Жұма, 23 Мамыр 2025 13:39

Алматы облысында «Әкем-тірегім, анам-жүрегім» облыстық байқауы өтті

Халықаралық бабаларды қорғау күніне орай, Алматы облысында «Әкем-тірегім, анам-жүрегім» отбасылық байқауы ұйымдастырылды

Шара облыстық әмбебеп кітапхана ғимаратында өткізілді. Сайысқа Алматы облысның 7 ауданынан келген отбасылар қатысты.

Өз өңірінің үмітін үкілей келген әр жанұяның өзіне тән ерекшелігі бар. Бірі зерек, енді бірі ұйымшыл болса, өзгелері өнерден алдына қара салдырмайды.
Ынтымағы жарасқан қара шаңырақ иелерінің жеткен жетістіктері де аз емес. Олар еңбекте алғыр, білімде жүйрік, қоғамдық істерде белсенді.
Бабы мен бағын бәйгеге тігіп, сайыста бақ сынаған отбасылар 4 кезеңде сынға түсті.
Олар, әуелі өздерін жан-жақты таныстырды. Артынша, логикалық сұрақтарға жауап беріп, білім бәсекесінде бәске түсті. Үшінші кезең, «Шабыт мекені» деп аталды. Онда қатысушылар қолөнер туындыларын әділ қазылардың назарына ұсынды. Он саусағы майысқан шеберлер, қылқаламынан туған көркем суретін көрмеге қойған суретшіде дәл осы жанұя мүшелерінің арасынан табылды.
Ал, шешуші кезеңде отбасылар спорттық ойындармен жарысып бақты.
Жарысқа қатысушылардың бірі, Қарасай ауданынан келген Бекнұр есімді бала. Ол өзінің отбасының топ жаратынына кәміл сенеді.
«Біз Қарасай ауданынан келдік. Бүгін отбасымызбен жарысқа қатысып жатырмыз. Дайындығымыз жақсы. Мен Бүгін ән шырқаймын. Біздің отбасының өнері елдің көңілінен шығады деген үміттемін»,-дейді Бекнұр.

Иә, отбасы- әрбір баланың алғашқы мекені, ұстазы, бақыты тоғысқан үлкен орта. Ал, бала сол ортаның Шолпан жұлдызы. Демек, біріне-бірі сеп. Қос қолдың саласындай, қос өзеннің сағасындай болған бұл байланысты ешкім үзе алмайды. Бала отбасымен бақыт құшағында тербелсе, жанұя сәби күлкісімен шырағын жағары анық.

Жан шуағы мен шынайы шаттық шаңырақта ғана. Бала - шаңырақтың күн мен айы. Баланың бақыты, әлемнің бақыты. Сәбилер жыламасын.

Оқылды 927 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет