Дүйсенбі, 09 Маусым 2025 09:33

Алматы облысында қаржы пирамидаларын анықтау және жолын кесу жұмыстары күшейтілуде

Алматы облысында азаматтарды алдауға бағытталған қаржы пирамидаларына қарсы кешенді жұмыстар атқарылып жатыр.Бұл туралы Алматы облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Бақтияр Жүзенов мәлімдеді.
Қаржы пирамидаларының алдын алу және жолын кесу мақсатында Департамент кешенді жедел-іздестіру және талдау шараларын тұрақты түрде жүзеге асырып келеді. Соңғы уақытта алаяқтық сипаттағы жобалар инвестициялық жоба, оқыту платформасы немесе желілік маркетинг ретінде таныстырылуда.
2024–2025 жылдары өңірде осындай қылмыстық әрекеттерге қатысты 23 сотқа дейінгі тергеу жүргізілген. Тергеу нәтижесінде 12 мыңнан астам азаматтар қаржы пирамидасының салымшысы ретінде танылып, келтірілген залал көлемі 58 млрд теңгені құраған. Қылмыстық жолмен тапқан қаражаттарын жасыру үшін соңғы жылдары криптовалюта қолдана бастаған.
Залалды өтеу мақсатында жалпы құны 23,1 млрд теңге болатын жылжымайтын мүлік пен автокөліктерге тыйым салынса, 1,3 млрд теңге көлеміндегі шығын сот шешімімен жәбірленушілерге өтелді.
Бақтияр Абайұлының айтуынша, жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде «Аманат Хоум», «Аманат Драйв», «Асар Баспана», FS, AIF, HRT және Charhomi сынды бірнеше ірі қаржы пирамидаларының жолы кесілген.
Қаржы пирамидаларының таралу арналарының бірі – әлеуметтік желілер мен мессенджерлер. Жалған жобалар жиі «пікір көшбасшылары» арқылы жарнамаланады. Осыған байланысты Департамент 2024–2025 жылдары 1800-ден астам сайт пен чаттарды бұғаттаған.
Сонымен қатар білім беру мекемелері мен еңбек ұжымдарында лекциялар оқылып, флаерлер таратылып, жастар арасында түрлі ақпараттық шаралар ұйымдастырылуда. Квест-спринт ойындары, спорттық іс-шаралар кезінде бейнероликтер көрсетіліп, олимпиадалар өткізіліп келеді.
Қазақстан азаматтарын қаржы пирамидаларынан қорғау мақсатында арнайы “Baiqa piramida” Telegram чат-боты іске қосылған. Бұл чат арқылы ұйымның БСН нөмірі немесе сілтемесі арқылы оның алаяқтық әрекетке қатысы бар-жоғын тексеруге болады.Қаржы пирамидалары туралы кез келген ақпаратты 1458 сенім телефонына немесе АФМ Insider чат-боты арқылы хабарлауға болады.

Оқылды 329 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет