Бейсенбі, 19 Қараша 2020 16:08

Көтерілген мәселелерді шешу тапсырылды

Көтерілген мәселелерді шешу тапсырылды mezet.kz

Өткен аптада аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының біріккен отырысы өтті. Жиынға мәслихат хатшысы Бекет Ахметов төрағалық етіп, комиссия мүшелері мен бөлім басшылары қатысты.

Күн тәртібінде 5 мәселе қарастырылып, әдеттегідей бөлім басшыларының атқарған жұмыстары бойынша есебі тыңдалды. Туризм және инфрақұрылым бойынша аудандық кәсіпкерлік бөлімінің атқарған жұмыстары, 2020 жылдың 9 айында бюджеттің игерілуі, жер қатынастары бөлімінің биылғы 9 айда атқарған жұмыстары, «Өңірлерді дамыту-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2020 жылы елді мекендерде ауыз су жүйелері құрылысының жүргізілу барысы және 2020-2021 жылғы от жағу маусымының барысы, аудандағы жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және елді мекендердегі жолдарды күтіп ұстау, ағымды, орташа және күрделі жөндеу жұмыстарын және аудандық маңызы бар жолдарға паспортизация  және  диагностика жүргізу бойынша бөлім басшылары мен маман-дарының есептері тыңдалды.

Белгілі себептермен жиынға қатыса алмаған кәсіпкерлік бөлімі басшысының баяндамасын бөлімнің бас маманы Д.Ускенбаева көпшілік назарына ұсынды. Атқарған жұмыстар бойынша есебін тыңдаған мәслихат хатшысы аудандағы туризм саласына көңіл толмайтындығын жеткізді.

– Бүгінгі уақытта туризмді жақсарту үшін инфрақұрылым қажет. Жақын жерде орналасқан Түрген және Есік шатқалдарының өздерінде қандай қолайлы инфрақұрылым жасалды бүгінгі күнге? Жеке кәсіп иелерімен қандай бірлескен жоспар бекітіліп, ұсыныс берілді? – деп сұрақтарын жаудырған Бекет Төлегенұлы, аталған аймақтарда тігіліп, қызмет көрсетіп жатқан қазақ үйлердің сырт келбеті мен жағдайы сын көтермейтіндігін айтты. Бұл бойынша кәсіпкерлермен бірігіп жұмыс жасау керектігін жеткізді.

Екінші болып есеп берген қаржы бөлімінің басшысы Б.Хайруллаевқа орталық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Жексембиев алда келе жатқан саяи науқан – сайлауға қажетті жабдықтармен сайлау учаскелерін қамтамасыз ету бойынша ұсыныс жасады.

Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы М.Дөненбаевқа Шелек өңіріндегі жайылымдық жердің тапшылығы сезіліп жатқандығы және осы мәселе бойынша жұмыс жасау керектігі тапсырылды.

Баяндама оқыған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы А.Ансатбаевқа ауданға көгілдір отын жүргізу бойынша жұмыстардың шатқаяқтап тұрғандығы айтылды. Бекет Төлегенұлының сөзінше, тұрғындарды газбен қамту баяу жүргізілуде әрі жұмыстың сапасына айтылып жатқан шағымдар көп. Сонымен қатар, қысқа дайындық жұмыстары пысықталды және көпбалалы отбасыларды отын-көмірмен қамтуды назардан тыс қалдырмауды тапсырды.

Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша баяндама жасаған жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б.Искаковқа комиссия мүшелері биыл Есік қаласы бойынша жөнделген жаяу жүргінші жолдарына көңілі толмайтындықтарын жеткізді. Сондай-ақ, қазылған жолдар, көшелерді жарықтандыру, қыс мезгілінде жолдарды тазалау бойынша ескертулер жасалды.

– Абай көшесі – Есік қаласындағы орталық көшелердің бірі. Алайда әлі күнге көшені жарықтандыру жұмыстары жүргізілмеген – деген Гүлсара Егенбаеваға бөлім басшысы бұл мәселе бойынша ұсыныс жасалғандығын айтты.

Отырыс барысында енгізілген ұсыныстар мен ескертулер бойынша мекемелер тарапынан тиісті шаралар қабылданып, күнтізбелік 1 ай көлемінде атқарылған жұмыстар туралы ақпараттарды мәслихат аппаратына ұсыну тапсырылды. Олардың орындалуы тұрақты комиссиялар мен тиісті мекеме басшыларына жүктелді.

 

С.НҰРАДИН

Оқылды 1143 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет