүзеге асырылып жатыр. Сондықтан басты мақсатымыз – қарапайым халықты спорттың әр түріне бейімдеу арқылы салауатты өмір салтын насихаттау. Бұқаралық спортты дамыта отырып, еліміздің атын әлемдік аренада танытатын мықты спортшыларды тәрбиелеп шығару, – деді Айбол Тінәліұлы.
Сонымен қатар, ол «Алатау лигасының» 2025 жылғы маусымына жаңа спорт түрі – үстел теннисі қосылғанын айтты. Ережеге сәйкес, әр командада негізгі құрамда 2 ойыншы болуы тиіс: 1 ер адам және 1 әйел адам. Ал қосалқы тізімге тағы 3 адамды (2 ер және 1 әйел) қосуға болады.
Айта кетейік, 2024 жылы бастау алған «Алатау лигасы» – Алматы облысындағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған негізгі бастамалардың бірі. Лига футбол, волейбол және баскетбол сияқты спорт түрлерін қамтиды.
Еске салсақ, өткен маусымда лига аясында Алматы облысы бойынша әр ауылдық округте 140 спорт командасы құрылған. Нәтижесінде 318 команда дайындалды. Өңір тұрғындарының спортты белсенді қолға алуының нәтижесінде спортпен айналысатын халықтың үлесі 39%-дан 41,4%-ға артты.

Оқылды 518 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет