Бейсенбі, 15 Мамыр 2025 11:54

Суару кезеңі басталғалы Жамбыл облысының диқандарына былтырғыға қарағанда екі есе көп су берілді

Биылғы суару маусымы басталғалы жергілікті шаруалар 44 млн текше метр су алды. Бүгінгі таңда өңірдегі 15 мың гектар егіс алқабы суарылды.

Күннің ыстығына байланысты Жамбыл облысында суару кезеңі 25 күнге ерте басталды. Ал жауын-шашын болмағандықтан, суармалы суға деген сұраныс алдыңғы жылдармен салыстырғанда екі есе артты.

Қазіргі уақытта Жамбыл облысының «Қазсушар» филиалы тиісті келісімшарттар жасалған шаруаларды суармалы сумен қамтамасыз етіп жатыр. Шаруа қожалықтарымен жасалған келісімдердің шарттары толық орындалып жатыр. Ал диқандар келіп жатқан судың көлеміне дән риза.

«Шаруашылықпен айналысып жатырмын. Сумен мәселе жоқ. Егінімізді суарып жатырмыз. Пияз ектім, жақсы өсіп келеді. Тамшылатып суару жүйесі тиімді, суды, дәріні үнемдеуге көмектеседі. Енді гектарына 70-80 тонна өнім жинаймыз деп есептеп отырмыз»,
- деді егінші Ақылбек Бәйтіков.

«13 гектар арпа ектім. Қазір бір рет суарып қойдық. Су мол келіп жатыр. Тек келісімшартқа отырып, ақшасын төлеу қажет. Қазақта «судың да сұрауы бар» деген сөз бар. Біздің жер ылғалды жақсы ұстайды. Бір мәрте суарсақ, сол бізге жеткілікті. Оның өзінен жақсы өнім аламыз. Жоңышқаны да бір рет суарғаннан кейін, екі рет орып аламыз. Гектарына 150-170 орам шөп аламыз. Бұл өзіміз бағатын малға жетеді»,
- деді Қызылшарық ауылының тұрғыны, шаруа қожалығының иесі Әбдібек Шымырбаев.

«Қазір барлық күш Жамбыл облысының шаруаларын суармалы сумен қамтамасыз етуге бағытталған. Ол үшін Киров су қоймасынан су жіберу көлемін ұлғайту бойынша қырғыз әріптестерімізбен келіссөз жүргізілді»,
- деді Жамбыл облысының «Қазсушар» филиалының директоры Қайрат Аманов.

Оқылды 365 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет