Сейсенбі, 10 Маусым 2025 12:19

Балалардың жазғы демалысы

2025 жылдың жазғы маусымында Алматы облысында балалардың демалысы мен сауықтырылуын жоғары деңгейде ұйымдастыруға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Бұл туралы Алматы облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысы білім басқармасының Қорғаншылық, қамқоршылық және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Ізбасар Айжан мен Алматы облысы білім басқармасының Қорғаншылық, қамқоршылық және тәрбие жұмысы басқарманың бас маманы Шарапов Мадияр мәлімдеді.


Биылғы жазда өңірде барлығы 30 балалар лагері жұмысын бастайды. Оның ішінде 1 мемлекеттік, 1 республикалық және 28 жекеменшік лагерь бар. Жалпы алғанда бұл демалыс орындары 6 мыңнан астам баланы қабылдауға дайын.
Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында облыс әкімдігі жанынан арнайы жұмыс тобы құрылды. Сонымен қатар, облыстық білім басқармасының бұйрығымен арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді. Нәтижесінде, биыл облыстағы 335 мыңнан астам оқушының 92% жазғы демалыс және сауықтыру шараларымен қамтылады деп жоспарлануда.
Айжан Ізбасардың айтуынша, мемлекет пен демеушілердің қолдауымен әлеуметтік осал топтағы балаларға ерекше көңіл бөлінуде. Атап айтқанда, жетім балалар, көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі оқушылар үшін арнайы жолдамалар бөлініп, олардың толыққанды демалысы қамтамасыз етіледі және «Қазақстан халқына» қорының есебінен мыңнан астам балаға лагерлерге жолдама беріледі.
Сонымен қатар, биыл өңірде «Ұлылар еліне саяхат» жобасы бастау алды. Жобаның мақсаты – жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, ұлттық сана мен тарихи танымды қалыптастыру. Аталған жоба аясында әлеуметтік осал топтағы, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан, сондай-ақ ерекше білім беруді қажет ететін дарынды оқушылар еліміздің ұлы тұлғаларына арналған музейлер мен мемориалдық кешендерге саяхаттайды. Сапар барысында тарихи тұлғаларға арналған экспозициялармен танысып, танымдық экскурсияларға қатысады, – деді Шарапов Мадияр.
Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда. Барлық лагерьлерде өрт қауіпсіздігі, санитарлық-гигиеналық талаптар және құқықтық тәртіпті сақтау шаралары қатаң бақылауға алынған. Су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, балалар мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, - деп қорытындылады спикерлер.

Оқылды 335 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 22, 2026

Отан жолында опат болған жеті…

Әлемде қиындық пен қасіретті, қорлық пен қиянатты көп көрген екі ұлт болса соның бірі –…
Қаң 22, 2026

Спортивные достижения юных …

Второй год работает в селе Байтерек детский футбольный клуб АL* stars. Занимаются в нём…
Қаң 22, 2026

Жас әртістер қойылымы

Ақбастау орта мектебінде «Бастауыш» әдістемелік бірлестігінің «Ертегілер елінде» оқу…
Қаң 22, 2026

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Балалық шақ… Бұл сөзді естігенде көз алдымызға күннің жұмсақ сәулесіне шағылысқан, асыр…
Қаң 22, 2026

Отбасы мен бала тәрбиесіне көңіл…

Отбасы – мейірім мен махаббат мекені әрі кішкентай періштелердің қауіпсіз, жылы орны.…
Қаң 22, 2026

Рух пен сөз күші

Алланың маған берген ерекше дарыны мені шығармашылыққа ерте жастан жетеледі. Бала…
Қаң 22, 2026

Ғасыр адамы

12 қаңтар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, техника ғылымдарының докторы,…
Қаң 22, 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…

Құрметті қауым! Жаңа ғана сөз сөйлеген Құрылтай мүшелері маңызды ой-пікірлер айтты.…
Қаң 20, 2026

2025 жылдың IV тоқсанында кірістері…

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет