Бейсенбі, 10 Шілде 2025 10:46

Қонаев қаласында шетелде жұмыс істеуге ниетті азаматтарға кеңес беру орталығы жұмыс істейді

Қонаев қаласында Халықаралық көші-қон ұйымының қолдауымен еңбек мигранттарына арналған жаңа кеңес беру орталығы өз жұмысын бастады. Жоба қалалық мансап және облыстық еңбек мобильді орталығының бірлесуімен жүзеге асып отыр. Мақсаты – шетелде жұмыс істеуге ниетті азаматтарға толыққанды ақпараттық кеңес көрсету, олардың қауіпсіз әрі заңды жолмен еңбек нарығына шығуына көмектесу.

Аталған орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы қатысып, жобаның ел азаматтары үшін маңыздылығына ерекше тоқталды.Айтуынша, бұл орталық кеңес берумен ғана шектелмей, азаматтардың құқықтық сауатын арттырып, шетелдегі өмірге бейімделу және кәсіби даму бағытында нақты қолдау көрсететін орталыққа айналады.

– Бүгінгі таңда шетелге жұмысқа кетуді қалаушылар саны артып келеді. Алайда кейбір азаматтар алаяқтардың арбауына түсіп, заңсыз делдалдардың құрбанына айналып жатады. Бұл орталық осындай қауіптің алдын алуға бағытталған нақты қадам. Шетелге шыққыcы келген азамат жұмысқа қалай орналасуға болатынын, қандай құжаттар керегін, қандай көрсетілетін қызметтерге қанша төлемақы төленетінін, сайттарда құжат рәсімдеу жайлы кеңес ала алады., – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айгүл Ахметова.

Ашылу рәсімінен кейін облыстық еңбек мобильді орталығының басшысы Абылай Жұмабекұлы келген қонақтарды мекеменің қызметімен таныстырып, кеңсе ішін аралатып шықты. Ол өз сөзінде орталықтың шетелге кетуге бел буған әр азаматқа сенімді серік болатынына сенім білдіріп, бұл бастаманың қауіпсіз көші-қонды дамытудағы рөлін атап өтті.

Оқылды 285 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет