Сейсенбі, 06 Мамыр 2025 11:30

Қазақстан Нью-Йорктегі БҰҰ форумында Орнықты даму мақсаттары бойынша үшінші Ерікті ұлттық шолуды ұсынады

2025 жылғы шілдеде Қазақстан 39 елдің қатарында БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде өтетін орнықты даму жөніндегі жоғары деңгейдегі Саяси форумда үшінші Ерікті ұлттық шолуды таныстырады. Форум - түрлі ел БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Күн тәртібін іске асыру тәжірибесімен және жетістігімен бөлісетін басты халықаралық алаңның бірі.

Шолу жұмысын Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғаммен, бизнеспен және халықаралық әріптестермен бірлесіп жүргізуде. Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі процестің дайындық жоспарын бекітті.

Шолудың жобасы БҰҰДБ мен Экономикалық зерттеулер институтының қолдауымен өткізілген өңірлік семинарларда талқыланды. Диалогқа барлық негізгі топтар, соның ішінде жастар өкілдері қатысты.

Сонымен қатар, елімізде Орнықты даму мақсаттарын мемлекеттік жоспарлау жүйесіне интеграциялау жалғасуда. 2024 жылғы қазанда Ұлттық индикаторлардың жаңартылған тізбесі бекітіліп, 200 көрсеткіштің 69-ы басым бағыт ретінде белгіленді. Бүгінгі таңда олардың 93%-ы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында ескеріліп, ал өңірлерде облыстардың даму жоспарына толықтай енгізілген.

Осылайша, Қазақстан тұрақты және инклюзивті өсуге қол жеткізуге, мемлекеттік басқару сапасын жақсартуға және халықаралық аренадағы өз ұстанымын нығайтуға дәйекті түрде көшуде.

Бұл Қазақстанның БҰҰ шеңберінде ұсынатын үшінші шолуы. Осындай есептер 2019 және 2022 жылдары сәтті таныстырылып, халықаралық әріптестер тарапынан жоғары бағаланған еді. 2025 жылғы форумға қатысу еліміздің жаһандық күн тәртібіне ниеттестігін айқындап, халықаралық қоғамдастықпен ынтымақтастығын күшейтеді.

Анықтама: Ерікті ұлттық шолу Күн тәртібі-2030 қабылданған сәттен бастап, еліміздің Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізудегі ілгерілеуін көрсетеді. Бұл тәжірибе алмасуға, мемлекеттік институтты нығайтуға, жаһандық міндеттерді жүзеге асыруға әріптестерді кеңінен тартуға ықпал етеді.

Оқылды 177 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет