Дүйсенбі, 14 Сәуір 2025 18:07

Қазақстанның энергетика саласы жылыту маусымының нәтижелі аяқталғанын және алдағы ауқымды жаңғырту жұмыстары жайында хабарлады

«Біз газ бен көмір өндіру ісіндегі мүмкіндіктерімізді, сондай-ақ жаңартылатын қуат көздерінің әлеуетін толық пайдалануымыз керек», – Қ.К. Тоқаев, IV Ұлттық құрылтай, 14 наурыз 2025 жыл, Бурабай.

2024–2025 жылғы жылумен жабдықтау бойынша күзгі-қысқы маусым күрделі ақауларсыз өтті, бұл Қазақстан Үкіметінің қабылдаған шараларының нәтижелі болғанын көрсетеді.

 Маусымға дайындық 10 энергетикалық блоктың, 55 қазандықтың және 45 турбинаның күрделі жөндеуін қамтып, ЖЭО және жылу желілеріндегі жоғары тозуды азайту процесін бастауға мүмкіндік берді. Электр станцияларындағы технологиялық бұзушылықтар саны 27%-ға (1 070-тен 782 жағдайға) азайса, ал температуралық графиктің сақтамау жағдайлары 3,3 есеге (215-тен 65 жағдайға) қысқарды.

Маңызды жетістік ретінде 12 ЖЭО жағдайының жақсаруын атап өтуге болады: 9-ы “қызыл” аймақтан “сары” аймаққа, ал 3-і “сары” аймақтан “жасыл” аймаққа өтті. Нәтижесінде “қызыл” аймақта 10 ЖЭО  қалды (бұрын 19), “сары” аймаққа 17 ЖЭО (бұрын 11), “жасыл” аймаққа 10 ЖЭО (бұрын 7) өтті. Көрсеткіштерін жақсартқандардың қатарында Екібастұз, Өскемен, Жезқазған, Балқаш, Атырау, Риддер, Кентау және басқа станциялар бар. Айрықша назар «МАЭК» ЖШС, Ақтау жылу желілеріне және Степногорск, Теміртау ЖЭО-на аударылды.

2024 жылы Екібастұз 1- МАЭС қалпына келтірген блогын  (500 МВт), Атырау ЖЭО жаңа турбинасын (65 МВт) және Жезқазғандағы (+43 МВт) жаңартылған қазандықты қоса алғанда, 771 МВт жаңа қуат енгізілді. Сондай-ақ, жалпы қуаты 163,35 Мвт болатын жаңартылатын энергия көздері бойынша жобалар іске қосылды.

Энергетика министрлігі электр энергиясы үшін шекті тарифтерді қайта қарады, электр қуаты нарығындағы шекті тарифті арттырды және қайтарылатын инвестициялардың жылдық лимитін ұлғайтты. 2024 жылы қабылданған шаралар жөндеу жұмыстарына қаржыландыруды өткен жылмен салыстырғанда 44%-ға арттырып, 327 миллиард теңгеге жетуге мүмкіндік берді.

Алдағы жылыту маусымына дайындық басталып кетті: 10 энергетикалық блок, 63 қазандық және 39 турбинаның жөндеу жұмыстары жоспарланған, оның бір бөлігі қазіргі уақытта жүргізілуде. Өңірлердегі 66 жылу орталығында 53 қазандықтың жөндеуі мен реконструкциясы жоспарланған.

Суық ауа райы аяқталғаннан кейін 17 мың шақырым электр желісі мен 323 шақырым жылу магистралін жаңарту басталады.

Ұлттық энергетикалық модернизация жобасы аясында 77,5 мың км электр желілері мен 1,6 мың км жылу желілері жаңартылатын болады, жалпы бюджеті 4 трлн теңге. 2029 жылға дейін бұл электр желілерінің тозуын 45%-ға, жылу желілерінің тозуын 42%-ға азайтуға мүмкіндік береді. Генерация саласында 7,3 ГВт жаңа қуат енгізу жоспарлануда, соның ішінде қолданыстағы станцияларды жаңарту және жаңа станциялар салу да бар. 2029 жылға дейін 29 жобаны аяқтап, электр станцияларының орташа тозуын 40%-ға дейін азайту жоспарланған.

Жаңартылатын энергия көздерін дамыту басымдық болып қала береді: 2024 жылы 153 нысан 7,58 млрд кВт·сағ (жалпы өндірістің 6,43%-ы) өндірді. 8 жаңа станция (163,35 МВт) іске қосылды, ал 2025 жылдың соңына дейін тағы 9 ЖЭК жобасы іске қосылады (455,5 МВт). 2025 жылдың ақпан айында Қарағанды облысында қуаттылығы 50 МВт жел электр станциясы іске қосылды.

2025 жылы ЖЭК жобалары бойынша аукциондарға 1 810 МВт қуат ұсынылды, оның ішінде: жел электр станциясы – 1 200 МВт, күн электр станциясы – 90 МВт, гидроэлектр станциясы – 500 МВт, биоэлектр станциясы – 20 МВт.

Осылайша,  Қазақстанның энергетика саласы сенімді жылумен жабдықтауды, ауқымды жаңғыртуды және «жасыл» энергетиканың өсуін үйлестіре отырып, тұрақты дамуға қол жеткізуде.  

Оқылды 165 рет

Соңғы жаңалықтар

Маус 02, 2025

«SAQTAN» Жастарды сақтайық –…

Алматы облысында жастар арасында есірткіге тәуелділік, суицид, құмар ойындар сынды зиянды…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

Мен Абуханов Серік Егізбайұлы, 1985 жылы 28 маусымда Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ …

Мен Шынғожа Айбарұлы Тикельдиев, 1991 жылы 28 тамызда Еңбекшіқазақ ауданы Қазатком…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

Мен Умербеков Талғат Алтынбекұлы, 1965 жылы Шелек ауылында дүниеге келдім. 2007 жылы…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ САЙЛАУШЫЛАРЫ! Мен, Алдибеков Саят Болатбекұлы Алматы…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

Мен Сарғожанов Ринат Серікқанұлы, 1984 жылы 29 қазанда Есік қаласында туылдым. 2011 жылы…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

Мен Елубай Еламан Рауанұлы, 1996 жылы 7 қаңтарда Еңбекшіқазақ ауданы Тескенсу ауылында…
Мам 28, 2025

Жіті енжар паралич (полиомиелит)

Жіті енжар паралич – адамның жүйке жүйесін зақымдайтын және сал ауруына әкелетін…
Мам 28, 2025

2025 жылы Қазақстанда ауыл…

2025 жылдың 1 тамызы мен 20 қазаны аралығында елімізде Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы…

Күнтiзбе

« Маусым 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет