Дүйсенбі, 05 Мамыр 2025 10:41

Алматы облысында жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілуде

2025 жыл – Ішкі істер министрлігі «Профилактика жылы» деп жариялады. Мемлекет басшысы айқындап берген «Заң және тәртіп» қағидасын басшылыққа ала отырып, Алматы облысы аумағында бірқатар кешенді жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізіліп келеді.

Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Абдинур Тасыбаев мәлімдеді.
Аталған іс-шаралардың мақсаты көшелер мен қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардын алдын алу және жол қауіпсіздігін сақтау болып табылады.
Абдинур Тасыбаевтың айтуынша, облыс аумағында ұйымдастырылған «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 8029 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Нәтижесінде: 249 көлік айыппұл тұрағына қойылып, 407 автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірлері алынып әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, "Құқық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы 28-30 сәуір күндері өткізілді. Оның ішінде, 62 қылмыс тіркеліп кезекші тәулікте 41 қылмыс ашылды. Облыс бойынша барлығы 2714 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады, - деді Абдинур Тасыбаев.
Аталған іс-шаралар мемлекеттік органдар мен қоғамның бірлескен жұмысының нәтижесінде жүзеге асуда. Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті.

Оқылды 276 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет