Дүйсенбі, 02 Маусым 2025 10:00

«SAQTAN» Жастарды сақтайық – болашақты қорғайық!

Алматы облысында жастар арасында есірткіге тәуелділік, суицид, құмар ойындар сынды зиянды әдеттердің таралуының алдын алуға бағытталған кешенді «SAQTAN» әлеуметтік жобасы іске қосылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқарма басшысының орынбасары Жексенбеков Дастан, Алматы облысы Жастар саясаты басқармасының бас маманы Есентемирова Мадина және «PARYZ ЕРІКТІЛЕРІ» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айтқазы Әділет мәлімдеді.


Қазіргі таңда облыста 430 мыңнан астам жастар бар. Бұл – өңір халқының 28 пайызын құрайды. NEET санатындағы жастар – яғни, оқымайтын, жұмыс істемейтін және ешқандай әлеуметтік жүйемен қамтылмаған азаматтар – жалпы жастар санының 6,6 пайызына тең немесе 28–30 мың адамды құрайды.
Жоба алты негізгі кезеңнен тұрады. Олар – спорттық жарыстар, семинарлар, есірткі жарнамасына қарсы акциялар, әлеуметтік бейнероликтер, түнгі рейдтер және қорытынды дөңгелек үстел. Әр бағыт белгілі бір мақсатты аудиторияға арналған.
Жоба аясындағы алғашқы кезең – спорттық жарыстар. 9 аудан мен 2 қалада өтетін 15 спартакиадаға 1200-ден астам колледж және университет студенті қатысады. Футбол, волейбол, үстел теннисі сынды спорт түрлері қамтылып, жастарды салауатты өмір салтына тарту көзделген.
Жобаның келесі кезеңдерінде жастар мен ата-аналарға арналған семинарлар өтеді. Сондай-ақ, еріктілермен бірге есірткі жарнамаларына қарсы акциялар ұйымдастырылады. Әлеуметтік желілерге арнайы бейнероликтер әзірленіп, түнгі рейдтер жүзеге асады. Әр іс-шара нақты мәселеге бағытталып, мазмұны жағынан пайдалы әрі ашық форматта өтеді. Басты мақсат – жастарды қауіптен сақтау, – деп атап өтті жоба жетекшісі Әділет Айтқазы.
Айта кету керек, жоба өңірлік ерекшеліктер ескеріле отырып іске асырылады. Мәселен, кейбір аудандарда суицид деректері жиі кездессе, басқа жерлерде синтетикалық заттарға қолжетімділік мәселесі өзекті. Ауылдық жерлерде ақпараттың жетіспеуі мен қолдаудың аздығы – басты қиындықтардың бірі. Осыған байланысты барлық іс-шаралар жергілікті ахуалға бейімделеді.

Оқылды 391 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет