Дүйсенбі, 26 Қазан 2020 16:42

Коронавирустың екінші толқыны орын алса, Үкімет баға саясатына араласа ма?

Коронавирустың екінші толқыны орын алса, Үкімет баға саясатына араласа ма? Сурет интернеттен алынды

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов коронавирустың бірінші толқыны - көктемде болған сияқты кейбір азық-түлік тауарлары бағасына реттеу тетігі қолданыла ма, жоқ па деген сұраққа жауап берді.

"Егер ажиотаж орын алып, баға шарықтай бастаса, әрине біз бұл құралды қолдануға мәжбүрміз, бірақ бұл шара қажет болмайды деп үміттенеміз, өйткені өткендегідей дүрбелеңнің орын алуына негіз жоқ, тиісті азық-түлік резервтері бойынша жұмыстар жүргізілді", - деді Сұлтанов.

Сонымен бірге, ол бірқатар өнімдердің шекті бағасы Қазақстандағы коронавирустың алғашқы толқыны кезінде қолданылғанын еске түсірді. Ол кезде ел дүкенге лап қойып, дүрбелең орын алған.

"Шынында да, бүкіл әлемдік саудаға оның әсері бар, өзгерістер болды, сұраныс пен ұсыныс өзгерді, шекараның жабылуы және басқа да карантиндік шаралар оған белгілі бір деңгейде ықпал етті... Биыл бірінші рет коронавирус бой көрсеткенде бағаға қатысты дүрбелеңді байқадық және бағаның негізгі өсімі сол уақытқа тап келді, сондықтан біз нарықтық емес бағаны шектеу механизмін енгізуге мәжбүр болдық. Осы уақыт аралығында мемлекеттік органдармен, бизнеспен көптеген жұмыстар жүргізілді, өңірлерде азық-түлік қорларын құру үшін арнайы қорлар, ресурстар желілерге теңдей бөлінді, осының бәрі бағаны ұстап тұруы үшін керек. Жазда біз кейбір азық-түлік тауарларының бағасының төмендеуін байқадық", - деп қорытындылады өз сөзін министр.

Оқылды 1068 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет