Дүйсенбі, 30 Маусым 2025 10:05

Тазалық тәртіптен басталады

Табиғат – Жаратушының  ең көркем жаратылыстарының бірі. Адам күнделікті күйбең тіршіліктен жалыққанда, табиғат аясына барып демалса, жаны да, тәні де тынышталады. Сылдырлаған бұлақтан, асқар таулардан, көк майса шөптен, жұпар аңқыған гүлдерден энергия алып, рухани азықтанады. Жұмыста кездесетін қиындықтар мен адамдар арасында орын алатын түсініспеушіліктен бір сәт демалып, күйзелісінен айығады. Табиғат – еш дәрісіз емдейтін кез келген дертке дауа десек, қате айтқандық емес шығар.

Табиғаттың әсемдігінен шабыт алып, талай ақын жыр жазып, ән шырқады. Суретшілер табиғатты бейнелеп, әр пейзажынан ерекше бір көріністі көре білді. Алайда, табиғат сарқылмайтын байлық емес. Мысалы, Стэнфорд университетінің зерттеулері бойынша, егер адамзат табиғатты осы қарқынмен пайдаланса, 2050 жылға дейін көптеген ресурстар сарқылуы мүмкін деген болжам жасады.

Жер-Ана мейірімді, махаббатты, аялауды, қорғауды талап етеді. Бірақ қазіргі таңда,  ғалымдар әлемдік экологиядағы ахуалға баса назар аударуды талап етіп отыр. Бұл өз кезегінде әр мемлекет, өзіне берілген табиғат ресурстарын қорғау және сақтау шараларын күшейту керектігін айқындайды.  Осы орайда, елімізде атқарылып жатқан жобаларға көз жүгірте кетейік.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі экологиялық жағдайға ерекше көңіл бөлу керектігін айтты:

– Құрметті отандастар! Біз табиғат-анамызға жанашырлық танытып, еліміздің экологиялық болашағын бүгіннен бастап ойлауымыз қажет. «Таза Қазақстан»  – бұл тек қана экологиялық бастама емес, бұл – ұлттың сана-сезімін, ұрпақтың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды жоба.  Әрбір азаматтың осы іске үлес қосуы – еліміздің жарқын болашағына жасалған нақты қадам. Таза қоршаған орта – мықты денсаулықтың, тұрақты экономиканың және ұрпаққа қалдырар ең асыл мұрамыздың негізі. Біз бәріміз бірігіп, туған жерімізді таза, жасыл әрі көркейген  елге айналуымыз керек. Бұл – баршамыздың ортақ міндетіміз!

Президент бастамасымен «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы қолға алынып, елімізде кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізілуде. «Таза Қазақстан» жобасы аясында:

–  өзен-көлдер мен ормандар тазартылуда;

–  заңсыз қоқыс орындары жойылып;

–  көгалдандыру, ағаш отырғызу жұмыстары белсенді атқарылып жатыр. Аталған жоба еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға арналған бастама. Жоба барысында, мына екі мәселемен күресу, оңтайлы нәтиже берері сөзсіз.

Біріншісі, халықтың экологиялық мәдениетін арттыру. Табиғатты қорғау үшін, халық оның маңыздылығы мен құндылығын ұғынуы керек. Бұл тұста халық арасында табиғатқа немқұрайлы қарайтын азаматар да аз емес.  Табиғат аясына демалуға шыққанда, өздерінен кейін қоқысты арнайы жәшіктерге салмай кететіндердің кесірінен табиғат та, тамақ иісіне келіп, шыны әйнектен жарақат алатын жануарлар да, ауа да зиян шегеді. Отбасылық немесе достар болып жиналған көңілді кештерде, жерге тасталған темекі қалдығының кесірінен орман өртке орану қауіпі де басым.  Бұл мәселе орманшылар, экологтар үшін жаз айында  көптеген ыңғайсыздық туғызады. Оған қоса, осыған ұқсас жағдайлар тек тау бөктерінде емес, балалар ойнайтын ойын-алаңдарында да жиі кездеседі. Белгіленбеген аймақтарға қоқыс тастау – надандық.  Сол үшін балаға ата-ана жастайынан табиғаттың құндылығын, оның жойылу қаупі бар екенін, қоқысты белгіленген жерге тастау – өзгенің жұмысына деген құрметтен бөлек, ауаға жасалған көмек екенін де түсіндіруі керек. «Тәрбие – тал бесіктен» демекші, егер бүлдіршін жастайынан тау-тасқа, жан-жануарға жақын болы өссе, ол есейгенде өзгеге де, қоршаған ортаға да зияны жоқ, саналы азамат болып өседі.

Екіншісі, көгалдандыру жұмысын көбейту. «Бір тал кессең мың тал ек» деген қазақтың мақалы жай айтыла салған сөз емес екеніне дәл қазір көз жеткендей. Өйткені ағаш ауаны тазартып, оттегіні бөліп шығарады. Одан бөлек жаздың аптап ыстығында, ағаштың көлеңкесінде бір сәт демалуға болады. Көгалдандырудың жерге пайдасы – эрозияны болдырмайды. Сондықтан көгалдандыруды қолға алу – ең дұрыс шешімдердің бірі.

Бастысы, табиғатты қорғау –  өзімізге жасалған жақсылықтың ең жақсысы екенін ұмытпау керек.  Жыл сайын 8 миллион тоннадан астам пластик мұхиттарға тасталады. Бұл теңіз жануарларының қырылуына, экожүйенің бұзылуына әкеледі. Мәселен, Каспий теңізіне мұнай қалдықтарының төгілуі. Қазақстанның батысындағы ең ірі жабық су айдыны болғандықтан, бұл аймақта Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Иран, Түрікменстан елдері мұнай мен газ өндіреді. Ал соңғы жылдары мұнай өндіру көлемінің артуымен бірге, экологиялық мәселелер де көбейді. Теңіз кен орны, Қашаған, Қарашығанақ сияқты ірі кен орындарынан тасымал кезінде немесе өндіріс барысында мұнайдың төгілу қаупі жоғары. Кей кездері мұнай қалдықтары теңіз суына түсіп, балықтардың жойылуына, құстардың улануына себеп болады. Орын алған жағдайлар экологияға ғана емес, жергілікті халықтың денсаулығына да қауіп төндіретіні белгілі. Мәселені шешу үшін мына әрекеттер жүргізіледі: мұнай қалдықтарын тазарту жұмыстары, мұнай төгілсе, шұғыл әрекет ететін топ жасақталады, өндіріс орындарына экологиялық талаптар күшейтіледі.

Табиғат – адамзатқа берілген ең құнды сыйлардың бірі. Табиғатты қорғау үшін жасыл энергия көздерін дамыту, пластик қалдықтарын барынша азайту, және қайта өңдеу, қалаларды көгалдандыру, экологиялық білім беру жұмыстары қарқынды жүргізілуі тиіс. Ал ол үшін әр қазақстандық табиғаттыы қорғауға өз үлесін қосуы керек. Үлкен проблемалар кішкентай ғана қоқысты сұрыптап салудан  басталады.

                                                                                   Жанерке САТЫБАЛДЫ.

Оқылды 393 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Начало было в 30-х продолжение в 90-х… «ŪMTYLYS» байқауы »

Соңғы жаңалықтар

Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…
Қар 26, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 26, 2025

Бір тіл – бір әлем

Әр адам өзінің өмір жолын немен байланыстыратыны тек өз еркінде. Алдына мақсат қойып,…
Қар 26, 2025

Чемпиондық рух

 Саламатты өмір салты - адамның басты байлығы – денсаулықты күтуге, дұрыс өмір сүруге…
Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет