Сәрсенбі, 28 Маусым 2023 16:42

Ақпарат майданының майталмандары

Марқұм жазушы Шерхан Мұртаза айтпақшы, «Жегені – жантақ, арқалағаны – алтын» журналистер халықтың тіршілігінен, әлеуметтік әл-ауқатынан, руханиятынан, қоғамның бүгінгі тынысынан хабар тарататын қалам иелері кәсіби мерекесін атап өтіп, мәре-сәре болатын күн де келді. «Жүргенге жөргем ілінеді» дейді дана халық.  Журналистер де – жолаушы. Өйткені, олар үнемі жол үстінде өткізеді бар өмірін. Олардың жүрген жерінен көрген-білген деректер ілінеді «қоржынына».

Журналист – қоғамдағы жақсылықты жар сала жаңғыртатын, жамандықты жер-жебіріне жеткізетін қаламгер, ақпаратқа толы майданның жауынгері. Жүрген жеріндегі жақсылық пен жамандықты қоғамға айна қатесіз жеткізетін тұлға. Журналист – билік пен халық арасындағы дәнекер. Дәрігер адам жанын арашаласа, журналист адам тағдырын арашалайды. Журналист – халықтың қызметшісі, жоғын толтыруға, барын бағалауға атсалысады.

Қазіргі таңда жалған ақпараттар легі жаңбырдан соң қаулаған саңырауқұлақтай кеңінен тараған заманда журналистер ақпараттың ақ-қарасын ажыратып, халыққа шынайы ақпаратты жеткізумен еленеді. Сол үшін олар бармаған жер, баспаған тау қалмай, дәлелді деректер жинауға, үнемі ізденісте жүреді. Міне, осындай құмырсқаның тірлігіндей тепеңдеп жүруі, бәрі-бәрі – ел игілігі үшін.

Қазақ баспасөзі ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың І жартысы аралығында қалыптасса, аудандық «Еңбекшіқазақ» газеті 1930 жылдың шілде айынан бастап жарық көре бастады. Яғни, бір ғасырға жуық аудан айнасына айналып, халыққа оның тыныс-тіршілігін жеткізіп, қуанышымен бөлісіп, кемшілігі болса, Шерхан Мұртазаша айтқанда, «ұлып айтпай, тіліп айтып», мінді сынап, түзеуге атсалысып келеді. «Еңбекшіқазақ» газетінде қаншама білгір журналистер еңбек етіп, қаншама бас редакторлар басқарып келді. Бәрін тізіп жатпасақ та, қазіргі бас редактор болып көп жылдан бері қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан Хайролла Қасымұлы Ахметжановты айтсақ та жеткілікті. Қаламы қарымды небір журналистер ауданның тыныс-тіршілігінде отымен кіріп, күлімен шығып, халық үшін аянбай қызмет етті. Олардың соңғылары қазір бейнетінің зейнетін көріп отырған Күләш Мадьярова, марқұм Мұрат Нақатаев, Баянды Закиров, тағы басқа да көптеген қаламгерлерді мысалға келтіруге болады.

«Жас келсе – іске» демекші, тағы да Шер ағаның ащы шындықты ашына айтқан «бір кем дүние» жазбасында: «Журналист – это қаранар, но мизерный гонарар» екеніне қарамай, асқан жауапкершіліпен уақытпен санаспай, атқаратын қиын жұмысынан қашпай, журналистика саласын таңдап, «Еңбекшіқазақта» еңбек етіп, еленіп жүрген Сардарбек Нұрадин, Игорь Туранин, Ерзат Асыл, Перизат Әбділ-Әшім, көрші Талғар ауданының жаршысы болып жүрген Перизат Нұрқаева, тағы басқалары редакцияның қара қазанын қайнатып жүрген қарымды қаламгерлер. Сондай-ақ, газеттің күйбең тірлігінен қашпай, компьютерде теруші, беттеуші Майя Акирбаева мен Индира Тоқмұрзаева, есеп-қисаптың маманы Раушан Тасыбаеваларды да атап өткен орынды. Бас редактордың ұстаздығынан тәлім алған көптеген журналистер қазір еліміздің түпкір-түпкірінде еңбек етіп жүр.

«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы айтпақшы, адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, қоғамға газет те сондай қажет.

Журналист – қарапайым һәм нартұлға,

Дайын олар нардың жүгін артуға.

«Жегені – жантақ, артқаны – алтын», ол – рас,

Еңбегін елеп  журналист лайық айтуға.

Гүл шырынынан бал жинаған арадай, тынымсыз тіршіліктен қашпайтын құмырсқадай ақпарат майданында иықтаса, қатар шайқасып жүрген жауынгер әріптестердің төл мерекесі құтты болсын! Қаламымыздан қасиет кетпесін, қалқанымыздан қасірет өтпесін, шабытымыздың шыңына ұшқан құс жетпесін, еңбегіміз еленіп, құрметке бөленіп, жемісі мол ағаштай көктесін!

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 6059 рет

Соңғы жаңалықтар

Нау 06, 2025

Зимние Кубки на пороге весны

На лыжно-биатлонном комплексе «Алатау» в г.Талгаре 21-25 февраля состоялись первенства на…
Нау 06, 2025

Әлемнің мәні – әйелде

Жаймашуақ ғажайып көктемнің сырға толы мерекесі – халықаралық әйелдер күні екені сөзсіз.…
Нау 06, 2025

Білікті басшы, қарапайым әйел

«Отбасының жүрегі, алтын діңгегі – ана» деп бұрынғы даналарымыз бекер айтпаған. Сондықтан…
Нау 06, 2025

Уркыз ИЛИЕВА: «Защита женщин – в…

Более тридцати лет назад в Казахстане стартовало антиядерное движение «Невада – Семей»,…
Нау 06, 2025

Сағызша созылған мектептер құрылысы…

Білім беру саласындағы қордаланған мәселелерді шешу «AMANAT» партиясының күн тәртібінен…
Нау 06, 2025

Жақсылықты ұмытпау – адамдықтың…

Елімізде көктемнің алғашқы күнінде жер-жерде Алғыс айту күні аталатыны белгілі. Кеңестік…
Нау 06, 2025

Аудан әкімі Талғат Байеділовтің …

Құрметті ақжаулықты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен…
Нау 06, 2025

Сібір жарасының алдын алу туралы

Сібір жарасы дегеніміз– зооноз тобындағы, адам мен ауылшаруашылық жануарларға ортақ аса…
Нау 06, 2025

Балалар ойыншығын қалай таңдауға…

Әрбір ата-ана үшін бала денсаулығы бәрінен де жо­ға­ры. Ба­лаға ойыншық таңдау…

Күнтiзбе

« Наурыз 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет