Дүйсенбі, 02 Қараша 2020 21:13

9 айдың жұмыс қорытындысы қандай?

Алматы облысы бойынша өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысы жайлы брифинг өтті.

Қор филиалының басшысы Нұрлан Отарғалиев өткен 9 айдағы жұмыс қорытындылары туралы хабарлады. Өз баяндамасында келесі қызмет түрлері бойынша қаржыландырудың айтарлықтай артқанын атап өтті, олар:

Қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту (7 235%);

Консультациялық-диагностикалық көмек (1 219%);

Профилактикалық тексерулер (257,2%);

Стационарды алмастыратын көмек (235,4%).

«Жылдық жоспарға сәйкес 9 айға 89 млрд. теңге қарастырылды, оның 82 млрд.теңгесі игерілді, бұл жоспардың орындалуының 92,4% сәйкес», - деп филиал директоры атап өтті.

2020 жылдың 1-ші қазанындағы жағдай бойынша 70 медициналық мекемемен келісім шарттар жасалды, оның ішінде мемлекеттік меншіктегі - 43 (61,4%), жеке меншіктегі - 27 (38,6%) мекеме.

Сонымен қатар, Н. Отарғалиев облыс бойынша эпидемияға қарсы іс-шаралар аясында қаржыландыруды атап өтті.

«COVID-19 таралуын алдын-алу мақсатында іс-шараларды қаржыландыруға 2020 жылы Алматы облысы бойынша 12,4 млрд. теңге бөлінді.

9 ай ішінде келесі төлемдер жүргізілді:

- Медициналық қызметкерлерді ынталандыруға - 4,7 млрд. теңге;

- Стационарға - 3,4 млрд. теңге;

- ПТР зерттеуге - 1,4 млрд. теңге;

– Мобильді бригадалар жұмысына - 151 млн.теңге.»

Қазіргі таңда, облыс бойынша 488 824 адам сақтандырылмаған. Сондықтан, облыстың әрбір тұрғыны өзінің сақтандыру мәртебесін анықтауы қажет. Себебі, облыстағы әрбір 4-ші сақтандырылмаған болып саналады.

Филиал директоры өз баяндамасында Қор пациенттердің құқықтарын қорғайтындығын атап өтті. Азаматтардан сақтандыру мәртебесінің болмауына байланысты тегін кепілдендірілген көмек көлемі шеңберінде медициналық қызметтерге қол жеткізе алмау туралы өтініштер келіп түсуде. «Еске сала кететін жайт, сақтандырылу мәртебесіне қарамастан барлық азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқығы бар. Алайда, жоспарлы емдеуге жатқызу, бейінді мамандардың қабылдауы, қымбат тұратын тексерулерден өту және жоғары технологиялық ем алу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылған болу қажет», - деп нақтылады филиал директоры Н. Отарғалиев.

9 айдың ішінде (қаңтар-қыркүйек) 381 өтініш тіркелді. Өтініштердің негізгі сипаты медициналық көмектің сапасына байланысты.

Соңғы айларда облыс бойынша науқастардың шағымы, медициналық мекемелердің арасында келісім шарттың болмауына орай, медициналық қызметтерді қабылдай алмауымен байланысты. Осындай жағдай оранғанның өзінде, келісім шарт жасаспаған медициналық мекемелерге, яғни науқастарды кез келген медициналық ұйымға, таңдауы бойынша жіберуге болады. Ең бастысы жолдама берілен мекеме Қормен шарт жасасуы тиіс. Осындай мекемелердің тізімін Қордың сайтынан көруге болады.

Халыққа ыңғайлы болу үшін Қор кері байланыстың түрлі арналарын ұсыну бойынша жұмыс жүргізуде. Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы іске қосылды және табысты жұмыс істеуде. Қосымша көмегімен науқастарға кеңес алуға, шағым беруге, сақтандырылуға мүмкіндік бар.

Сондай-ақ, кез-келген адам Қордың Алматы облысы бойынша филиалында ұйымдастырылған азаматтарды қабылдау кабинетіне ақпарат алу үшін келе алады.

Қордың негізгі міндетін атап өтетін болсақ, бұл - еліміздің әрбір азаматына медициналық көмекке қолжетімділігін қаматамасыз етіп, сапасын арттыру арқылы жоспарламаған қаржылық шығындардан қорғауды ұйымдастыру. Осыған байланысты, өз қызметін тұрақты даму қағидаттарында жүзеге асыратын, халықтың сеніміне ие болатын және медициналық қызметтер нарығын дамытуға жәрдемдесетін әлеуметтік бағдарланған және транспарентті ұйым ретінде Қордың мақсаты айқындалады.

МӘМС жүйесіндегі ағымдағы мәртебеңізді (сақтандырылу мәртебесін) Қор сайтында плагинді пайдалана отырып (fms.kz), телеграм-бот арқылы (https://t.me/SaqtandyryBot) және egov.kz порталында анықтауға болады. Сонымен қатар, Қордың тәулік бойы жұмыс істейтін 1406 колл-орталығының жұмыс істеуін еске саламыз.

Оқылды 1080 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…
Қаз 23, 2025

Кітап оқу – өркениет кепілі

Қоғамның нағыз рухани құндылықтан ажырап, алақандай смартфонға бар уақытын сарп етіп…
Қаз 23, 2025

Құрметті мамандық

Рухани-мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз…
Қаз 23, 2025

Әлеуметтік сала – ізгіліктің алтын…

Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, адамдардың…
Қаз 23, 2025

Ұлттық өркендеу жолы

XXI ғасыр – цифрлық революция заманы. Бүгінде әлемдегі барлық салалар цифрлық…
Қаз 23, 2025

Әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Таза әйнек — үйдің, автокөліктің де ажары. Дегенмен, әйнекті жууға арналған сұйықтықты…
Қаз 23, 2025

Диспенсерге арналған пластик…

Қазіргі таңда кеңселер мен ұйымдарда, сондай-ақ тұрмыстық жағдайда диспенсерге арналған…

Күнтiзбе

« Қазан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет