Бейсенбі, 11 Мамыр 2017 12:11

Талғамы биік талант

Сазы сөзі мәңгілік  мағыналы

Атыңнан айналайын халық әні

Қанша тыңдап келсем де бір өзіңді,

Тыңдай алмай келемін қанып әлі – деп ақындарымыз  жырлағандай, халық әндері қаны қазақ, жаны қазақ адамды ешқашан жалықтырған емес. Себебі ұлтымыздың шынайы болмысын боямасыз бойына сіңірген дәстүрлі әндеріміз – әуезді әуендерімен, ұғынықты сөздерімен жаныңа сырлы сезімдер мен рухани күш сыйлайды. Сондықтан болар, әншімін деп жүрген талайлар халық әндерін қарық қылып орындай алмайтынын, айт десе батылдары бармайтынын көріп жүрміз. Оны сахнада орындау – табиғи  таланты мен терең білімі бар және қазақы ұлттық құндылықты бойына сіңіріп өскен әншіге тиесілі. Дәстүрлі әнді дәріптеп, мәдениет саласында аянбай еңбек етіп жүрген  әншінің бірегейі, ауданымыздың бетке ұстар бұлбұлы  Арайлым Мамырбекқызы деп білеміз. Қасиетті ән өнеріне ғұмырын арнаған әнші Қаракемер мәдениет үйінде «Ән ғұмыр» атты шығармашылық кешін  өткізді жуырда.

 

Дәстүрлі әнші, жетігенші, сазгер, Ш.Қалдая-қов, К.Әзірбаев атындағы байқаулардың         лауреаты, мәдениет майталманы медалінің иегері Арайлым Мамырбекқызының ән кеші өте әсерлі, жоғары деңгейде өтті. Залға толған көрермендердің 3,5 сағатқа созылған концертті соңына дейін тамашалауы, үздіксіз соққан қошеметтері, әншіге деген ыстық ықыластары соның бір ғана дәлелі десек болады. Әнші жетіген аспабында күй ойнап, «Қымыз құйғыш», «Шіркін-ай», «Жорғатай», «Ақбаян», «Дүние-ау»  сынды халық әндерін және өзінің авторлық әндерін нақышына келтіріп, шабытпен шырқап, көрермендердің көңілін баурады.

Кеш иесін құттықтап келген өнер адамдары да аз болған жоқ. Атап айтсақ әншінің ұстаздары, өнер майталмандары Фатима Дүйсенбекова, Ағайша Смағұлова, Тұрсынхан Қарақожаева, Нұргүл Жақыпбек   дәстүрлі ән мен эстрада жұлдыздары Қайрат Құдайбергенов, Жасұлан Сақаев, Бейбітгүл Нұрымғожина, Нұртас Қайрат, Назгүл Әбибекова, Айбике Жалелдин өнер жолындағы шәкірттері Сабрина Нуруллаева, Ханшайым Байбосынова, Ералы Сәли, Рамина Әміртаева, «Інжу-маржан» әжелер ансамблі, «Көркем-ай» би тобы өз өнерлерін ортаға сап, кештің мәні мен сәнін арттырды.

Концерт барысында сан қырлы Арайлым Мамырбекқызының ақындық қабілетінен де хабардар болдық. Арқалы ақын, дүлдүл айтыскер Даубай Әбдісаев әншінің жүрегінен шыққан жыр жинақтары «Ән ғұмыр» атты кітабының тұсауын кесті сахнада. Даубай ақын өнер иесін шығармашылық кешімен құттықтап, ақынға қара сөзден өлең оңай дей келе:

Жақсылық шықсын әркез қарсы

 алдыңнан,

Ел-жұртың аман болсын ән салдырған.

Әсем әннің көгінде қалықтай бер,

Салған әнің талайды тамсандырған.

Алаулап әннің шоғын үрлегесін,

Өлеңнің өрнектей бер күнде көшін.

Жалғыз Алла жар болып қайда

жүрсең,

Қаяу түсіп көңілің кірлемесін.

Күнде күлкі кетпесін жанарыңнан,

Жалынды жыр төгілсін қаламыңнан.

Жаныңа жігер беріп ақ батамыз,

Асулардан аса бер сан алуан.

Жарқырайды өнерден отың әлі,

      Мойындайды мықтының

шоқылары.

      Сендей қызды өмірге алып келген,

      Киелі ғой Семейдің топырағы.

Ән дегенде өртенді, күйіп кеуде,

Сыбаға жеп, сый алдың сүйікті елден.

Бала-шаға, отбасы аман болып,

Көріне бер қалықтап биіктерден – деп  тілегін өлеңмен жеткізді. Кейіннен ауылдың ардақты анасы Көкен Өтегенова әнші қызға ақ батасын берді. Кеш соңында Арайлым Мамырбекқызы: – Мен осы кешімнің өтуін көп уақыттан бері армандадым, дәл қазір қуаныштан төбем көкке екі елі жетпей тұр. 20 жыл бойы сахнада жүрген еңбегім бүгін сараланды, халқыма есеп бердім деп түсінемін. Жанашыр қолдайтын халқы болмаса әнші ешкім емес, бүгін маған осындай үлкен қолдау көрсетіп келген Сіздерге мың да бір рахмет. Ауылымыздың өркендеуіне өлшеусіз үлесін қосып келе жатқан Зағипа Балиеваға өз атымнан, ауыл тұрғындарының атынан шексіз алғысымызды білдіреміз – деп әнсүйер халыққа ақжарма ойын ақтарды.

Ринат НАРХАНОВ.

 

Оқылды 3206 рет

Соңғы жаңалықтар

Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Когулов Аскар Турсбекович 1983 жылы 26 маусымда Еңбекшіқазақ ауданында Бижанов…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Шынғожа Айбарұлы Тикельдиев, 1991 жылы 28 тамызда Еңбекшіқазақ ауданы Қазатком…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Тойғанбеков Бақберген Бауыржанұлы 1988 жылы 21 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы …

Мен, Сарсембеков Нұрбек Жұматайұлы 1 қыркүйек 1977 жылы Алматы облысы, Шелек ауданы,…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы …

Мен, Мухадиев Құдайберген Әкімханұлы 1982 жылы 21 тамыз күні дүниеге келгенмін. 2000-2004…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Сөгеті ауылдық округінің тұрғындары. Мен Дулатов Арман Бакытович, 1971 жылы 14…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Асимахынов Дастан Сайлаубайұлы, 21 қаңтар 1990 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Кеген…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Асимахынов Дастан Сайлаубайұлы, 21 қаңтар 1990 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Кеген…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Байтилеуов Айдын Сарсенбаевич, 1992 жылы 27 мамырда Еңбекшіқазақ ауданы, Есік…

Күнтiзбе

« Тамыз 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет