Бейсенбі, 07 Тамыз 2025 09:57

Ұлттық байқаудың үздіктері анықталды

2025 жылғы 31 шілдеде Алматы облысында «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі өтті.  Салтанатты шарада облыс әкімінің атынан барлық қатысушы отбасыларға Алғыс хаттар мен арнайы сертификаттар табысталды.

Биылғы байқау туралы ақпарат 15 мамырда өңірлік БАҚ пен жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік желідегі ресми парақ-шаларында жарияланған болатын. Алғашқы кезеңде аудандық және қалалық деңгейде іріктеу жұмыстары жүргізіліп, 87 өтінім қабыл-данды. Нәтижесінде, комиссиялар 15 отбасын облыстық кезеңге ұсынды.

Облыстық комиссия 15 шілдеде байқау талаптарына сай отбасыларды жан-жақты саралап, жеңімпаздарды анықтады.

Байқау қорытындысы бойынша

III орынды – Қондыбаевтар (Жамбыл ауданы) және Телтаевтар (Балқаш ауданы) еншілесе, II орын – Шолпанбай отбасына (Еңбекшіқазақ ауданы) бұйырды, ал І орын иегері деп – Бекдайыр отбасы (Қарасай ауданы) танылды. Облыстық кезеңнің жеңімпазы республикалық додаға жолдама алды.

Бекдайырлар отбасы 12 қыркүйек күні Отбасы күніне орай өтетін республикалық марапаттау рәсіміне қатысады.

Айта кетейік, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы жыл сайын өткізіліп, қоғамда отбасылық құндылықтарды нығайту мен үлгілі отбасыларды насихаттауға зор үлес қосып келеді.

«Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының Алматы облыстық кезеңінде Еңбекшіқазақ ауданы атынан қатысқан Шолпанбай отбасы жүл-делі ІІ орынға ие болды!

Ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық құнды-лықтар мен береке-бірлікті бойына сіңірген бұл әулет – нағыз өнегелі отбасының үлгісі. Еңбекке адалдық, өнерге құрмет пен отбасы арасындағы татулық – олардың басты құндылығы.

Бұл жеңіс – ұлттық мұраға құрметпен қарап дәстүрді дәріптеген барша жанның ортақ қуа-нышы!

Шолпанбай әулетін шын жүректен құт-тықтаймыз!

 

Оқылды 284 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет