Сейсенбі, 20 Мамыр 2025 16:36

Көлік министрлігі жазғы маусымда Алакөлге дейін қосымша вагондар мен билет құны қолжетімді әуе рейстерін іске қосады

Жазда ел тұрғындары Алакөлге ұшақпен, пойызбен немесе автокөлікпен жете алады.

Теміржол көлігі:

 Биыл жазда Алакөл курорттық аймағына 13 теміржол бағыты  арқылы жетіуге болады. Оның 4-еуі — жыл бойы қатынайтын бағыт болса, тағы 9-ы — маусымдық қосымша бағыттар. Пойыздар Астана, Алматы, Павлодар, Қызылорда, Семей, Өскемен және Ақтоғай қалаларынан қатынайды.

Алматы – Алакөл:

  1. № 207/208 «Алматы-2 – Жалаңашкөл» (аптасына 2 рет);
  2. № 221/222 «Алматы-2 – Достық» (аптасына 3 рет);
  3. № 211/212 «Алматы-2 – Достық» (маусым–шілдеде жұп күндері, тамызда тақ күндері);
  4. № 337/338 «Алматы-2 – Достық» (аптасына 3 рет);
  5. № 21/6941/6942/22 «Алматы-1 – Достық» (жұп күндері).

Астана – Алакөл:

  1. № 54/53 «Нұрлы жол – Достық» (аптасына 2 рет);
  2. № 254/253 «Нұрлы жол – Достық» (аптасына 2 рет);
  3. № 122/6942/6941/121 «Нұрлы жол – Семей» (жұп күндері).

Басқа бағыттар:

  1. № 31/6942/6941/32 «Павлодар – Достық» (жұп күндері);
  2. № 21/6942/6941/22 «Қызылорда – Достық» (тақ күндері);
  3. № 457/458 «Семей – Достық» (тақ күндері);
  4. № 459/460 «Өскемен – Достық» (тақ күндері);
  5. № 6941/6942 «Ақтоғай – Достық» (күн сайын).

Әуе қатынасы:

2025 жылғы 1 маусымнан бастап қазақстандық SCAT әуе компаниясы Алакөлдің қасында орналасқан Үржарға субсидияланатын рейстерді орындай бастайды. Астана мен Үржар, сондай-ақ Алматы мен Үржар арасында аптасына 6 рейс орындалады. Астана - Үржар бойынша бір бағыттағы билет құны – 16 мың теңге, ал Алматы - Үржар бағыты бойынша – 14 мың теңге.

Сондай-ақ, жаз мезгілінде Ушарал қаласына субсидияланатын әуе рейстерін іске қосу мәселесі пысықталуда.

Автомобиль көлігі:

Жалпы ұзындығы 768 шақырым болатын «Талдықорған – Өскемен» жолы Алакөлге дейін апарады. Бұл жолға толықтай жаңа асфальт төселді.

Жетісу облысы жағынан Үшарал арқылы одан кейін 180 шақырымдық «Үшарал – Достық» жолымен өтіп, көлдің оңтүстік жағалауына жетуге болады.

Абай облысы жағынан «Таскескен – Бақты» жолы арқылы Мақаншы ауылына (133 км), әрі қарай «Мақаншы – Жалаңашкөл» бағытымен көлдің солтүстік жағалауына жетуге болады.

Алакөл көліне апаратын барлық республикалық маңызы бар автожолдарда жаңа асфальтбетон жабыны төселді.

Оқылды 333 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет