Сәрсенбі, 11 Қараша 2020 09:57

Алматы облысында карантин режимі өзгертілді

Шығыс Қазақстан облысымен шекаралас облыс аумағына санитарлық бекет орнатылды.  Өңірге кіріп-шығатын азаматтарға сауалнама мен медициналық тексеріс жүргізілуде. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Чарапиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, бекеттерге жұмылдырылған қызметкерлер жеке қорғану құралдарымен тамақтану және жылыту пунктімен қамтамасыз етілген.

«Бүгінгі күні Алматы облысында коронавирус инфекциясының 5251 жағдайы тіркелді. Ал соңғы тәулікте облысымызда COVID-19 пневмониясының 14 жағдайы тіркелді. Өсу қарқыны 0,2% құрады.Осыған байланысты №31 қаулы бойынша карантин режимі өзгертілді»,– деді Асхат Чарапиев.

ЕндіАлматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, өңірде сыйымдылығы 50 орыннан жоғары қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы тоқтайды.

Ойын сауық, спорттық іс шараларды (банкеттер, үйлену тойлар, мерейтойлар) өткізуге және адамдар көп жиналатын өзге де іс шараларды өткізуге әлі де қатаң тиым салынуда.

Халыққа байланыссыз қызмет көрсету жөніндегі объектілердің қызметі, мысалы автожуу, автомобильдерді жөндеу, шиномонтаж орталықтарына шектеусіз  жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Моншалар, сауна, СПА орталықтарының жұмысы жалғасуда, бірақ толымдылығы 50%-дан аспауы керек.

Ал, демалыс және мерекелік күндері ойын сауық кешендерінің қызметі толығымен тоқтап, қоғамдық тамақтану объектілері жеткізу әдісімен жұмыс істейді.

Оқылды 839 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет